Егемкулов нурлыбай аликулович


Сүт өндеу жабдықтары түрлері. Ферма сүт зертханасы. Сүт- сауын блоктары



бет40/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102
Сүт өндеу жабдықтары түрлері. Ферма сүт зертханасы. Сүт- сауын блоктары.

  • Сүт зертханасының сипаттамасы. Сүттің алғашқы зерттеу және өңдеу негіздері (сезімдік және кейбір зертханалық әдістер)



    Фермадағы сүтхана. Сүттің санитарлық-гигиеналық сапасы сауу жабдықтары мен сүт ыдыстарының тазалығына, сүттің сақталатын орны мен оны алғашқы өңдеуге де байланысты.
    Сүт өндіретін жеке шаруашылық фермаларында сүтхананың үш типі болады:
    1) бір қора сиырдан сауылған сүттi өңдейтін сүтхана сол кораның ішіне орналасады. Оның шағын бес бөлмeci болады. Мұнда сүттi сүзеді, салқындатады, кейде сүттi сепаратордан өткізіп, қаймағын алады. Сауу аппараттары мен сүт ыдыстарын жуып және залалсыздандыру жасайтын бөлімшесі болады;
    2) бірнеше қорада тұрған сиырлардан сауылған сүттi өңдейтін сүтхана сиыр қораларының жанында оқшау үйде орналасады. Оның 8 бөлмесі болады. Мұның тұрған жері қора ішінде орналасқан сүтханадан әлдеқайда үлкен болады. Мұндай сүтханада сүттi алғашқы өңдеуден өткізуге, сақтауға, кейде тіпті пастеризациялауға да болады;
    3) сүтхананың үшінші типі – кішігірім сүт зауыты, мұнда сүтті алғашқы рет өңдеумен қатар, кейбір сүт өнімдерін – қаймақ, ацидофелин, ірімшік, сары май, т.б. дайындайды.
    Сүтхананың сүт өңдейтін және сақтайтын бөлмелерін, ыдыс жуатын бөлмелердің төбесін, қабырғасын сылап, ішін әкпен әктейді және еденнен бастап 2 м биіктiккe дейін сырлайды. Едені су өтпейтін бетоннан немесе тақтайшадан (плитка) төселеді, оның лас су ағатын шұңқыры болады. Таза судың бөлме ішінде болғаны жақсы.
    Сүтхананың жабдықтары: сүт салқындатқышы, егер каймақ өткізетін болса — сепараторы, сүттi бірден сату дүкеніне өткізетін немесе сауын сиырларының арасында жұқпалы аурулар болған жағдайда – пастеризаторы, таразысы немесе сүт өлшеуіші болуы керек. Бұдан басқа сүттің майлылығын, тазалығын, тығыздығын, қышқылдығын және желінсау сиырдың сүтінің бар-жоғын анықтау үшін кepeктi жабдықтар болуы керек:
    — зертханалық үстел;
    — ыдыстар мен реактивтер қоятын шкаф;
    — ішінде 24 ойығы бар сүт центрифугасы;
    — сүттің тазалығын анықтайтын Рекорд аппараты және оның сүзгіштері;
    — редуктазник;
    — сүттің орташа үлгісін алатын металл түтік;
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   102




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет