Егемкулов нурлыбай аликулович


Диеталық және балалар тағамының құрғақ өнімдері



бет37/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Диеталық және балалар тағамының құрғақ өнімдері

Балалар тағамы мен диеталық тағамдардың құрғақ өнімдері құрамында қант пен крахмал болатын, сүтті негіздегі қоспасы бар дәндідақылды немесе көкөністі ұнтақтардан тұрады. Сүтті негіз ретінде құрғақ сүт пайдаланылады. Оларды таза, немесе сүт негізіне қант пен крахмал қоспасы ретінде шығарады.Ал кептіруге дейін өсімдік майларымен, майда еритін витаминдермен және минералды тұздармен байытылады.


Диеталық және балалар тағамының классификациясы және тағамдық құндылығы. Балаларға ерте жасынан бастап тағамдық құндылығы жоғары өнімдерді беру қажет. Мысалы, барлығымызға белгілі сиыр сүті майекті фермент әсерінен асқазанда тығыз қойылтпақ болып ұйып, алғашқы өмір аптасында асқазан-ішегімен тез қорыталмайды.
Сиыр сүтінің казеинінің ұсақ, нәзік қойылтпақ түзуі нәтижесінде баланың ағзасына сүттің толық сіңуін қамтамасыз етеді. Мұндай қоспалар ретінде дәнді-дақылдардың, жармалардың қайнатындысын немесе арнайы, осы дақылдардан дайындалатын ( диеталық) ұнын қолданады. Жарма ұндарына қарағанда жарма қанатындысының тағамдық заттарды адам ағзасына сіңіу алдындағы дайын болатындықтан, ерте жастағы балалар үшін жарма қайнатындысы қосылған сүт қоспалары дайындалады.
Ал диеталық ұн қосылған өнімдер тек 3 жасқа толған балаларға ұсынылады.
Диеталық және балалар тағамына арналған құрғақ өнімдер құрамы мен қолданылу аясына байланысты жеті топқа жіктеледі.
Бірінші топқа дәнді - дақылдардың қайнатындысы қосылған, сүттен дайындалатын өнімдер жатқызылады. Бұл қоспалар екі аптаға толған кішкентай балаларға арналған.
Екінші топтағы өнімдерге диеталық ұн қосылған сүтті тағамдар қоспасы жатады, олар 3 айдан асқан балаларға арналған.
Үшінші топқа сүтті ботқаларды жатқызуға болады. Мұндай тағамдар 5 айға толған балаларға ұсынылады.
Төртінші топқа сүтте немесеұнтақталған жеміс-жидектермен дайындалған кисельдер жатады. Оларды 6 айға толған балаларға беруге рұқсат етіледі.
Бесінші топтағы өнімдерге диеталық ұндардың бірнеше түрлері жатқызылады. Мұндай өнімдерден үй жағдайында әр-түрлі ботқалар мен қоспалар дайындауға болады.
Алтыншы топқа дәруменделген (В, В2 және РР дәрумендер қосылған қоспа) ұндарды жатқызуға болады. Бұл тағам түрлерін 6 айға толған балаларға беруге және диетикалық тамақтануға рұқсат етіледі.
Жетінші топқа ұнтақ тәріздес көкөніс сорпалары жатады. Оларды 9 айдан асқан балаларға беруге рұқсат беріледі. Диеталық және балалар тағамындағы құрғақ өнімдердің атаулары тобына, қайнатындысының немесе ұнның атауына байланысты қойылады. Мысалы: «Күріш қайнатындысы қосылған сүтті қоспа», «Сүтті кисель». Мұндай тағамдардың этикеткасында «Балаларға және диеталық тағамдар үшін» деген жазу болуы тиіс. Сондай-ақ аталған өнімді қолдану әдістері де жазылуы қажет.
Сиыр сүтіне жармақайнатындысын немесе диеталық ұндарды қосу нәтижесінде жоғарыда айтқандай казеиннің сіңу дәрежесін арттырады. Бірақ та құрамы бойынша ана сүтін алмастыра алмайды. Сиыр сүтіндегі ақуызды, майларды және көмірсулардың қатынасын ана сүтіндегідей нормаға келтіру үшін, сиыр сүттінің құрамындағы майлар мөлшерін өсімдік майын құйып және көмірсуды көбейту арқылы жасауға болады.
Сонымен қатар қоспаға майда және суда ерігіш витаминдер мен минералды тұздарды енгізу қажет. Нәтижесінде арнайы сүтті негіз дайындалады. Арнайы дайындалған сүт қоспасы негізінде сүтті қоспалар дайындалады.
Олардың топтық атаулары болады. Мысалы: «Малыш», «Сұлы ұны қосылған сүтті қоспасы Малыш». Арнай дайындалған сүт негізінде сүтті қоспалар жасалады да оған қосылатын құрғақ заттың атауына байланысты аты жазылады. Мысалы сүтті қоспалардың негізгі компоненттерінің бірі – ол диеталық ұн.
Диеталықұн арнайы өңдеуден өтеді. Дәл осындай сүтті негізінде «Малютка» сүт қоспасы дайындалады. Оның құрамында диеталық ұнның орнында декстрин – мальтоза кіреді. «Малыш» және «Малютка» сүтті қоспаларын жоғарыда келтірілген жіктелуының бірінші тобына жатқызуға болады.«Малютка» қоспасын сәбидің алғашқы күндерінен екі айға толғанша қолдануға болады, ал «Малыш» қоспасын сәбидің бір айлық кезінен бастап алты айға толғанға дейін қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет