Малдарға, құстарға және үй қояндарына қойылатын мемстандарт талаптары. Әртүрлі тапсыру- қабылдау ережесі.
Тірі салмақ және қоңдылық-сойыс малдар сапалылығының негізгі көрсеткіші, өйткені олардан ет шығымы және еттің тамақтық құндылығы тікелей байланысты. Қоңдылықты көптеген нышандарды пайдаланып анықтайды, олардың ішінен ең негізгілері -дене пішіні, бұлшық еттерінің дамуы, тері астындағы шоғырланған май барлығы. Малды сырт қарағанда дененің пішінін, арқа және іш сызығының дұрыстығы, жауырын және сандарының бітімі, бұлшық етінің дамуы бағаланылады. Малды ұстап қарағанда, денесінде май қабаты барлығы және оның түгелдей дене бойлай таралуын анықтайды. Май байланылған мүшелер учаскесіндегі тері қашанда жылжымалы болады,
Ауылшаруашылық малдарының көптеген түрлерінде қоңдылығы жоғарлаған сайын, май байлану құйрығының негізінен бастап біртіндеп шонданай төмпесі, құйымшақ, әрі қарай бел, арқа, қабырғалар, санның ішкі жағы, тізе бүкпе және т.б. мүшелерге жайылады. Жас малдар денесінде бүлшық еттер анағұрлым жақсы, ал тері астындағы май ежөптәуір аз дамыған.
Сурет 9 - Ірі қара малдың қоңдылығын анықтайтын мүше учаскелері. 1-шонданай төмпесі; 2-құйрық негізі; 3-сербек, жамбастың қалақ басы мен шонданайдың сыртқы қанатының түйіскен жері; 4-белі; 5-соңғы қабырғалар; 6-щуп, шапмай; 7- әукесі (кеуде асты).
Ірі кара мал қоңы (МЕСТ'-5110 -55). Жынысы және жасына байланысты ірі қара мал төрт топқа бөлінеді: сақа мал-өгіздер және үш жастан жоғарылар, жас мал- жынысына қарамай, жасы үш айдан үш жылға дейінгі (екі пар тұрақты күрек тісі бар), бұқашықтар, бұзаулар - жасы 14 күннен үш айға дейінгі. Сақа және жас малды қоңына байланысты үш категорияға бөледі, мұнда төмендегідей талаптар қойылады.
Жоғары қоңды сақа және жас малдың (төменгі шектер) дене бітімі дөңгелек жұмыр, бұлшық еттері жақсы дамыған, сербек және шонданай төмпесі дөңгелек жұмырланған, арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы шығып тұрмайды. Одан басқа, сақа малды ұстап қарағанда құйрығының негізінде, шонданай төмпегінде, сербегінде және соңғы екі қабырғасында май байлануы жақсы білінеді. Өгіздің ұмасы үлкейген және ұстап қарағанда шымырлы. Жас мал денесінде тері астында жұқа қабаттылау байланған май құйрықтың негізінде, шонданай төмпегінде және тізе бүкпелерінде (шапмай) байқалады.
Орташа қоңды сақа және жас малдың дене бітімі біршама бұрыштылау, бұлшық еттерінің дамуы қанағаттанарлық, сандары жеңілдеу тартыңқы, арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы, сербегі және шонданай төмпешігі аздап шығыңқы. Ұстап қарағанда сақа мал денесінде май байлануы құйрық негізінде және шонданай төмпегінде білінеді, шап май нашарлау толған. Өгіз ұшасында май навдар шоғырланған және ұстап қарағанда жұмсақ.
Жас малдың саны жинақылап тартылмаған, тері астында май байлану құйрық негізінде болады, әйткенмен ұстап қаралынбайды.
Қоны төмен сақа және жас малдың дене бітімі бұрыштылау, бұлшық еттерінің дамуы қанағатсыз, арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы, сербегі, шонданай төмпешігі және шоқтығы шығып тұрады. Ұстап қарағанда тері астындағы май байлануы аздаған учаскелер түрінде шонданай төмпешігінде және белінде білінеді, немесе устауға ілікпейді де. Өгіздің ұшасы тартылған, тыржиған түсті болады.
Бұқалар қоңына қарай екі категорияға бөлінеді: бірінші және екінші болып.
Бірінші категориялы бұқалардың дене бітімі дөңгелек жүмыр, бұлшық еттері жақсы дамыған, бөксесі айтарлықтай енді, арқасы, белі, кеудесі, сандары және жауырыны толыққан. Ұстап қарағанда тері астында май байлану байқалмайды.
Екінші категориялы бұқалардың дене бітімі біршама бұрыштылау, қаңқа сүйектері аздап шығыңқы, бұлшық еттерінің дамуы қанағаттанарлық, жауырындары сәл ғана тартылған, кеудесі, арқасы белі жөне бөксесі енді емес.
Бұзауларды да қоңына байланыстырып екі категорияға бөледі: бірінші және екінші.
Бірінші категорияға, тірі салмағы 30 килограмнан кем емес, ауыз қуысының кілегейлі қабығының түсі ақшыл, ия болмаса сарғыштау, бұлшық еті жақсы дамыған, жүні тегіс, сүт еметін бұзаулар енеді. Ұстап қарағанда арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы сәл білінеді.
Екінші категориялы бұзаулар тобына, қосымша азық алғандар, соның барысында ауыз қуысының кілегейлі қабықтары қызылдау тұстес, бұлшық еттері қанағатты дамыған, арқа және бел омыртқаларының омыртқа сабағы біршама шығып тұрған бұзаулар жатады.