Егер сыныпта церебральды сал ауруы бар оқушы болса Бұлшықет тонусы жоғары немесе төмен болған жағдайда оқушыға дұрыс жиһазды таңдау маңызды.
Қимыл-қозғалыс бұзылулары бар оқушының мектепте, сыныпта, басқа үй-жайларда өзіне ыңғайлы тәсілмен қозғалуға; оның қозғалу мүмкіндіктері жеткенше сөйлеу және жазу мүмкіндігі болуы керек.
Көбінесе оқушы үшін тоникалық рефлекстердің әсері ең аз болатын тұрақты қалыпта болу маңызды.
Балаларда қозғалыс сипатындағы айқын проблемаларының болуы еліктеу әрекеттерін, пассивті-белсенді және бірлескен әрекеттерді қолдануды, балалардың іс-әрекетінің ерекше мазмұнын ойластыруды қажет етеді.
Егер сыныпта зияткерлік бұзылулары бар оқушы болса Сабақ материалын оқушының тәжірибесі мен күнделікті өмірімен барынша байланыстырыңыз.
Жаңылыстан аулақ болыңыз, тақтаны таза етіп қалдырыңыз.
Тапсырмаларды орындау кезінде қосымша практика беріңіз.
Тапсырмаларды ДМШ оқушының деңгейіне сәйкес болатындай етіп бейімдеңіз, тапсырманы қысқа бөліктер мен оқу тапсырмаларына бөліңіз, басқа оқушылардан оған көмектесулерін сұраңыз.
Егер оқушы жағымсыз әрекеттерді назар аудару үшін жасаса, бұған көңіл бөлмеңіз.
Мінез-құлық қалаулы деңгейге сәйкес болған кезде оны мақтаңыз және көңіл бөліңіз.
Егер сыныпта СДВГ бар оқушы болса (назардың жетіспеушілігі және гиперактивтілік синдромы): Мұндай оқушыға оған деген оң, сабырлы және дәйекті көзқарас қажет;
Анық, нақты нұсқаулар беру; нақты ырғақты, құрылымды, ұйымдастыруды сақтау маңызды;
СДВГ бар оқушы үшін сыныптағы ең жақсы орын – қабырғаға және мұғалімнің үстеліне жақын орналасқан орын;
Мұндай оқушыға қозғалуға мүмкіндік беретін қосымша тапсырмаларды жиірек беріңіз (дәптерлер жинау, материалдар, қағаз парақтары тарату және т.б.)
Егер сыныпта аутизмі бар оқушы болса Оқушы жалғыз өзі қала алатындай тыныш, оңаша орын дайындау қажет. Оқушы сыныптан шыға алуы керек, ол өзімен бірге сүйікті затын алып жүре алады, бірақ сонымен қатар бұл басқа оқушыларды алаңдатпайтындай тырысу керек. Мұндай оқушыға соңғы партада отырған жөн, онда ол біртіндеп айналасындағы жағдайға үйренеді.
Оқушыға сынып бөлмесін өз бетінше зерттеп көруге мүмкіндік беру маңызды.
Оқушымен байланыстарды мөлшерлеу керек, себебі зерігу пайда болуы мүмкін – мұндай жағдайда тіпті жағымды жағдай оқушы үшін ыңғайсыз болады және қол жеткізілген нәрсені бұзуы мүмкін. Оқушымен қарым-қатынас тыныш дауыспен жүргізілуі керек, кейбір жағдайларда, әсіресе егер оқушы абыржып тұрса, тіпті сыбырмен жүргізілуі керек. Оқушыға тікелей қарап, оқыс қимылдардан аулақ болу керек. Оқушыға тікелей сұрақтар қоймаған жөн немесе ол бас тартқан жағдайда тапсырманы орындауды жалғастыруды талап етпеген жөн. Мұғалім мен ассистенттің киімдері күңгірт түсті болуы керек және оны ауыстырмау керек – бұл оқушыға оған үйренуге көмектеседі.
Аутизмі бар оқушы ересек адамның үнемі қолдауын, әлеммен одан да белсенді және күрделі қарым-қатынасқа көшу үшін оның қолпаштауын қажет етеді. Мұнда оқушының көңіл-күйін сезіну, оның мінез-құлқын түсіне білу қажет. Жұмыс барысында аутист оқушының мінез-құлқында түзету жұмыстары кезінде сүйену керек стимулдар анықталады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Тьюторское споровождение детей с ограниченными возможностями здоровья в образовательных организациях, реализующих инклюзивную практику. – Ресурсный центр по развитию инклюзивного образования Мурманской области. – Мурманск, 2017. – 34 б.