Мақсаты: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету; - жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту; - жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар? Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.
«Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. Ескерту белгілері - жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
«Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың. Тыйым салатын белгілер. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады .
«Нұсқау белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
Жаяу адамның міндеттері. 1. Жаяулар тратуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруі тиіс. 2. Жолдан өтіп бара жатқанда жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққ қарау керек. 3. Жарқылдақ маягі және арнаулы дыбыс белгісі қосылған көлік жақындағанда жаяулар жолдан өтпей тоса тұруы керек. 4. Қараңғыда жүргізушілер көлік айдап бара жатқанда, жаяу адамдар үстіне жарық қайтарғыш тағып алу керек.