Орындаған: Асылхан Адель Тобы: 201А фармация Тексерген



бет1/4
Дата19.11.2023
өлшемі408,44 Kb.
#124929
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ





РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Стоиктер мен эпикуршылардың этикалық көзқарастарын салыстыру.


Орындаған:Асылхан Адель
Тобы:201А фармация
Тексерген:Оразхан Т.О.
Алматы,2023жыл
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім


1.
2.
3.
4.
5.
6.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе


Стоицизм (ағылш. Stoicism) — ежелгі Грекия мен ежелгі Римде дәурендеген философия мектебі. Стоиктер эудаймонияға (Бақытқа), яғни бақытты тұрмысқа, өркендеген өмірге жету үшін ізгіліктәжірибесі жеткілікті деп есептеді. Пантеизмдінегіз ететін Стоиктер бақытқа жету жолы ретінде күнделікті өмірде даналық, батылдық, тежем және әділеттілік сынды мәлім ізгі қасиеттерді басшылыққа алу, табиғатқа сай болу, ішкі тыныштықты сақтау, қолдан келмейтін істерге енжарлық, ал қолдан келетін істерге энергия мен зейінді толық бағыштау деп есептеді. Оны алғаш ежелгі Афина агорасында біздің дәуірімізге дейінгі 300 жылдары Китийлік Зенон (шамамен бзд. 334 – бзд. 262) негізін қалаған.

Стоицизмнің Зеноннан басқа негізгі өкілдері Марк Аврелий, Эпиктет, Сенека және басқалар. Кейінгі көптеген философиялық ілімдер ғана емес, көптеген орташығыстық діндердің де этика туралы түсініктері стоицизмнің ықпалына терең ұшыраған. Қазіргі заманда стоицизм ережелері жаңа ағымдарға әсер етіп қана қоймай, ерекше бір тұрмыс стилі ретінде әлі де ұсталады, дәріптеледі.




Жалпы түсінік
Стоицизм (грек stoa портик, ғимарат: Афины портигі-(Бейпелістоидің) атынан шыққан стоиктердің филос мектебі) -- Эллин мемлекетімен Рим империясының гулденген дәуірінде адамның ішкі тәулсіздігі мен дербестігін философия тұрғыснан түсіндірмекші болған эллиндік және рим философиясындағы басты бағыттың бірі. Сондықтан С.ілімінде этика мәселесі негізгі орын алды.
С.төрт кезеңен тұрады 1-кезең (б.з.б 3-2) 2-кезең (б.з.б 2-1 ғ.) Платон іліміне сүйенеді; 3-кезең (б.з 1-2 ғ.) Сократтың іліміне жандандыруға бағытталған кезең; (б.з -2 ғ .); - неоплатонизімнің даму кезеңі. С. философияны тұжырымдай келіп оны логикаға, физикаға, этикаға бөлді. Логикада олар танымның сезімдік теориясын дамытты. Кез келген ілім сезім арқылы қабылданып, адам ойының елегіне түседі.Содан барып жалпы ұғым мен пайымдау шығады. Дүниені тану процесі жан арқылы іске асады, ал жаның өзі ерекше дүние, ауа мен оттың қосындысы дейді. Бірақ С-нің өкілдері материя құдайға қарағанда дәрменсіз деп есептеді. С дүниенің бәрін қажеттілікке мәжбүр етіп, адамдарды тағдырдың өміріне бағындырды.
C-нің идеалистік этикасының негізі тағдыры мен сыртқы күшке бас иіп, өмір рахатынан бас тарту. Стоиктер сөз және сөйлеу мен ойлаудын бірлігі жайындағы ілімнің біртұтас жүйесін жасаған. Олардын ілімі жалпы философиялықтұжырымдарга негізделген, олардын пікірінше, сөз туралы ілім (логос) философияның біртұтас әлемдік парасатты күшін білдіреді, ол өмірдін материалдық және рухани жақтарын тұтас алып қарастырады. Логосқа жету үшін білім үш кұрамнан түруы керек: логика, физика, этика. "Логика" терминін логостын ішкі және сырткы жактары туралы ілімнін атауы ретінде бірінші рет стоиктер енгізген.
Логика өз ішінде диалектика мен риторикаға бөлінген. Диалектика — "дұрыс ойлау (пайымдау)" туралы ғылым, риторика — "нақыштап сөйлей білу" туралы ілімнін таңбалық сипатына (таңбалаушы — танбаланушы) негізделген. Бірақ бұл ұғымдардын шекарасын нақты айыру қиын, себебі стоиктер сөз таптары туралы (сөздін формасы мен жасалу жолдары) ілімді "таңбалаушы", ал грамматикалык категориялар туралы ілімді "таңбаланушы" ретінде қарастырған. "Таңбалау" және "таңбалану" теориясын жасагандықтан, стоиктерді тілдін семиотикалық теориясыныннегізін салған деуге болады.
Стоиктердін пікірінше, үш зат өзара байланысты: таңбалаушы, таңбаланушы және объект. Таңбалаушы — дыбыс. Үш заттын екеуінін дүниелік, заттық сипаты бар, ал біреуі сөзді, сөйлеуді білдіретіндіктен, заттық емес, онын шындықты білдіруі де, жалған болуы да мүмкін.
Стоиктер есім мен етістіктін біркатар грамматикалық категориялары туралы ілімді бастады, олардын кейбіреуі (мысалы, септіктуралы) кейін еуропалық грамматикалық еңбектерге өзгеріссіз қабылданды. Аристотельден ауысып алған "септік" термині, стоиктердін түсіндіруінше, есімнін кез келген формасын білдіреді. Етістік шақтары туралы ілімінде көне грек етістіктерінің негізгі шақтық мағыналары мен формалары жіктеліп берілген.
Стоиктер еуропалык синтаксис дәстүрінін негізін калаған, "Синтаксис" терминін алғаш рет еңгізген. Логос туралы жалпы ілімнін шенберінде олар синтаксисті ең алдымен логика мец риторика тұрғысынан қарастырған. Олардын негізгісі — предикаттардын түріне, сөйлеу мақсатына қарап жасаған топ- тастырулар. Стоиктерде "баяндауыш", "предикат" терминдері осы күнгі мағыналарына жуық қалыптасқан. Стоиктер еуропалық тіл ғылымындағы құрмалас сөйлемдер теориясын жасады.
Сөз бен ол білдіретін зат арасында "табиғи" байланыс тұрғысынан карап, этимологияға көгі көңіл бөлді, бірақ олардын этимологиялық ізденістері көбінесе жалған болып шықты.
Стоиктер ілімі Александриялық мектеп пен тіл туралы көне Рим ғылымының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.
Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардын жиналатын ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уакыт өмір сүрген. Оны Кене Стоя (3-2 г.г.), Орта Стоя (2-1 г.г.), Сонгы Стоя (1- 2 г.г.) деп үш уакытқа бөледі. Көне жэне Орта Стоя мектебі екілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған. Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктілер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер - бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сйәкес өмір салтын ұстайды. Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажеттіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналығымызда болса, онда ақыл ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру- ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады. Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуіне, рухани өмірдің тайызданып, азғындауына, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысына сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек. Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр-түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің "ортаңғы жолын қатты сынға алады. Ақыл- ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама- қарсы жатқан қумартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл- ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан, адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету (apatia- самарқаулық). Соңғы стоиктер оны даналық - София - дейді. Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ адам - өйткені, - ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар - халықтың көпшілігін құрайды. Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, көңіл аудармау керек. Сондықтан, тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені, ол адамның жан-дуниесін түтіндетүі мүмкін. Бірақ, адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай, адамның жан-дүниесінің тыныштығын бұзып үне бойы зардап әкеле берсе - ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп бұл Дүниеден кетуі. Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы оттан пайда болып, уақыты өткеннен кейін лаулаған Дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол-мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарасты тудырады (fatum,-лат. сөзі,-тағдырға сену).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет