Әйелдердің жыныс гормондары 1 Әйел жыныстық гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттеу



бет4/6
Дата11.12.2022
өлшемі77,8 Kb.
#56409
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әйелдердің жыныс гормондары (1) (2)

Етеккір циклі

Әйелдердегі етеккір циклі гипоталамус, гипофиз және аналық бездердің күрделі өзара әрекеттесуімен байланысты. Қалыпты жағдайда әйелдерде етеккір циклінің ұзақтығы 25-тен 35 күнге дейін өзгеріп отырады (орта есеппен 28 күн). Етеккір фолликулалық фазаға, лютеинді фазаға және етеккірге бөлінеді. Осы кезеңдерде әйел жыныс гормондарының түзілуі мен секрециясы күрт өзгереді

Фолликулалық фаза

  • ФСГ әсерінен фолликулалардың тек біреуі ғана ұлғая бастайды. Фолликулалық фазаның бірінші аптасында эстрадиолдың мөлшері төмен болып қалады, бірақ содан кейін фолликула ұлғайған сайын оның қандағы концентрациясы арта бастайды.
  • ЛГ (ФСГ) шыңына дейін 24 сағаттан соң эстрадиол деңгейі максимумға жетеді және сезімталдықты арттырады, яғни гонадолиберин әсеріне гипофизді сезімталдандырады. Бұдан кейін ЛГ және овуляция шығарылады. Фолликулалық фазада прогестеронның мөлшері аз болады.

Лютеинді фаза

  • Овуляциядан кейін жарылған фолликуланың жасушалары лютеинизацияланады және сары денені құрайды –бұл лютеинді фаза гормоны - прогестеронды шығара бастайтын құрылым. Ол имплантацияланған бластоцистің дамуы үшін қажет. Бастапқы сатыларында сары денені сақтау үшін ЛГ болуы қажет, ал гипофиз оны шамамен 10 күн ішінде шығарады. Егер ұрықтанған жұмыртқа жасушасы имплантацияланса (22-24 күнде), ЛГ функциясын адамның хорионды гонадотропині (АХГ) атқарады.

АХГ – плацентарлы гормон, химиялық құрылымы бойынша ЛГ-ға өте жақын. Ол плацентаның өзі прогестеронның көп мөлшерін шығара бастағанға дейін сары дененің көмегімен прогестерон синтезін үзбей ұстап тұрады. Ұрықтанған жұмыртқа жасуша имплантацияланбаған жағдайда, яғни АХГ болмағанда сары дене деградацияланып, етеккір басталады.

  • АХГ – плацентарлы гормон, химиялық құрылымы бойынша ЛГ-ға өте жақын. Ол плацентаның өзі прогестеронның көп мөлшерін шығара бастағанға дейін сары дененің көмегімен прогестерон синтезін үзбей ұстап тұрады. Ұрықтанған жұмыртқа жасуша имплантацияланбаған жағдайда, яғни АХГ болмағанда сары дене деградацияланып, етеккір басталады.
  • Эндометрия қабылдамағаннан кейін жаңа цикл басталады. Лютеинді фаза 14 + \-2 күнге созылады. Барлық жағдайларда цикл ұзақтығының ауытқуы фолликулалық фазадағы айырмашылықтарға негізделген.
  • АХГ жұмыртқа жасушасының имплантацияланғаннан кейін бірнеше күн өткен соң анықталады, ол жүктілікті ерте диагностикалау үшін қолданылады. Бұл гормон мөлшерінің максимумы бірінші триместрдің ортасына дейін жетеді, жүктіліктің қалған кезеңдерінде біртіндеп төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет