Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет105/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ
ӨНЕР ТҮРЛЕРІ:
сәулет өнері (архитектура);
кескін өнері (живопись);
- мүсін өнері (скульптура);
- әуез өнері (музыка);
сөз өнері (әдебиет)
ӘДЕБИЕТТАНУ САЛАЛАРЫ:
Әдебиет теориясы
Әдебиет тарихы
Әдебиет сыны
Әдебиеттану филология ғылымының бір саласы. Көркем әдебиеттің түп төркінін, мән-маңызы мен даму үрдісін, сөздік-бейнелілік ойлау ерекшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғаты мен қызметін, әдеби мәтіндегі күллі көркемдік компоненттерді зерттейін ғылым.
Салалары:
Әдебиет теориясы - әдебиеттің қоғамдық өмірмен байланысын ашатын идеялық, танымдық, ұлттық және жалпыадамзаттық сипаттарына назар аударып, көркем шығарманың құрылымы мен бітімін, мазмұны мен түрін, көркемдігі мен бейнелілігін, көркемдік әдіс пен жанрлар табиғатын зерттейді.
Әдебиет тарихы _ әдеби даму үрдісі арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамудағы маңызы мен мәнін айқындайды, қаламгер шығармашылығын қарастырады.
Әдебиет сыны - көркем туындыны және онда бейнеленген шындықты талдап, бағалауға негізделген сала.
Ажарлаудың түрлері:
Эпитет;
Теңеу;
Ассонанс;
Аллитерация;
Эпитет (айқындау) - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын
айқындайтын, анықтайтын сөз.
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)
• Белгілі бір құбылысты көз алдына елестету үшін бейнелеп айтылатын сөз: (Эпитет)

  • "Қас батырдан қорқақ туады,

Қас шеберден шорқақ туады,
Қас жорғадан жортақ туады, " - деген үзіндідегі бағалай сөйлеудің жасалу жолы: (Тура мағыналы сөздерден туындаған)
• "Қылшанымды сары жүн оққа толтырып
Жанға сақтау болған жұрт…" (Қазтуған жырау) деген үзінді: (Эпитет)

  • "Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран сапар деп," _ деген Қазтуғанның өлеңінде кездесетін көркемдегіш тәсіл: (Эпитет)
Алдағы алтын құрыш болат,
інныйып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар. деп. (Қазтуған жырау) Үзіндіде кездесетін көркемдегіш күрал: (Эпитет)
• Абай ойлап тапқан фразеологизмдер: (Нұрлы ақыл, ылаң ой, саңырау қайғы, ызалы жүрек)
• Абайдың "шоқпардай", "бүркіттей" деген екі теңеуден басқа түгел эпитеттер арқылы өрнектелген өлеңі: ("Аттың сыны")
• "blsanы журек, долы қол,
Уты сия, ащы тіл. " Абайдың осы өлең жолдарындағы көркемдегіш құрал; (Эпитет)
• "Қолыма от сиялы қалам алдым, " - дегендегі көркемдеу тәсілі: (Эпитет)
"Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп, " - деген Абай өлеңіндегі эпитеттер: (Жарық ай, терең сай)
• "Піскен алма секілді тәтті қызды, " - деген (Эпитет)
• Алтын Күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым - жүйрік желді сағындым,
Асау тайдай еркелетіп өсірген
Ағайынды, туған елді сағындым. (М. Жұмабаев «Сағындым»). Берілген үзіндідегі
көркемдік тәсілдер: (Эпитет, теңеу)
• Жасық адам Жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам Жасына жетпей марқаяр. Мақалдағы асты сызылған сөздердің көркемдік әдісі: (Эпитет)
Жайнаған туың жығылмай,
Жасқанып жаудан тығылмай,
Жасаулы жаудан оұрылмай,
Жау жүрек жомарт құбылмай… (Абай)
шығармадағы біркелкі дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Аллитерация
• "Аллитерация" термині: (Латын сөзі); Латын тілінен алынған "Аллитерация" терминінің мағынасы: (Дыбыстас)
• Аллитерация сөзінің анықтамасы:
(Өлең сөздерінің басқы дыбыстарының біркелкі дауыссыз боп қайталануы)
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузыңа қан қатты.
Жорықшылар жоқ па екен,
Жармай білте соларға,
Жағдайсыз жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!… Доспамбет жыраудың өлең жолдарындағы
"Ж" дыбысының қайталанып келуі: (Аллитерация)_•_Абайдың_16_тармағы_түгелдей_"Ж"_әрпінен_басталатын_өлеңі:_("Жайнаған_туың_жығылмай",_яғни_аллитерация)'>(Аллитерация)_•_"Таң_ағарып_атқан_соң,_Төңірек_жаққа_қарандық,"_-_деген_жолдағы_көркемдік_тәсіл:_(Аллитерация)'>(Аллитерация)
• "Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда,
Күмбір-күмбір кісінетіп,
Күренді мінер күн қайда?
деген шумақ дыбыс қайталаудың қай түрі? (Аллитерация)
• "Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық," - деген жолдағы көркемдік тәсіл: (Аллитерация)
"Солаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда, " - деген жолдардағы көркемдегіш құрал: (Аллитерация)
• Абайдың 16 тармағы түгелдей "Ж" әрпінен басталатын өлеңі: ("Жайнаған туың жығылмай", яғни аллитерация)
"Бал-бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек,
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің. " Бұл шумақтағы дыбыс үндесу тәсілі: (Аллитерация )
•"Сұлу - сұлу емес, сүйген - сұлу" - деген жолдағы көркемдік тәсіл: (Аллитерация)
Қалың қырғыз ішінде
Қадірі артық қария
Қайырыла тұрып сәл тоқтап,
Қынжыла _ айтқан сөзі _ бұл… Берілген үзінеідегі көркемдік тәсіл: (Аллитерация)
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас. Үзіндідегі көркемдік тәсіл: (Аллитерация)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет