Метонимия (алмастыру) - заттар мен құбылыстардың тек бір ғана жағын алу.
Көк темірді киініп, Шықты батыр жекеге. ("Батырлар" жырынан)
•"Ауыл қалың ұйқыда " - деген тармақтағы тәсіл: (Алмастыру (метонимия)
•Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға. (Абай) Осындағы асты сызылған сөзде қолданылған троптың түрі: (Метонимия)
• "Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға. " (Абай) - деген тармақтардағы метонимия: (Қанды көз)
•"Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға": Алмастыру (метонимия): (Үйі)
•"Жақын жүрсем мен төрінде рахаттың,
Өз Отаным - өзім туған босағам," - деген жолдарда Қ. Аманжолов қолданған көркемдік құрал: (Метонимия)
Кейіптеу (олицетворение) - жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттеу.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. (Абай)
"Күн жоқта кісімеінер жұлдыз бен ай,
Ол қайдан қара түнде жарқылдаман.
азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдеп өзіне беріп шырай" (Абай) деген өлең шумағындағы құбылтудың түрі: (Кейіптеу)_"Кейіптеудің_анықтамасы:_(Жансыз_табиғат_құбылыстарын_кәдімгі_тірі_адам_бейнесінде_бейнелеу)'>(Кейіптеу)
"Кейіптеудің анықтамасы: (Жансыз табиғат құбылыстарын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу)
"Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезермес," - деген Абай өлеңіндегі асты сызылған сөздер: (Кейіптеу)
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты.
Жылы сөзбен Терекке амандасты. (Абай - Лермонтов) - деген жолдарда ақын қолданған тәсіл: (Кейіптеу)
• Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу: (Кейіптеу)
• Үзіндіде суреттеудің қандай тәсілі қолданылғанын табыңыз.
Күлімдеп көктің жүзі, көңілі шат,
Жауһардан күн шығар деп бізге балқып…
Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,
Ән салды домбырамен құстың шуы. (Кейіптеу)
• Үзінді қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз.
… Ауырып домбыра да ыңырады,
Санасыз саусақ қағып, қыдырады.
Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып,
Жүректе сандыраған күй жынданды. (LЖансүгіров) (Кейіптеу)
• Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға,
Көз ілді ұйқы жеңіп балбыраған. Троптың түрі: (Кейіптеу)
• Мөлдіреген Жетімкөл көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр. (М. Мақатаев) Троптың түрі: (Кейіптеу)
Достарыңызбен бөлісу: |