Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет112/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

Еспе қайталау - алдыңғы тіркестің аяғының келесі тіркестің басында қайталануы.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым. (С. Сейфуллин)
Анафора (әдепкі қайталау) - өлендегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен басталып, қайталана беруі.
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. (М. Жұмабаев)
• Алғашқы сөздің қайталану түрі:
"Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты,
Жағдайсыз қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан. " (Анафора)
"Ұйқыдан соң -
Жапырақпын,
жаңбыр шайып жаңарған,
Ұйқыдан соң -
Көк айдынмын,
Мөлдіреген шайқалып, " - деген тармақтарда қайталаудың қай түрі бар? (Анафора)
• Үзіндідегі қайталаудың түрін ажыратыңыз.
Хантәңірі - бұлт жамылып, мұз киген,
Хантәңірі - көкті құшып, бұлт сүйген,
Хантәңірі - жерге басын имеген. (Әдепкі қайталау (анафора)
Алтайдың арғы беті, бергі беті,
Алтайдың біз тұрған жер ызгар шеті…
Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай,
Агажай, Аятайдай ел қайда-ай! – деген қолданылған? (Қайталау)'>(Анафора)
Фигура түрін анықтаңыз:
Біз Қиғаш ушін қырылдық,
Біз Тептер үшін тебістік,
Біз таразы сайлап оқ аттық. (Қайталау)
Фигураның түрі:
Жөнелді қалмақ, жөнелді,
Шеңбер тартып келеді. (Қайталау)
Үзіндідегі қайталау түрі:
"Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба". (Жай қайталау)
Эпифора (кезекті қайталау) - олендегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен аяқталып, қайталана беруі.
Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып.
Батырлар өледі,
Міндетін атқарып. (Қ. Мырза Әли)
• Шумақтың әсерлілігін күшейту мақсатындағы сөздің қайталану түрі:
"Алты құлаш ақ найза,
Ұсынып шаншар күн қайда?
Садақ толған сәйгез оқ
Созып тартар күн қайда?" (Эпифора)
Антитеза (шендестіру)…- кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудың бір түрі.
•"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді, " - деген мақалдағы қолданылған тәсіл: (Шендестіру)
"Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,
'ұқсайды қаса сұлу шомылғанға" тармақтарында күбылтудың қолданылған түрі: (Шендестіру (антитеза)
• Ақжүністің бет-ажарын, тән сұлулығын:
"Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр, " - деп суреттеуде қолданылған тәсіл: (Антитеза)
Сен жерболдын, нөсер болып төгілсем,
Шұғыласын қара булт бон көрінсем
Мен - тун болсам, сен таң болдың жаңа атқан,
Мені - қола, сені - шойын жаратқан. Өлең үзіндісіндегі фигураның түрі: (Антитеза)
• "Көзі жұмыққа - арзан,
Көзі ашыққа _ маржан. " Қолданылған көркемдік бейнелеудің түрі: (Антитеза)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет