Табу - көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз. Мысалы, жай түсу - жасыл түсті, қасқыр – ұлыма т. б.
Эвфемизм
Табу - көне дәстүр, наным бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөз. Мысалы, жай түсу - жасыл түсті, қасқыр – ұлыма т. б.
Эвфемизм мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып қолданылатын сөз. Мысалы, мылжың - сөзуарлар, өлді - дүние салды, бақиға аттанды т. б.
Айшықтаудың (фигура) түрлері: Арнау:Жарлай арнау Сурай арнау Зарлай арнау Қайталау: Жай қайталау Еспе қайталауАнафора (әдепкі қайталау) Эпифора (кезекті қайталау Антитеза (шендестіру) Градация (дамыту) Параллелизм (егіздеу) Эллипсис (сөз тастап кету) Инверсия (сөз орнын ауыстыру) Арнау - айшықтаудың бір түрі.
Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес, жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. (Абай)
Сурай арнау - ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды? (Әлі Есмамбетов) Зарлай арнау - мұң, зар түрінде айтылады.
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам
Саңлағымды табам ба? (Жамбыл) Қайталау - белгілі бір айтар ойды күшейте түсу үшін, бір сөзді не сөйлемді бірнеше рет қайталау.
• Қайталаудың түрлері: (Анафора және эпифора) • "Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып,
Батырлар өледі,
Борышын атқарып,
Бұзықтар өледі.
Пышаққа құлшынып, " - деген үзіндіде қолданылып тұрған тәсіл: (Қайталау) • "Күндердің күні болғанда, күн артынан күн жеткенде, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болып, өлдім-талдым, өштім-жандым…" Көркемдегіш құралдың түрі: (Қайталау) Жай қайталау - өлең тармақтарында бір сөздің әр жолда қайталануы.
Мунар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн. (Махамбет)