Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


Тарғын"; *Назым "Қамбар батыр"; *Құртқа "Қобыланды батыр")



бет24/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122
Тарғын"; *Назым "Қамбар батыр"; *Құртқа "Қобыланды батыр")


"ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР"
"Қобыланды батыр" жырын жинап, хатқа түсіру XIХ ғасырда қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар. Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш баспа бетіне түсірген - В. Радлов. 1860 жылы Ы. Алтынсарин Марабай жыраудан жазып алған "Тайбурылдың шабысы" деген тармағын "Қазақ хрестоматиясына" енгізді. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы
Ә Диваев Ташкентте жеке кітап етіп бастырды. Академик М. Әуезов бұл
жырға "эпопея дерлік жыр" деп баға берді. Ғалым М.Ғабдуллин жырдың 15
түрлі нұсқасын жариялады.
Қарақыпшақ Қобыландының әкесі - Тоқтарбай, анасы - Аналық,
қарындасы - Қарлығаш, сүйген жары - Құртқа (Көктім Аймақ ханның
қызы), тұлпары -Тайбурыл, жайлауы - Көздікөл, қыстауы - Қараспан.
Естеміс -Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны
баулыған ер, Сейілдің ұлы Қараман - Қобыландының жолдасы, Қазанға
қарсы шыққан батыр. Орақ - Қобыландыға көмекке келген жас батыр,
Қамқа - Орақтың анасы;
Көбікті - хан; Қобыландыға ғашық болған қыз Көбіктінің қызы - Қарлыға,
(оның мінген аты - Ақмоншақ). Алшағыр - қалмақ ханы, Көктем Аймақ
хан- Қызылбас елінің ханы, Қызыл ер, Қазан - Қызылбас елінің
батырлары. Қара қасқа ат - Қазанның тұлпары;
Қазанның тартып алғаны - Ноғайлының жері, Қырлы қама (оған бектерін
орналастырған) және Сырлы қала (оған жендеттерін орналастырған).
М. Әуезов "Қарақыпшақ Қобыланды" пьесасын жазған.
Таным дерек
Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен XV ғ.) - батыр, тарихи қайраткер. Көшпелі
өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қазақ
шежіресінде Қобыландыны Қарақыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады.
Қобыландыдан Беркімбай. Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді.
Қобыланды батыр ру аралық қақтығыстардың бірінде Арғын тайпасының билеушісі Қотан бидің ұлы Дайырқожа батырды (Акжол) өлтірген. Қазақ ауыз әдебиетінде осы оқиға жөнінде Қотан бидің "Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!"деген жоқтауы сақталып қалған. Қазақ халқы арасында Қобыланды батырдың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын "Қобыланды батыр"эпосы кең тараған. ("Қазақстан" ұлттық энциклопедия, 5-том, 695-бет).
• Қобыланды батырдың әкесі: (Тоқтарбай)
• Қобыландының анасы: (Аналық)
• Аналық пен Тоқтарбай - қай батырдың ата-анасы? (Қобыланды)
• "Қобыланды батыр" жырының кейіпкерлер тізбегі: (Тоқтарбай, Естеміс,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет