Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)



бет68/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938)
Туған жері: бұрынғы Ақмола губерниясы, Ақмола уезі, Полуденовский болысы
(қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы).
Еңбектері: "Шолпан" (Қазан, 1912), "Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері" (Қазан,
1922, Бернияз Күлеевтің алғы сөзімен), "Мағжан Жұмабайұлының өлеңдері"
(Ташкент, 1923, Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен), "Батыр Баян" поэмасы
("Шолпан" журналы, Ташкент, 1923), "Қорқыт", "Ертегі" поэмалары ("Ақжол"
газеті, Ташкент, 1926), "Тоқсанның тобы" поэмасы ("Еңбекші қазақ" газеті, 1927),
"Жүсіп хан" ертегі поэмасы (Мәскеу, 1928), "Педагогика" (1923).
"Абай - ақылдың ақыны болса, ол Мағжан - ақынның ақыны, сондықтан біз
Мағжаннан үйренуіміз керек. " (М. Әуезов)
"…Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ
(С. Мұқанов)
"М. Жұмабаев - Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалы
көпір. " (F. Ибрагимов)
Мағжан "Батыр Баян" поэмасын 1923 жылы Ташкентте М. Оуезовтій үйінде
бір түнде жазып шыққан. Сол жылы Ташкентте "Шолпан" журиальния
басылған.
Таным дерек. Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15-1757) - білгір Ангырлыгы,
тапқырлығы мен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген, Казак-жоңғар
пайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Баян қалмақтарға қарсы
шайқастардың бірінде ағасы Сары мен бірге қаза табады. ("Қазақстан" Ұлттық
энциклопедия. 2-том, 213-бет)
• Мағжан Жұмабаевтың өмір сүрген жылдары: (1893-1938 жж.)
• Мағжанның әкесінің аты: (Бекен)
Мағжанның баласының аты: (Граждан)
• Мағжанның жары мен баласы өлгенде шығарған өлеңі: ("Мені де, өлім,
әлдиле")
*** М. Жұмабаевқа тән жауап: (*Әкесі - Бекен; *Солтүстік Қазақстанда
туған; *1893 жылы дүниеге келген)
*** М.Жұмабаев білім алған орын: (*Омбыдағы мұғалімдер
семинариясы; *Уфадағы «Ғалия» медресесі) (және Мәскеудегі әдебиет-
өнер институты)
• М. Жұмабаевтың алғаш тілін сындырып, хат танытқан ұстаздары: (Кәрім,
Мұхамеджан, Данияр қажы)
• Қызылжарда М. Жұмабаев оқыған медресені ашқан, Стамбұлда оқып білім
алған, интеллигент азаматтың аты-жөні: (Мұқамеджан Бегішев)
• М. Жұмабаевтың алғаш хат таныған жасы: (4 жаста)
• М. Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын бітірген
жылы: (1916 ж)
• Омбы қаласында М. Жұмабаевқа сабақ берген белгілі қазақ ақыны:
(М. Дулатов)
• М. Жұмабаев Уфа қаласындағы Медресе Ғалияда танысқан көрнекті
жазушы: (Б. Майлин)
М. Жұмабаев семинарияда оқып жүргенде танысты: (С.Сейфуллин мен)
• М. Жұмабаевтың еуропалық білім алуына себебін тигізген қайраткерлер:
(А. Байтұрсынов, М. Дулатов)
• Мағжанның ұстазы, белгілі татар жазушысы, "Қазақ қызы" романының
авторы: (Ғалымжан Ибрагимов)
• "…Сол кезде профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың Пушкині» деуші еді, "-
дегенді айтқан: (Сайфи Құдаш, башқұрт жазушысы)
• М. Жұмабаевтың мойнына құрық, басына сырық болған ұйымның аты:
("Алқа")
• М. Жұмабаевтың Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында
оқыған жылдары: (1923-1927 ж.ж.) (В. Брюсов басқарған институт)
• 1929 жылы Мағжан Жұмабаев Сотталды: (10 жылға)
• М. Жұмабаевтың біраз уақыт бостандық алуына көмектескен қайраткерлер
(М. Горький, Е.Пешкова)
• Мағжан ақынның өлең жазбай, көпшілікке белгісіз болып қалған жылдары
(1929-1938 ж.ж.)
• 1929 жылы М. Жұмабаев қуғындауға ұшырап түрмеге түседі. Осы
уақыттарда … араласуымен Түрмеден босап шығады. (Орыс жазушысы
М. Горький мен оның әйелі Е. Пешкованын)
• М. Жұмабаев қызмет еткен Ақмола губерниялық газетінің аты:
("Бостандық туы")
• «Педагогика», «Сауатты бол» (араб, латын әріптерімен бірнеше рет
басылған) кітаптарының авторы: (М. Жұмабаев)
• М. Жұмабаевтың алғашқы жинағының аты: ("Шолпан")
• Мағжан Жұмабаевтың 1912 жылы қандай жинағы басылып шыққан?
("Шолпан")
• М. Жұмабаевтың "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан жыл:
(1912 ж.) // Басылған қала: (Қазан)
• Мағжанның "Шолпан" жинағының басылып шығуына жәрдем еткен адам:
(F. Ибрагимов)
• Мағжан Жұмабаев алғашқы өлеңдер жинағы шыққанда неше жаста болған?
(18-19 жаста)
• 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан "Мағжан Жұмабайұлының
өлеңдері" атты жинақтың алғы сөзін жазған мемлекет қайраткері:
(Сұлтанбек Қожанов)
• Бернияз Күлеевтің алғы сөзімен басылып шыққан "Мағжан Жұмабаевтың
өлеңдері" атты жинақ қай қалада, қай жылы жарық көрген? (Қазан, 1922 ж.)
• "Өмір, өлім - мәңгі аңдысқан екі жау,
Екі жауды бауыр қылар жыр бар-ау.
Сол жыр таппай, садақ тартпай, сабыр ғып,
Қан майданда күңіренсең еді, сор бала-ау!" - деген М. Жұмабаев жыры
арналған: (Бернияз Күлеевке)
• "Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім" деп жырлаған ақын: (М. Жұмабаев)
• Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сезімнің жыршысы, сыршыл ақын:
(М. Жұмабаев)
• М. Жұмабаевтың өлеңінде кездесетін тарихи мекен: (Түркістан)
• М. Жұмабаев "Түркістан" деген өлеңінде "Көп түрік енші алысып
тарасқанда"қара шаңыраққа ие болып қалды деп көрсеткен: (Қазақты)
• М. Жұмабаев "Түркістан" деген өлеңінде "Тұранның билері бар
Тарағайдай" деп айтып отыр: (Әмір Темірдің әкесін)
• М. Жұмабаевтың жазуы бойынша, Түркістанды ертеде: (Тұран дескен)
"Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан…"
Кімнің өлеңінен алынған үзінді? (М. Жұмабаев "Түркістан")
Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі гой. Қарамен жазылған сөздер көркемдегіш,
бейнелеуіш сөздердің қандай түріне жатады? (Метафора)
• "Қиял құлы мен бір ақын" деген тіркестің авторы: (М. Жұмабаев)
• М. Жұмабаевтың "Айда атыңды, Сәрсенбай", "Жазгы қала", "Шойын жол"
өлеңдеріне 20-жылдары қойылған негізсіз айып: (Қаланы қазақ ауылына
қарсы қойған деген айып тағылған)
• М. Жұмабаевтың шығыс пен батыс мәселесіне арналған өлеңдері:
("Пайғамбар", "Орал", "Бостандык")
• Мағжанның "Қазағым" өлеңі лириканың қай түрі? (әлеуметтік лирика)
"Қазағым, таянды ғой қылта мойның,
Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.
Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп,
Жараспас бұдан кейін күлкі-ойын." Мағжанның осы шумақпен басталатын
өлеңі: ("Қазағым")
• Есімдіктер арқылы жасалған М. Жұмабаевтың өлеңі: ("Мен кім?")
*** М. Жұмабаевтың шерлі, мұңлы толғау(лар)ы: (***Жан сөзі"; ***Мені де,
өлім, әлдиле"; ***Сарғайдым")
• М. Жұмабаевтың қайғы-қасіретке толы өмірі, келешек ұрпақпен ашық
тілдескен, іштей ақтарыла төгілген бір сәті көрінетін өлеңі: ("Және сөзі")
• "Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін,
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да!…" М.Жұмабаевтың бұл тілекті айтқан
өлеңі: ("Сүй, жан сәулем")
• М. Жұмабаевтың махаббат тақырыбындағы өлеңі: ("Сүй, жан сәулем")
• «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерінің авторы: (М. Жұмабаев)
• Мына өлең жолдарының авторы:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! (М. Жұмабаев "Қазақ тілі")
"Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған жүрек солғын соғады…" - үзінді алынған Мағжанның
шығармасы: («Қазақ тілі»)
"Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз. " Үзінді алынған М. Жұмабаевтың
шығармасы: ("Осы күнгі күй")
"Кең дала көресің гой ана жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне, сол анам еді мені тапқан, " - деген үзінді алынған М.,ұмабаевтың өлеңі:
("Айға")
"Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін -
Сол Арқамды сүйемін, " - деген өлең жолдарының авторы: (М. Жұмабаев)
"Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрсе ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар, " - деген үзінді алынған М.Ж.мабаевтың өлеңі:
("Сүйемін")
• Мағжанның Омбы түрмесінде жазған өлеңі: ("Сағындым")
• Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін. Үзінді алынған өлең: (М. Жұмабаев
"Сағындым")
• "Тез барам" деген өлеңнің авторы: (М. Жұмабаев)
• "Гүлсімге", "Махаббат не?", "Жас келін", "Жәмила", "Бәрінен де сен сұлу"
өлеңдерінің авторы: (Мағжан Жұмабаев)
• "Мен жастарға сенемін", "3-ға", "Р-ға", "Махаббат не?" өлеңдерінің
авторы: (М. Жұмабаев)
• "Гүлсім ханымға", "Біраз Фетше", "3-ға" өлеңдерінің авторы:
(М. Жұмабаев)
• М. Жұмабаевтың өлеңі: ("Шолпы")
• Мағжанның әнімен халық арасына кең тараған өлеңі: ("Сен сұлу"))
• Шашың - толқын, жүрегімнің жарына
Соғылды да, батты улы зарына.
Айнам, саған арнап жырлар жазамын,
Қаламымды малып жүрек қанына, - деген М. Жұмабаевтың өлеңі лириканың
қай түріне жатады? (Махаббат лирикасы)
• *** М. Жұмабаевтың табиғат лирикасына жататын өлең(дер)і: (*«Қысқы
жолда»; *«Жазғы түнде»; *«Жазғытұрым»)
• М. Жұмабаевтың табиғат лирикасына жататын өлеңі: ("Қысқы жолда")
• М. Жұмабаевтың алтын шашты пері бейнесі кездесетін өлеңі: ("Жазғы
жол")
• М. Жұмабаевтың күнді күлдіріп, желді жүргізіп, суды жүгіртіп, жерді
ұйқыдан тұрғызып, бүлдіршіндей киіндіріп, ұйқысын ашатын өлеңі:
("Жазғытұрым")
"Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін, " - деген өлең жолдарының авторы: (М. Жұмабаев)
• "Сылдыр-сылдыр, сылдырлап,
Бірінің сырын бірі ұрлап,
Толқынды толқын қуады.
Жарына бал береді,
Береді де өледі,
Өледі толқын, өледі. " Үзінді алынған: (М.Жұмабаевтан)
• Үзіндінің авторы және қай шығармадан алынған?
"Жылағаны - күлгені,
Күлгені оның - өлгені,
Жылай, күлу өледі. " (М. Жұмабаев "Толқын")
• М. Жұмабаевтың "Толқын" өлеңі: (Табиғат лирикасы)
м. Жұмабаевтың суреткерлік құдіретін көрсеткен өлеңі: ("Толқын")
• Талқын мен толқын сырласып,
Сырларын ептеп ұрласып… - деген шумақтағы көркемдегіш тәсіл: (Кейіптеу)
• Мағжан Жұмабаев поэзиясының бір қыры деп есептеледі: (Пейзажды
лирикаландырып, табиғатты ерітіп, тірілтіп, өзгеше көзқараспен
суреттеуі)
М. Жұмабаевтың еріксіздік азабы, түрме тауқыметіне арналған шығармалар
шоғыры: ("Сағындым", "Жел", "Тілегім", "Жаулап түскен жанға", Тұтқын"
(Лермонтовтан), "Күн шығады да, батады" (Горькийден), "Айға" т.б.)
• М. Жұмабаевтың "Жауға түскен жанға" атты шығанмасы кімге арналған?
(М.Дулатовқа)
• Эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырған ақын:
(М. Жұмабаев)
• М. Жұмабаевтың аңыз, тарихи белгілі оқиғаларға құрылған поэмалары:
("Қойлыбайдың қобызы", "Қорқыт", "Түркістан", "Оқжетпестің
қиясында", "Батыр Баян")
• М. Жұмабаевтың шығыстық сюжет, мысал, түспала құрылған поэмалары:
("Жүсіп хан", "Өтірік ертегі")
*** М. Жұмабаевтың поэмалары: (*«Батыр Баян»; *«Қойлыбайдың
қобызы»; *«Тоқсанның тобы»)
*** М. Жұмабаевтың поэмалары: (*«Батыр Баян»; *«Қойлыбайдың
қобызы»; *«Жүсіп хан»)
• Абылай хан бейнесі қарама-қарсы образдарда суреттелетін екі шығарма:
(М. Жұмабаев "Батыр Баян", С. Сейфуллин "Көкшетау")
• Мағжан Жұмабаевтың поэмасы: ("Батыр Баян")
• Қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма: ("Батыр Баян")
• М. Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасын 1923 жылы 30 жасында Ташкенттегі
М. Әуезовтің пәтер-үйінде жазып шығады. Оны жазуға кеткен уақыты: (Бір
түнде жазып шығады)
• М. Жұмабаевтың оқиғасы XVIII ғасырда өтетін поэмасы: ("Батыр Баян")
• "Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі, " - деген жолдардың авторы:
(М. Жұмабаев)
• "Жүрегім, мен зарлымын жаралыға" деп басталатын поэма: ("Батыр
Баян")
Жүрегім, мен зарлымын жаралыға.
Сұм өмір абақты саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да," Бұл үзінді Мағжанның қай
шығармасынан? ("Батыр Баян")
• "Батыр Баян" поэмасында есімі көп аталатын хан: (Абылай хан)
• М. Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында
болған? (Абылай ханның)
• "Батыр Баян" поэмасында Абылай ханның тұсындағы би: (Қанай би)
• Баянның бауыры, інісі: (Ноян)
• Батыр Баянды тұтқын қыз бен Ноянның артынан құлпырған күш: (Інісінің
ел намысын, Алаш намысын тапғап кеткендігі)
"Жас Ноян қызды керіп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк, ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті … " - Ноян вай қызға ғашық болған?
(Қалмақ қызына)
• Бөбек қыз М. Жұмабаевтың қай шығармасының кейіпкері? ("Батыр Баян"
• "Батыр Баян" поэмасында Ноян өмірі аяқталады: (Баянның қолынаң
қаза табады)
"Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін-бірі құшып түсті…
Қамажай қара топырақ бүлкіл қағып,
Асыгып екі меастың қанын ішті. " Үзінді алынған Мағжанның шығармасы:
("Батыр Баян")
• М. Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасында қай ұлттардың арасындағы
жаугершілік суреттелген? (Қазақ пен қалмақ); М. Жұмабаевтың "Батыр
Баян" поэмасындағы суреттелетін оқиға: (Қазақ пен қалмақ арасындағы
жаугершілік)
• "Батыр Баян" поэмасындағы қос қоңтайшының аты: (Үса, Серен)
• Баянның жолдасы: (Жанатай)
• Мен де ойды ағытамын қаламыма,
Арқаның көз жіберсем алабына.
Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ,
Көз болсын, қандай қыран, талады да, Үзінді келтірілген Мағжанның
шығармасы: ("Батыр Баян")
"Арқада жер жетпейді Бурабайға
Бөленген бұйра сыпсың қарағайға,
Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға
Бөлектау: "Ой, бауырым!" - дер анадайда, " - деген үзінді алынған поэма:
("Батыр Баян", Мағжан Жұмабаев)
• Обаған, Жолдыөзек жерлерінің аты кездесетін шығарма: ("Батыр Баян"
• "Батыр Баян" поэмасындағы әсем суреттелетін жер атауы: (Көкшетау)
• "Қойлыбайдың қобызы" поэмасының авторы: (М. Жұмабаев)
• Қобызды жарысқа түсіріп, тұлпардан оздыратын ақын: (М. Жұмабаев)
• М. Жұмабаевтың "Қойлыбайдың қобызы" поэмасында жарыстан озған
жүйрік: (Қобыз)
М. Жұмабаевтың "Қорқыт", "Ертегі" поэмалары басылған газет:
"Акжол", Ташкент)
м. Жұмабаевтың поэмасы: ("Қорқыт")
• Мағжан Жұмабаевтың өлеңінде кездесетін аңыз кейіпкері: (Қорқыт)
м. Жұмабаевтың "Тоқсанның тобы" поэмасы: (Мағжанның ең соңғы
туындысы) (1927 жылы "Еңбекші қазақ" газетінде жарияланды)
• М. Жұмабаевтың оқиғасы мысықтар мен тышқандар арасындағы жанжал
соғысты көрсетуге арналған шығармасы: (" Ертегі")
Мағжан Жұмабаевтың әдеби ертегісі: ("Жүсіп хан")
• Аз ғана күн таққа отырып, кедейлерді жақсы өмірге қарық қылған патша
жігіт туралы әдеби ертегі: ("Жүсіп хан")
"Бал бұлақты тауы бар,
Бұйра-бұйра бауы бар,
Бауы толган жеміске.
Бір жемісі жақұттай,
Бір жемісі ақықтай…" Үзінді алынған ертегі: ("Жүсіп хан")
• М. Жұмабаевтың әдеби мұралары: (Өлең, поэма, проза)
• М. Жұмабаевтың мақалалары: ("Ақан сері", "Ақанның өмірі", "Ақан
сері сөздері", "Базар жырау", "Әбубәкір ақсақал Дибаев")
• М. Жұмабаевтың аудармалары: (М. Горький "Сұңқар жыры", Мамин-
Сибиряк "Ақбоз ат", В. Иванов "Қазақ әңгімелері")
• М. Жұмабаевтың "Жазғы жолда" өлеңінен алынған үзіндідегі метафора:
"Шілде. Оттай ыстық күн,
Дала - өлік. Жоқ бір күн,
Жер де жатыр тұншығып. " (Дала - өлік)
"Қыранымын сары сайран даланың.
Қос қанатым - алтын Алтай, Оралым. " М. Жұмабаевтың өлеңінен алынған
үзіндідегі бейнелеуіш құрал: (Метафора)
• М. Жұмабаевтың кейіптеу тәсілін қолданған өлеңі: ("Қысқы жол")
• "Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып.
Аңдай ұлып бір мезгіл
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ-сақ күледі. " М. Жұмабаевтың "Қысқы жол" өлеңінен алынған
үзіндідегі көркемдегіш тәсілдің түрі: (Кейіптеу)
Бізгарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Біресе сақ-сақ күледі… М.Жұмабаевтың өлеңінен алынған үзініден тілдің
бейнелілігін, әсерлілігін арттыратын көркемдік Тәсілдер: (Кейіптеу, эпитет)
"Мен ақынмын - жалынмын,
Сылдыраймын, сүйемін.
Мен ақынмын - жалынмын,
Шапшып, көкке тиемін." (М.Жұмабаев) … деген өлең жолдарының буын,
бунақ, тармақ, шумақ түрлері: (7 буынды, бунақты, 4 тармақты шалыс
үйқас)
• Мына жолдардың авторы: "Қиын да тапты жолының барлық кезеңінде Мағжанды
Жұмабаев үнемі эксумыс үстінде болады. Кейін Жоғары әдебиет-көркемөнер
институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағлсанды "Қырғыздың
Пушкині" деуші еді. " (Сәііфи Құдаш)
• Ж. Аймауытовтың зерттеу еңбегі: ("Мағжанның ақындығы туралы")
• "Мағжанның қай өлеңін оқысаңыз да әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде
жылатады, алде оятқызады, әлде есіркетеді, әлде жігер береді…" - деп
М. Жұмабаев туралы айтқан: (Ж. Аймауытов)
• «Қайткенмен де Мағжан - алдымен сыршыл ақын, Мағжан сөзінде "кімге
жұмсақ жүрекке жылы тиетін" үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы
ақындарында болған емес». Пікірдің авторы: (Ж. Аймауытов)
• Мына жолдардың авторы: "Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық
суреттеген қазақ ақыны кем де кем шығар"., (Ж. Аймауытов)
• М. Жұмабаевтың ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгер: (М. Әуезов)
• "Магжанды сүйемін, европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін…" - деген
сөздің иесі: (М. Әуезов)
• "Бүгінгі күн жазушылары ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз - Мағжан сөзі, " - деген пікірдің иесі: (м. Әуезов)
• "Ұстаз" атты мақала жазып, М. Жұмабаев әлемінің сыр шерткен ғалым:
(Б. Кенжебаев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет