Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885-1935)



бет66/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885-1935)
"Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған
Міржақып Дулатов болды. " (А. Байтұрсынұлы)
Міржақып Дулатов - қазақтың аса көрнекті ағартушыны, қоғам қайраткері, ақын,
жазушы, жалынды көсемсөз шебері, қазақтың тұнғыш романының авторы.
Туған жері: бұрынғы Торғай уезі, Сарқопа болысы (Қостана) облысы, Жангелдин
ауданы, Қызбел ауылы).
Еңбектері: "Оян, қазақ!" (Уфа, 1909; Орынбор, 1911), "Бақытсыз Жамал" романы
(Қазан, 1910), "Азамат" (Орынбор, 1913). "Терме" (Орынбор, 1915);"Есеп құралы".
(Орынбор, 1914; Ташкент, 1922), "Балқия" пьесасы (Орынбор, 1922), "Оқу құралы"
(Орынбор, 1924), "Қирағат" кітабы; "Бүркіт кегі" балладасы,
1993 жылы сүйегі туған жеріне әкелінді.
Дулатовтың туған жері: (Торғай атырабы)
М. Дулатовтың туған жылы мен туған күні: (1885 жылы 25 қараша)
• М. Дулатов орысша сабақты үйренген: (Мұқан Теқтабайұлынан)
• "Менің алған білімге көзімді ашқан осы кісі, "- дейді Мұқан
Тоқтабай ұлына арнаған сезінде… Айтып отырған: (М.Дулатов)
*** Қазақ әдебнетінің тарихындағы қудаланған қаламгер(лер):
("М.Дулатов; *Ж. Аймауытов)
• М. Дулатов қамалған кезінде Орынборға бірге жер аударылды:
(Ә.Бөкейхановпен, 1922 жылы)
• М. Дулатов бірнеше арнау өлеңдерінде кімнің поэтикалық бейнесін жасауға
ұмтылған? (Ә. Бөкейхановтың)
• М. Дулатов "Қазақ" газетінде кіммен бірге қызмет атқарған?
(А. Байтұрсынұлы)
• А. Байтұрсынұлы мен Ә.Бөкейханұлының серіктесі, ақын, жазушы,
публицист: (М. Дулатов)
• М. Дулатов Түркістан Республикасының "Ақ жол" газетінде қызметте
болған жыл: (1920 жыл)
• М. Дулатовтың Сталин, Голощекин озбырлығының қармағына ілініп,
қайтадан тұтқынға алынуы: (1928 жылдың желтоқсаны)
• М. Дулатов қайтыс болды: (Сосновецтегі лагерьдің лазаретінде)
• *** М. Дулатов: (*Публицист; *Ағартушы ұстаз; *Қоғам қайраткері)
• М. Дулатовтың 1909 жылы Уфада басылып шыққан кітабы: ("Оян,
қазақ!")
• М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" өлең жинағы екінші рет басылып шыққан
қала: (Орынборда, 1911 жыл)
**** Дулатовтың шығармалары: (*«Жастарға»; *«Оян, қазақ!»;
*«Бақытсыз Жамал»)
*** М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" жинағына енген өлең(дер): (*"Сөз
ақыры"; *"Сайлаулар хақында"; *"Жастарға")
• М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" кітабына енген шығармалары:
("Жігіттер", "Жастарға", "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі",
"Қазақ жерлері", "Насихат ғумумия", т.б.)
• Міржақып Дулатовтың "Насихат ғумумия" толғауы неше бөлім, неше
тармақтан тұрады? (17 бөлім, 556 тармақ)
*** М. Дулатовтың "Насихат ғумумия" өлеңдер топтамасының желісі:
(*Ақын аты-жөнін, асыл затын, тайпасын, шыққан жерін айтады;
*Кітаптың 25 жаста жазылғанын айтады; *Халқының, замандасымен,
елінің сөз ұғарлық азаматымен түгел сырласады)
"Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты." Өлең жолдарының авторы: (М. Дулатов)
"Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,
Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.
Әр халық алға кетіп жатса-дағы,
Біздің жұрт шегінеді қадам баспай. " Кімнің өлеңі (М. Дулатов)
• 1907 жылы Петерборда шыққан " Серке" газетінің бірінші санында
жарияланған Міржақыптың өлеңі: ("Жастарға")
*** Міржақыптың өлең жинақтары: (*«Терме»; *«Азамат»)
• М. Дулатовтың "Азамат" атты өлеңдер жинағы Орынборда басылып
шықты: (1913 ж.)
• Орынборда 1915 жылы М. Дулатовтың басылған жинағы: ("Терме")
*** М. Дулатовтың "Шағым" өлеңінен алынған жолдар: (*Мен біткен
ойпаң жерге аласа ағаш; *Емеспін жемісі көп тамаша ағаш; *Пайдалан
керегіңе жараса, Алаш!)
"Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш, " - деген үзіндінің авторы: (М. Дулатов)
• М. Дулатовтың "Бүркіт кегі" деген шығармасы: (Баллада)
• М. Дулатұлының Абай үлгісімен жазған 216 тармақ, 5 бөлімнен тұратын
шығармасы: ("Бүркіт кегі")
• М. Дулатовтың юморлық, сатиралық қырларын танытатын өлеңі:
(«Жұмбақ» өлеңі)
• "Елім-ай" өлеңінің авторы: (М. Дулатов)
"Таза бұлақ" өлеңінің авторы: (М. Дулатов)
• М. Дулатовтың өлеңі: ("Таршылық халіміз хақында аз мінәжат")
• "Шешенің балаларын сүюі" өлеңінің авторы: (М. Дулатов)
• Үзінді М. Дулатовтың қай шығармасынан?
Кім сағынар сендерді келгенінше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
- Сендер қайтып келсеңдер адам болып,
Еш арманым болмас еді өлгенінше… ("Шешенің балаларын сүюі")
• М. Дулатовтың түрме кейпін жасаған, реалистік дәлдігімен ерекшеленетін
өлеңдері: ("Қапастағы ұрының мінажаты"Абақтыдағы айт түні")
• М. Дулатовтың поэзиядағы азаматтық сарындарды биік сатыға көтерген
ұранды, дауылпаз толғаулары: ("Сағыну", "Жас қазақтар", "Елім-ай",
"Жаңа тілек", "Алашқа")
• 1910 жылы жарық көрген тұңғыш қазақ романының авторы: (М. Дулатов)
• М. Дулатовтың 1910 жылы Қазанда басылып шыққан прозадағы ірі
шығармасы: («Бақытсыз Жамал»)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романының кейіпкерлері: (Жамал;
Сәрсенбай - Жамалдың әкесі; Шолпан - Жамалдың шешесі; Қалампыр -
Сәрсенбайдың бәйбішесі; Ғали - Жамалдың сүйген жігіті; Дүйсебек - Ғалидың
әкесі; Жұман - Жамалдың күйеуі; Байжан - Жұманның әкесі; Жүніс, Нұрмаш -
Ғалидың достары; Фатихолла - қаладағы саудагер адам)
*** Қазақ әдебиеті тарихындағы алғашқы роман: (*«Бақытсыз Жамал»)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романын жатқызуға болатын бағыт:
(Тұрмыстық роман)
• "Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған М, Дулатов болды, " деп алған
пікір айтып, романды бағалаған ғалым: (А. Байтұрсынұлы)
*** «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкер(лер): (*Гали; *Шолпан:
*Сәрсенбай)
*** «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкер(лер): (*Ғали; *Жамал;
*Байжан)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романындағы Жамалдың шешесі мен
әкесінің аттары: (Сәрсенбай мен Шолпан)
• М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романының "… алдында 100 жылқы, 200.
300 қойы бар…" - деп суреттелетін кейіпкері: (Сәрсенбай)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романындағы Сәрсенбайдың бәйбішесі
(Қалампыр)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романында Жамалға болысқан адам;
(Анасы)
"…Сәрсенбайдың үйінде бір жақсы бала бар. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі де бір
біріне муафиқ келіп, сол елдің қызының алды болды…" 6сы сипаттар лайық
кейіпкер: (Жамал)
• Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романында Ғалидың әкесінің
аты: (Дүйсебек)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романында Ғали мен Жамал
"Қырыққұдық" деген жерде паналады: (Наигашысын, аты - Бабас)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" ромашындағы Фатихолла: (Жамал мен
Ғалиды паналатқан адам)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романында Жамалға құда түскен
жігіттің аты: (Таз Жұман)
*** "Бақытсыз Жамалдағы" қызға атастырылған күйеу: (*Жұман)
• М. Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" шығармасында Жамал қалай қайтыс
болған? (Боранда үсіп өледі)
• М. Дулатұлының "Бақытсыз Жамал" романынан көрінетін қазақтың салт-
дәстүрлері: (Қазақтың екінші әйел алу үшін ағайындарынан сүйінші
сұрау жолы, шілдехана, балаға ат қою, құда түсу, қыз айттыру)
*** "Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін". М. Дулатовтың қай шығарыасынан?
("Бақытсыз Жамал")
*** М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Ғали мен Жамалдың
сыр шертісуі:
( *Бір сенсің ғашық отын сөндіретін,
Кім бізді ықтиярсыз көндіретін?
Өлсек - шұқыр бір болып, шықсақ төбе,
Айырылмалық болса да өлтіретін.
*Сөйле, тілім, шешімін осындайда,
Құрбылармен бір жерге қосылғанда.
Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,
Еріксіз-ақ қоярсың қосылғанда.
*Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас,
Он алты, он жетіге келгенде жас.
Жаннаттың пісіп тұрған алмасындай,
Қол жетсе, қандай жігіт ләззат алмас. )
• М. Дулатовтың "Серке" газетінде басылған бас мақаласы: ("Біздің
мақсатымыз")
• "Серке" газетіне "Арғын" деген бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" атты
мақала жазған жазушы: (Міржақып Дулатов)
• 1911 жылы "Айқапта" жарық көрген "Жер мәселесі" мақаласының авторы:
(М. Дулатов)
"Осыдан 15 жыл бұрынғымен салыстырғанда нашарлап кеттік, енді аз ғана
жылда неміз қалады?" - деп айтқан: (М. Дулатов)
• Ахметтану ғылымының негізін салушы: (Міржақып Дулатов)
• 1922 жылы орыс тілінде жазылған "Ахмет Байтурсынович Байтурсынов"
деген өмірбаяндық очерктің авторы: (М. Дулатов)
• М. Дулатовтың пьесасының аты: ("Балқия", 1922 жылы Орынборда басылып
шықты)
*** М. Дулатовтың жарық көрген оқулықтары: (*«Есеп құрал»;
*«Қирағат»)
"Ардақтап өтем әкемді" атты естеліктің авторы: (Гүлнар Дулатова)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет