МҰХТАР ӘУЕЗОВ (1897-1961) "Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай…" (Н.Погодин)
"Мұхтар әуезов - сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің
өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін құбылыс. " (Р. Нұрғалиев)
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы (бұрынғы Семей уезі,
Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жер).
Тұңғыш шығармасы: "Адамдық негізі - әйел" мақаласы (1917 ж. 5 қыркүйек,
"Сарыарқа" газеті, № 12, Семей); "Еңлік-Кебек" драмасы (19)7), "Қорғансыздың
күні" әңгімесі (1921);
Әңгімелері: "Оқыған азамат", "Қыр әңгімелері", "Қаралы сұлу", "Ескілік
калеңкесінде", "Барымта", "Жетім", "Бүркітші", "Білекке білек" т. б.
Повестері: "Көксерек", "Қараш-Қараш оқиғасы" (1927), "Қызы заман" (1928);
Романдары: "Абай жолы" роман-эпопеясы (1942-1956); (1949 ж. К СРО
Мемлекеттік сыйлығы, 1959 ж. Лениндік сыйлық), "Өскен өркен",
Драмалары: "Еңлік-Кебек" (1917),"Бәйбіше тоқал" (1923), "Қарағаз" (1926),
"Айман-Шолпан", "Түнгі сарын", "Қарақытшақ Қобыланды", "Бекет". "Тартыс"
(1934), "Тас түлек" (1935), "Алма бағында" (1937)."Шекарада" (19)8),
"Дос-Бедел дос" (1958); "Алуа", "Асыл нәсілдер"Абай" (Л.Соболовпен бірлесіп),
"Сын сағатта"; "Намыс гвардиясы" (Ә.Әбішевпен бірлесіп), "Қынаптан қылыш"
(F. Мүсіреповпен бірлесіп), "Ақан-Зайра" (С.Мұқанов пен бірлесіп), "Ақ қайың"
(Ә.Тәжібаев пен бірлесіп), т. б.
Аудармалары: (8 пьеса). И. Тургенев "Дворян ұясы"романы. К.Тренев "Любовь
Яровая", Н. Погодин "Ақсүйектер", В. Шекспир "Отелло", "Асауға тұсау", Н. Гоголь
"Ревизор", Б.Прус "Жойқын князь Метислав", А.Афиногенов "Қорқыныш", А. Крон
"Флот офицеры" пьесалары.
Очерктері: "Түркістан солай туған" (1955), "Индия очерктері" (1958), "Америка
эсерлері" (1960).
Мақалалар мен зерттеулері: "Әр жылдар ойлары" (1959). "Уақыт және
суреткер" (1962), Абайтану, "Манас" туралы т. б.
М. Әуезовтің өмір сүрген жылдары: (1897-1961 ж.ж.)
• Мұхтар Әуезовтің туған күні: (28 қыркүйек)
• Мұхтар Әуезовтің туған жері: (Шығыс Қазақстан облысы, Абай
ауданында)
"Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста еді? (7 жаста)
М. Әуезов әкесі қайтыс болған соң болды: (Немере ағасы Қасымбектің
қолында)
1924 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне толық
мүше болып сайланған жазушы: (М. Әуезов)
М. Әуезовтің Ленинград университетін бітірген жылы: (1928 жыл)
М. Әуезов білім алған оқу орны: (Санкт-Петербург (Ленинград)
Университет)
1928 (1930) жылы Орта Азия мемлекеттік университетінде Шығыс
Факультетін оқып аяқтаған жазушы: (М. Әуезов)
* Орта Азия мемлекеттік университетіндегі Шығыс факультетінің
аспирантурасында оқыған қаламгер: (М. Әуезов)
*** М. Әуезовке берілген дәрежелер: (*Қазақ КСР-інің ғылымға еңбек
сіңірген қайраткері; *Қазақ КСР Ғылым академиясының толық
мүшесі; *Филология ғылымдарының тұңғыш докторы, профессор)
М. Әуезовтің өмір жолына қатысы жоқ мәлімет: (1920 жылы Алматыда
мұғалімдер курсын бітіреді); (Қатыстылар7 жылы 28 қыркүйекте
дүниеге келген; *Төрт жасында әкесі қайтыс болып, атасы Қасымбектің тәрбиесім
болды; * 1923 жылы Санкт-Петербург (Ленинград) университетінің филология
факультетіне оқуға түседі, *1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің
Шығыс факультетінің аспирантурасын бітіреді)
• М. Әуезов "Өз жайымнан мағлұмат" атты өмірбаянын қай жылы жазған?
(1928 жылы)
• М. Әуезовпен бірге "Абай" журналында еңбек еткен әрі Абай қазасының 10
жылдығына арнап кеш өткізген жазушы: (Ж. Аймауытов)
*** М.Әуезов "Қазақтың өзгеше мінездері" деп аталатын алғашқы
мақаласын кіммен бірігіп жазған? (*Ж.Аймауытов пен бірге)
• Бала Мұхтар Әуез атасы ұсынған Абай өлеңдерімен кімнің қолжазбасы
арқылы танысқан? (Мүрсейіттің)
• Бала Мұхтар алғашқы сауатын ашты: (Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт
қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы)
• Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жуық жаттап алған заңғар жазушы:
(М. Әуезов)
• М. Әуезовтің сөз өнеріндегі алғашқы адымы басталған кез: (Орыс
гимназиясында оқыған жылдары)
• М. Әуезов талантының жан-жақтылығына лайық жауап: (Жазушы, ғалым,
ұстаз)
• "Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың қою
шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, көзінде ақыл тұнып тұр, орысшаға
жетік, ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз. "(В. Попов) Бұл пікір кім
туралы? (М. Әуезов)
• Қазақтың сөз байлығын танытып, өз шығармасында 16 983 сез қолдантан
жазушы: (М. Әуезов)
• М. Әуезовтің екі тілде жазылған мақалалары мен зерттеулерінің жинағы:
("Әр жылдар ойлары")
• М. Әуезовтің ең алғаш жарық көрген туындысы: ("Адамдық негізі -
әйел")
• М. Әуезовтің "Адамдық негізі - әйел" деген тұңғыш мақаласы жазылған
жыл: (1917 жылы)
*** М. Әуезовтің алғашқы мақалалары: (***Адамдық негізі - әйел";
*"Мәдениетке қай кәсіп жуық?""; *"Оку әдісі")
*** М. Әуезовтің мақалалары: (*«Оқу әдісі»; *«Ғылым тілі»; *«Адамдық
негізі - әйел»)
М.Әуезовтің "Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді
түзе!" деп тұжырымдаған еңбегі: (***Адамдық негізі - әйел")
… М.Әуезовтің тырнақалды туындылары: (***Адамдық негізі -
әйел!";***Жуандық"; ***Сөніп-жану")
*** М. Әуезовтің 20-жылдары жазған әңгіме(лер)і: (*«Жетім»; *«Кім
кінәлі»; "«Қорғансыздың күні»)
… М.Әуезовтің 1922-23 жылдарда "Сана", "Шолпан" журналдарында
басылған әңгімелері: (*Кешкі дөң басында", ""Түнгі ауыл", "Қыстығүнгі
дала", "Қысқы түн", "Сыбанның моласында", Текшенің бауырында",
"Сөніп жану" т.б.)
• "Қыр әңгімелері", "Ескілік көлеңкесінде", "Қаралы сұлу", "Барымта",
"Бүркітші" әңгімелерінің авторы: (М. Әуезов)
• Қазақ әдебиетіндегі "Әуезовтің әйел кейіпкерлерінің" тұла бойы тұңғышы
ретінде тануға болатын бейне: (Еңлік)
• Қазақ әдебиетінде сырбаз, сұлу әйелдер галереясын жасаған қаламгер:
(М. Әуезов)
М.Әуезовтің әңгімелеріндегі аяулы жан(дар): ("Ғазиза; *Рабиға)
*** М. Әуезовтің ескіліктің құрбаны болған қорғансыздар хақындағы
әңгімелері: (*«Қыр әңгімелері»; *«Қорғансыздың күні»; *«Ескілік
көлеңкесінде»)
*** М.Әуезовтің "оқыған адамды, ең алдымен жиырмадан аз-ақ үстіндегі жас
жазушының шеберлігі таң қалдыратын" шығармасы: (*"Қорғансыздың күні")
• "Қорғансыздың күні" әңгімесін жазғанда М. Әуезов неше жаста?
(Жиырмадан енді асқан) (Негізінде - 24 жасында)
• М. Әуезовтің 1921 жылы жазған алғашқы көркем прозасының басы:
("Қорғансыздың күні")
• М. Әуезовтің Еуропалық прозаның деңгейінде алғаш жазған әңгімесі:
("Қорғансыздың күні")
• М. Әуезовтің табиғат құбылыстарын адам психологиясымен астастыра
суреттеу әдісі қолданылған шығармасы: ("Қорғансыздың күні")
• М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні" әңгімесінің негізгі кейіпкері: (Ғазиза)
Ғазиза, Қасым, Бақтығұл атты бір топ тағдырдан тауқымет тартқан
шарасыз жандар қай жазушының кейіпкерлері? (М. Әуезовтің)
"Сыпайы нәзік өскен жіңішке, сұңғақ бойлы, дөңгелек ақ сұр әкүзді уыз қыз.
Жалғыз-ақ жұмсақ қарайтын қара көзінде… қалық уайымның салған ізі бар. Пішіні
мұңды, жүдеу. " М. Әуезовтің қай кейіпкері? (Ғазиза)
"Бұл жігіттің жасы отыз шамасында…Суық қарайтын қисық, кішілеу өткір
көзінде және қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына
үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішімі құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп
мұр. " Осы үзіндіде беріліп тұрған кейіпкер: (Ақан болыс)
"Ақан болыстың уыздай жас қыз Ғазизаға жасаған қиянатын суреттейтін
М. Әуезовтің әңгімесі: ("Қорғансыздың күні")
Қорғансыз үш әйел туралы әңгіме жазған қаламгер: (М. Әуезов)
"С. қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының
үстінде Арқалық деген тау бар," - деп басталатын М. Әуезов әңгімесі:
("Қорғансыздың күні")
"Қорғансыздың күні" әңгімесіндегі жанама суреттемелерде айтылатын ана
кейіпкері - батыр бейнесі: (Күшікбай)
"Күшікбай батыр туралы аңыз" М. Әуезовтің қай әңгімесінде айтылған?
("Қорғансыздың күні")
• Берілген үзінді М. Әуезовтің қай әңгімесінен алынған және үзіндіде кімнің
бейнесі сипатталған?
"… Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерге
берген екен. Өлер сағатына шейін қабағы
ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде менде жазық жоқ, мен тазамын деген ашық
тазалықтың белгісі бар, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар…"
("Қорғансыздың күні", Ғазиза)
• М. Әуезовтің адамның жан-жүйесіне терең бойлаған, адамның сезім
иірімдерін нәзік толғаған шығармасы: ("Қаралы сұлу""
• Сүйген жігіті Ісләмға қосыла алмай, Жақып болысқа көнбегені үшін
соққыға ұшырап, құсадан өлген М. Әуезовтің кейіпкері: (Ғазиза)
• Жақып болысқа әйел үстіне баруға көнбегені үшін соққыға жығылып,
құсадан өлген Ғазиза М. Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері? ("Кім
кінәлі?")
М. Әуезов әңгімесі: ("Бүркітші")
• М. Әуезов әңгімесі: ("Жетім")
• Дүниеқоңыздық пен өгейлік өліміне себеп болған он жасар Қасым
М. Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері? ("Жетім")
• М. Әуезовтің кейіпкері 13 жасар Қасым тағдырына қатысты жауап:
(Қорғансыз жетім бала)
• М.Әуезовтің"Жетім"әңгімесіндегі трагедия болған уақыт: (Қараңғы түн)
• *** М. Әуезовтің 1930-40 жылдар аралығында жазған әңгімелері:
(*"Білекке білек"; *" Бүркітші"; *1"Қасеннің құбылыстары")
*** М. Әуезовтің төңкерістен кейінгі өмір, колхоз тұрмысына арналған
әңгімелері: (*"Асыл нәсілдер"; ***Білекке білек")) (және "Іздер", "Қасеннің
құбылыстары", "Үш күн", "Құм мен асқар", "Шатқалаң", "Бүркітші")
• 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісу өңіріндегі көріністерін баян
ететін М. Әуезовтің туындысы: ("Қилы заман")
• М. Әуезовтің "Қилы заман" романының кейіпкерлері: (Ұзақ, Жәмеңке
батырлар)
• М. Әуезовтің "Көксерек" (1929 ж.) әңгімесін жазуға себеп болған оқиға:
(Зайыбы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен)
, Бірінші буыны еріндік, соңғы буыны езулік дауыстылардан құралған
М. Әуезов кейіпкері: (Құрмаш)
м.Әуезовтің "Ҡөксерек" әңгімесіндегі баланың аты: (Күрмаш)
Үзінді М. Әуезовтің қай шығармасынан алынған?
Қураған-ай, неңді алып ем? Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа
не қыл еді менің құлыным?… ("Көксерек")
"Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жанындағы
ҳарағандарда қасқырдың ақ жундері көрінеді." Үзінді алынған шығарма:
"Көксерек")
м. Әуезовтің "Көксерек" әңгімесінің негізгі идеясы: (Айналаны қоршаған
табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет)
• Көксеректің серігі болған қасқыр: (Ақ қасқыр)
• "Қараш-Қараш оқиғасы" атты туынды авторы: (М. Әуезов)
"Қараш-Қараш оқиғасы" шығармасының жанры: (Повесть)
• "Қараш-Қараш оқиғасы" өтетін Қараш асуының орналасқан жері: (Талғар
маңы)
"…Атамсадай арысым едің… Қаңбақтай жеп-жеңіл боп қаусап қалғаның-ау!"-
деп, ауру інісін төсектен көтеріп алатын балуан денелі жігіттің күйінуімен
оқиғасы басталатын М. Әуезовтің шығармасы: ("Қараш-Қараш оқиғасы"
1927 ж.)
• М. Әуезовтің қорғансыз, панасыз адамдардың тағдыры жайлы жазған
шығармаларының бірі: («Қараш-Қараш оқиғасы»)
• М. Әуезовтің ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесін
қозғаған повесі: («Қараш-Қараш оқиғасы»)
« Бай таяғынан соққы жеп, ауруға ұшыраған М. Әуезов кейіпкері: (Тектіғұл)
• М. Әуезов кейіпкерлері: (Бақтығұл, Тектіғұл)
М. Әуезов кейіпкерлері: (Бақтығұл, Сейіт)
• Бақтығұл мен Тектігұл Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері?
("Қараш-Қараш оқиғасы")
• Шығармадағы кейіпкерлер Бақтығұл, Тектігұл, Сәт, Сәлмен образдары
кездесетін М. Әуезовтің шығармасы: ("Қараш-Қараш оқиғасы")
*** М. Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" шығармасының кейіпкерлері:
("Қатша; *Сәлмен; *Сәт)
**** М. Әуезовтің "Қараш-қараш оқиғасы" шығармасындаға "Мен бүгін бір
бұғы атып келемін" деп айтқан кейіпкер: (*Бақтығұл)
• М. Әуезов шығармасындағы адам мекендемес тау жоталарында қашқынның
күнін кешіп, өзіне жауыздық жасаған жауынан өш алмаққа бел буған
кейіпкер: (Бақтығұл)
• Жарасбай, Сәлмен, Қатша сынды кейіпкерлері бар М. Әуезовтің
шығармасы: ("Қараш-Қараш оқиғасы")
* М. Әуезовтің "Қараш-Қараш оқиғасындағы" Бақтығұлға қамқор болғансып,
барымташы ұры жасайтын болыстың аты: (Жарасбай болыс)
• М. Әуезовтің "Қараш-Қараш оқиғасында" Жарасбайдың Бактығұлды үстеп
беру себебі: (Өзінің басын, болыстығын құтқару үшін)
• М. Әуезовтің "Қараш-Қараш оқиғасында" Бақтығұл Жарасбай болысты қай
кезде атып өлтіреді? (Тоқалын ұзатып алып келе жатқанда)
М. Әуезовтің Т. Рысқұлов тағдырының бір кезеңі бейнеленген шығармасы
("Қараш-Қараш оқиғасы")
• "Ауылдан абақты жақсы, " - дейтін М. Әуезовтің бала кейіпкері: (Сейіт)
(Прототипі - Тұрар Рысқұлов)
• "Оқуға ұғымды, ерекше талапты момын қара бала болашақ заманның белгісіз бір
меарығына осы абақты ішінде сенген көңілмен күн санап ер жетіп келе жатты
М. Әуезовтің осылай аяқталатын туындысы: ("Қараш-Қараш оқиғасы"
• М. Әуезов шығармасы: ("Өскен өркен" романы, аяқталмай қалған)
• "Түркістан солай туған" (1955 ж.), "Индия очерктері" (1958 ж.) және
"Өскен өркен" романының авторы: (М. Әуезов)
• "Индия очерктері" (1958 ж.), "Америка әсерлері" (1960 ж.) атты
туындыларды жазған қаламгер: (М. Әуезов)
"Абай жолы" роман-Эпопеясы:
кітап, 7 тарау: ("Қайтқанда", "Қат-қабатта", "Жолда", "Шытырманда", "Бел-
белесте", "Өрде", "Қияда");
II кітап, 7 тарау +1: («Тайғақта», «Жайлауда», "Еңісте","Оқапта", "Асуда",
"Тарауда", "Биікте" және эпилог);
Шкітап, 6 тарау: (Абай аға", "Кек жолында", "Қарашығын", "Өкініште",
"Қақтығыста", "Қоршауда");
IV кітап, 6 тарау +1: ("Түн-түнекте", "Қүз-қияда", "Қапада", "Қастықта",
"Шайқаста", "Жұтта" және эпилог).
• М. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы неше тараудан тұрады? (28
тарау)
• Абай Құнанбайұлы туралы көлемді туынды: ("Абай жолы")
• Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея: ("Абай жолы")
• ". Абай жолы" романын әлемге танытқан жазушы: (М. Әуезов)
• "Абай жолы" роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады? (Төрт кітап)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының алғашқы кітабы жарыққа шыққан
жыл: (1942 ж.)
• М. Әуезовтің 1947 жылы қандай кітабы жарыққа шыққан? ("Абай жолы",
II кітап) (Кейінгі екі кітабы 1952 жылы және 1956 жылы)
• М. Әуезовтің 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген шығармасы:
(«Абай жолы»); (1959 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" романының оқиғасы қамтитын уақыт: (Жарты
ғасыр)
Мына үзінді алынған шығарма:
" Үш күндік жолдың соңғы күніне барын салған бала шәкірт астындағы жарау
құла бестісін ағызып-ағызып алып, жалпақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп,
қасындағылардан оза шауып, алып ұшып келеді…" (" Абай жолы")
• Абайдың ең жақын досы: (Ербол (М. Әуезовтің "Абай жолы". романы)
Жас Абай жұмсақ мінезді, мейірімді кімнен алған? (Шешесі Ұлжанның)
Абай Қарқаралыдан қайтқан соң қасында болды: (Шешелерінің)
"Жазыла-жазыла қожа-молдадан ұят болды, енді өлмесек болмас" деген
уытты қалжыңды айтқан Абайдың кімі? (Нағашысы)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" шығармасындағы кейіпкер: (Байсал)
"--Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көріскен жоқ
ем. Бірақ, барлық көрген-сезгенім есімде. Жақсы ағаның зор дәмесін әмсе өстіп
ақтағайсың… Ақтарсың деп білемін! Тек өмір деген ит жаңсақ бастырмаса екен!
Бетің дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарылқасын!" - деп Абайға бата берген:
(Байсал)
• Абай жақсы көрген ойын аты: (Тоғызқұмалақ)
• Абай жақсы көрген ойын аты: (Ақсүйек)
"Абай жолы" романындағы Абай жақсы көрген қазақтың ата кәсібі:
(Аңшылық, саятшылық)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" романындағы Абай келбетін сомдаған теңеу:
(Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана ө
• "Абай жолында" "Есенбай жырасында ұры жатады" дегенге сенбей, қайта
қасындағы Байтас пен жорға Жұмабайды өзі "ұры" болып қорқытатын
кейіпкер: (Абай)
Абайдың Тоғжанды алғаш рет көрген жері: (Түйеөркеш)
"Абай жолы" романында оқырман жас Абайдың ғашық жарына айтқан
алғашқы жүрек жырын қай жерде естіді? (Сүйіндік ауылында,
Түйе өркеш деген жерде)
• "Абай жолындағы" Тоғжан бейнесіне лайық сипат: (Алыстан арайлайтын
қол жетпес армандай махаббат үлгісі)
• Абайдың арманы болған ғашығы Тоғжанның әкесі: (Сүйіндік)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Сүйіндіктің қандай образ?
(Жалтақ адам)
*** "Абай жолы" романындағы әлсіздер көрген қиянатты көрсететін
кейіпкер(лер): (*Қодар; *Қамқа)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Қодар мен Қамқаға байланысты
қанды оқиғаның өткен жері: (Қарашоқы)
"Абай жолы" романында Абай әкесі Құнанбайдың қаталдығын алғаш рет
көрген жері: (Қодар мен Қамқа өлімінде)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" романында Абайды Қодар өзімінің үстіне ертіп
барған: (Жиренше)
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың зұлымдықтан
шошып ауыруына себеп болған оқиға: (Қодардың өлімі)
«Абай жолы» романында Барлас ақынмен Абай ауылында қонақ болған
жас жыршы: (Байкөкше)
* М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ескі дәстүрдің қырағы
қорғаушысын сомдайтың образ: (Құнанбай)
*** М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында Құнанбайдың Абайға таккан
міні: (*Арзан мен қымбаттың парқын білмейсің; *Дос пен қасты
сараптамайсың; *Орысшылсың, солай қарай ден қойып барасың)
*** М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында әкесінің Байсал да жалғыз
қыстауды тартып алуына Абайдың қарсылықтары: (*Сіздің қасыңызға
еріп, қолыңызды қостап, тіпті анау Бөжейді сабауға да барғаны, кәне?
• *Ол алушы емес, алынушы болып келмеп пе еді бұл күнге шейін?)
М. Әуезовтің "Абай жолы» романында «бес қасқа» деп аталған, бес мықты
ұлы бар кейіпкер: (Құлыншақ)
• «Абай жолы» романында Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін,
Тобықтыға болыстық старшын еткен адам: (Майбасар)
• «Абай жолы» романында "табанды, қырыс адам" деп сипатталатын
кейіпкер: (Байдалы)
• Абайдың қайын атасы, Ділдәнің әкесінің аты: (Алшынбай)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында Абай Ділдәға үйленгенде бас құда
болып барған адам: (Ызғұтты)
• …Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан
тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күтті? (Бата ("Абай жолы")
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында Тәкежанның баласы Мақұлбай
қайтыс болғанда Абай жоқтау айтқызған адам: (Әйгерім)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы қазақты өзге ұлттан даралап
тұратын үш қасиет: (Бауырмалдық, қонақжайлық, ақжарқындық)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Құнанбайдың соқырлығын,
Алшынбайдың таздығын көп алдында айтқан адам: (Шөже)
«Абай жолы» романында:
Болыпты бір ақсақ таз және соқыр,
Құранды мысық сопы молдаң оқыр.
Болғанда ақсақ - дария, соқыр - қарға,
Ортасын дарияның қарға шоқыр, - деп жырлаған ақын: (Шөже)
• Құнанбай: "Өзіңе келетін сөзді білмейсің!" - деп, Балтаны қуып шығуы қай
айтысқа байланысты? ("Балта мен Шөже" айтысы)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясының І кітабында Абай нам ретінде
қалыптасқан? (Азамат)
• "Абай жолы" эпопеясының "Жұт" деген тарауында Абайдың көрінген
қыры: (Халық қамқоры)
• "Абай жолында" Абайға: "Бөжекеңді көрген жерде с
айтқан адам: (Ұлжан)
• "Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз…" -
деген сөздің иесі: (Бөжей)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" шығармасындағы сыр бермес кейіпкер: (Бөжен)
• "Абай жолы" романындағы Құнанбай мен Бөжейді татуластыру үшін сіз
болатын қазақ салты: (Бала асырап алу)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" романындағы Абай қол ұшын бере алмай,
қыршын кеткен қарындасының аты: (Кәмшат)
м. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында Бөжей үйіне берілген Абайдың
қарындасының есімі: (Кәмшат)
"Мына да қарлар не дейді?
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді,
Ұрлап та көмдің Бөжейді," - деген наразылық айтушы әйел: (Сары апа)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы асы берілген адам: (Бөжей)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" романында Абайдың беделін биіктеткен ас беру
рәсімі кімдікі? (Бөжейдікі)
«Екі түн, бір құн ұйықтаған Абай осы қалың ұйқының уағында өзінің қандайлық
абыройлы, атақты жақсы жігіт атымен оянғанын білген жоқ еді». Абай
болмысына өзгеріс әкелген оқиға: (Бөжей асынан кейін)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында, Бөжейдің асында Абайға көмекші
әрі ақылшы болған адамдар: (Ызғұтты, Ербол)
• Сүйіндік, Қаратай, Бөжей - М. Әуезовтің қай шығармасының
кейіпкерлері? ("Абай жолы")
• "Уәй,тәңір-ай, мен Құнанбайды өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе?
Жалғыз-ақ "не қылайыны" жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?" - деген
кейіпкер: (Қаратай)
М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Құнанбайдың жақсы, мырза,
шешен адам екенін мойындайтын кейіпкер: (Қаратай)
• "Салиха қыздың дауы" қай романда сипатталған? ("Абай жолы")
• Абайдың "Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында" деген өлеңді жазуына
түрткі болған оқиға: (Салиха қыздың дауы)
**** М. Әуезовтің "Абай жолы" романындағы әйелдер бейнесі:
("Керімбала;*Салиха;*Салтанат)
• "Абай жолы" романындағы Құнанбай типтес бейне: (Оразбай)
• "Абай жолындағы" шынжыр балақ, шұбар төс үстем тап өкілдерінің
бейнесі: (Құнанбай, Оразбай)
• Абай: "Қолында құралы бар бірен-саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан
қойшы-қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су
артық деп білемін, " - деп кімге айтқан?: (Әкесіне)
• Абайға: "Көрінгенмен жақын боласың, кісі танымайтын желбегей жүрген кісінің
басына ел үйірілмейді," - деген мінді кім айтқан? (Құнанбай)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында Абай мына жолдарды қай ақынға
айтқан: "Менің әкемнің де сүйетін өлеңі болар. Жалғыз-ақ сіздің есіңізде қалғаны,
әлгі бір "Шұбарым, арғымағым, кер маралым, өз заңынша болкендік жандаралым!"
- деген өлеңді жақтырмай сынағаны болмаса. " (Қадырбайға)
• «Абай жолы» романында Абай мен жұт апаты туралы әңгімелескен, көпті
көрген, зерек ойлы ақын: (Қадырбай)
"Мен Құнанбай баласы (Тәкежан) өзіміздей адам баласы екенін таныттым. Ғрсаң,
оған таяқ тиетін, жұлқысаң оның да жыртылатын жағасы барын таныттым,
- деген сөздердің иесі: (Базаралы)
• "Абай жолы" романындағы Дәркембай: (Кедей жатак)
*** "Абай жолы" эпопеясындағы "ККуштілер нені айтады? Күшсізге еткен
зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады",
айтқан: (*Дәркембай)
• Құнанбай Меккеге аттанарда құн сұрай келген адам: (Дәркембай)
М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы Дәркембай Меккеге аттанарда
Құнанбайға не үшін барған? (Құн сұрауға)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында Құнанбайды Дәркембайдың
оғынан арашалап алған: (Бөжей)
• "Абай жолының" кейіпкерлері: (Дәркембай, Базаралы, Ербол)
"Абай жолындағы" халық өкілдерінің бейнесі: (Дәркембай, Базаралы)
• М. Әуезовтің "Абай жолы" романындағы ру аралық жанжалдардың
асқынып барып ұласқан жері: (Тоқпамбет, Мұсақұлдағы қарулы
қақтығыстар)
• "Абай жолы" романындағы Абайды әншілік өнеріне тәнті еткен Арқаның
саңлақ әншісі: (Біржан сал)
• "Абай жолы" романында Абайдың қонағы болған өнерпаз: (Біржан сал)
* *** М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясында: «Тобықты ішіне сонау алыс
Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ…» Сөз болып отырған әнші: (*Біржан
сал)
*** «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!…» -
деген: (*Біржан сал)
• "Абай жолындағы" өнер адамдарының бейнесі: (Маған, Кәкітай); (және
Әбіш, Дәрмен, Мұхаметжан)
• *** "Абай жолы" роман-эпопеясындағы Абайдың артынан ерген жастар:
("Мағаш; *Мұхаметжан; *Дәрмен)
* *** "Абай жолы" роман-эпопеясындағы Абайдың ақын-шәкірттері:
(*Әбіш; *Мағаш; *Кәкітай)
• "Абай жолы" романында қамтылған әйелдер бейнесінің жалпы саны: (100-
ге тарта)
• "Абай жолындағы" әйелдер бейнелерінің қатары: (Зере, Улжан, Салтанат)
• "Кең жайқын әлемде түзу жол сызып, маңып барады… Халық үмітін арқалаған сай
кеме "Келешек" деген жағаға қарай тартты. " Кімнің қай шығармасынан?
(М. Әуезов "Абай жолы" романы)
• Абайды "Қазақ әдебиетінің классик атасы" деп бағалаған жазушы:
(М. Әуезов)
• "Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым
алған нәрімнің барлығы да - Абайдан, " - деп айтқан: (М. Әуезов)
• Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясы туралы "Тек қазақ әдебиеті ғана
емес, бүкіл кеңес әдебиетінің аса үздік жетістіктерінің бірі, " - деген пікірді
айтқан: (Қаныш Сәтбаев)
"Абай жолы" эпопеясы - жарты ғасырлық қазақ өмірінің энциклотедиясы," -деп
баға берген атақты адам: (Қаныш Сәтбаев)
М. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын оқығандығы әсерінен өзінің калай
қазақ болып кеткенін білмей қалған жазушы: (К.седин)
Бенжамен Матиптің "Қазақ - неткен гажайый халық" деген пікірі қай
шығарманы оқығаннан кейін туындаған? (М. Әуезов "Абай жолы")
• Н.Погодиннің пікірі: ("Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай"")
• Солақай сыншылар "Абай жолына" көк сүңгі сілтеп, М. Әуезов басына
әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушы: (Ғ.Мүсіренов)
"Сүйіндік - жалтақ, Байдалы - табанды, қырып адам, Бөжей - сыр бермес, Каратай
жеңген топтың қасында… Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар - патша
үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар… Зере - ел
анасы, *ұлжан - соның жалғасы, Сары апаң - үстем рудың әрқашан өзімдікі дұрыс
деп, қисыны келсе-ақ қарсы дау соғатын кеуделісі…" (F.Мүсірепов)
"Абай" эпопеясы - творчествоның тылсым сырына өмір мен өлеңнің өзара
башанысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі
ең шоқтығы биік үздік шығарма, " - деген пікірдің иесі: (М.Луконин)
• "М. Әуезовтің "Абай жолын" оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан
өткендей болады". Кімнің пікірі? (3. Қабдолов)
• Қазақ әдебиетінде драмалық шығармалардың классикалық үлгілерін
тудырған жазушы: (М. Әуезов)
**** М. Әуезовтің замана шындығын көрсететін драмалары: (*"Тастүлек",
"Алма бағында"; ***Түнгі сарын", "Шекарада"; *
"Тартыс")
*** М. Әуезовтің пьесалары: (*«Айман-Шолпан»; *«Абай»; *«Түнгі
сарын»)
*** М. Әуезовтің пьесалары: (*«Тартыс»; *«Абай»; *«Түнгі сарын»)
, *** М. Әуезовтің драмалық шығармалары: (*" Абай"; *"Қарагөз": #"Түнгі
сарын")
• Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш пайда болған өңір: (Ералы
жазығындағы Ойкұдық жайлауы)
• Абайдың жары Әйгерімнің сегіз қанат киіз үйінде М. Әуезовтің режиссер
ретінде алғаш қойған пьесасы: ("Еңлік-Кебек")
*** М. Әуезовтің тұңғыш күрделі шығармасы: (***Еңлік -Кебек")
• М. Әуезовтің драматургияның пайда болғанын әйгілейтін пьесасы:
("Еңлік-Кебек")
• М. Әуезовтің 1926 жылы Қазақ ұлттық театрының шымылдығын тұңғыш
ашқан пьесасы: ("Еңлік-Кебек")
М. Әуезовтің семинарияда оқып жүрген кезінде жазған тұңғыш драмасы:
("Еңлік-Кебек")
"Шыңғыстау жерінде XVIII ғ. қанды оқиға негізінде жазылған М. Әуезов
Драмасы: ("Еңлік-Кебек")
М. Әуезовтің ел ішіндегі аңызға сүйене отырып жазған пьесасы:
("Еңлік-Кебек")
М. Әуезовтің екі рет өңделіп (1943 ж.,1956 ж) өзгерістер енгізген пьесасы:
("Еңлік-Кебек")
М. Әуезовтің ескі рулық-феодалдық әдет-ғұрыпты суреттеген драмалық
шығармасы: ("Еңлік-Кебек")
• Батыр Кебек кімнің інісі? (Жуантаяқ Токтамыстың)
• М. Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасындағы Абыз сарыны нені білдіреді?
(Пьесаның идеялық мазмұнын)
• "Өз көңілімді барласам, дүниенің бәрі дос. Жарқыраған күн де, тұнжыраған түн де
дос…Сауық құрам-ән сүйем, саят құрам - сән сүйем, жалын ұрам - жар сүйем,"
деген сөздерді айтқан кейіпкер: (Кебек ("Енлік-Кебек")
• М. Әуезовтің "Еңлік Кебек" пьесасында Кебек кімге келіп болашағына бал
аштырған: (Нысан абыз)
• *** М. Әуезовтің "Еңлік-Кебек" трагедиясының кейіпкерлері: (*Абыз;
*Есен)
• "Еңлік-Кебек" пьесасының кейіпкерлері: (Кебек, Абыз)
• М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы Тобықтының биі. (Көбей); (Есен
- Найман батыры, Еспембет - Найманның биі)
• М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Найман батыры: (Есен)
• "Еңлік - Кебек" пьесасында Есеннің «Кебектен өш алам, батаңды бер, » -
деген сөзін құптамаған кейіпкер: (Нысан абыз)
• М. Әуезовтің "Еңлік - Кебек" пьесасындағы қай кейіпкердің сөзі? "Арадан
жол тап, тыныштық ойла. Артыңдағы етегіңнен ұстаған еліңнің мойнына
артқан қарызын ойла". (Қараменденің)
• "Еңлік-Кебек" пьесасында берілген үзіндіні айтқан кейіпкер және үзінді
кімнің толғауы?
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер? (Абыз. Асан қайғының толғауы)
• М. Әуезовтің революциялық дәуір мен социалистік құрылыс жылдарындағы
оқиғаларды суреттейтін пьесаларының бірі: («Тастүлек»)
*** М. Әуезовтің ескі рулық-феодалдық әдет-ғұрыпты суреттейтін
драмалық шығарма(лар)ы: (*"Еңлік-Кебек"; *"Қарагөз"; *"Бәйбіше-
тоқал")
• М. Әуезовтің пьесасы: ("Бәйбіше-тоқал")
• Ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарма:
("Бәйбіше-тоқал")
М. Әуезовтің 20-жылдардағы пьесалар бәйгесінде Ж. Аймауытовтың
"Шернияз" пьесасынан кейін орын алған шығармасы: ("Қарагөз"")
• М. Әуезовтің "Қарагөз" (1926 ж.) трагедиясы кезінде "аты шулы"
шығармаға айналып, тұрпайы социализмнің сынына ұшырау себебі:
(Көнені дәріптеу, болашақтан түнілу идеясы барлығы айтылды)
М. Әуезовтің "Қарагөз" трагедиясындағы өнер адамы: (Сырым)
• М. Әуезовтің "Қаракөз" пьесасының басты кейіпкерлері: (Сырым,
Қарагөз)
Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптың құрбаны болған М. Әуезовтің
кейіпкері: (Қарагөз)
• М. Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясында Қарагөз бен Сырымның
гашықтығына тас бөгеттей болған кедергі: (Екеуінің туыстық түбірі жеті
атаға жетпегендігі)
• «Атақты dуылдың маңдай алды жігіті, ақылды, «Қыз жүрегін өзіне бұра
алмаганына шерлі болады…» М.Әуезовтің "Қаракөз" трагедиясының
кейіпкері: (Нарша)
• М. Әуезовтің пьесасы: ("Қара қыпшақ Қобыланды")
М. Әуезовтің студент-жастар тұрмысын суреттейтін пьесасы: ("Алма
бағында")
• М. Әуезовтің ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбына арналған пьесасы: («Түнгі
сарын»)
• Жантас, Тәнекелер М. Әуезовтің қай пьесасының кейіпкерлері? ("Түнгі
сарын")
М. Әуезовтің "Түнгі сарын" пьесасындағы болашақ төңкерісшінің бейнесі:
(Жантас)
М. Әуезовтің қай драмалық шығармасының кейіпкері? "Орасан шебер
жасалған образ - Жүзтайлақ. Ол - әрі сиқыр, әрі сылқым, әрі сұңғыла, әрі ақылды,
әрі айлалы, зымиян жауыз әйел. ": (""Түнгі сарын", 1934 ж.)
"М. Әуезовтің "Түнгі сарын" пьесасындағы Жүзтайлакаың шын есімі:
(Бибіш)
Жұзтайлақ (М. Әуезов) қандай бейне? (Өзіне ұқсас жүз әйелден құрылған
жиынтық образ: сұлу да сиқыр, ақылды да жауыз. )
• Л.Соболевпен бірлесіп, ұлы ақын Абайдың сахналық бейнесін тұңғыш
жасаған қаламгер: (М. Әуезов "Абай")
" Драматургия - қазақ әдебиетіндегі негізінен М. Әуезов тудырған жанр, " - деп
айтқан: (С. Мұқанов)
М. Әуезов Батыс Европа мен орыс драматургиясынан қанның пьеса
аударған? (Сегіз)
* Сегіз пьесаны аударып, отыз екі шығарма (драма, комедия, трагедия,
киносценарий, опера либреттосы) жазған қаламгер: (М. Әуезов)
М. Әуезов драматургия саласында барлығы қанша шығарма (драма, комедия,
рагсдия, киносценарий, опера либреттосын) жазған? (Отыз екі)
• М. Әуезовтің Н.В.Гогольден аудармасын белгіленіз: ("Ревизор")
Гогольдің "Ревизор", Шекспирдің "Отелло"Асауға тұсау" пьесаларын
аударған жазушы: (М. Әуезов)
*** М. Әуезовтің аудармалары: (***Асауға тұсау", "Ақсүйектер";
***Отелло", Любовь Яровая"; ***Дворян ұясы", "Ревизор")
*** М. Әуезовтің В.Шекспирден аударған аудармалары: (*«Асауға тұсау»;
*«Отелло»)
М. Әуезовтің соғысқа дейінгі бесжылдыкта жазған ең жақсы аудармаларына
сәл кейінірек қосылғаны: ("Асауға тұсау")
• М. Әуезовтің Погодиннің аударған шығармасы: ("Ақсүйектер")
• М. Әуезовтің Тургеневтен аударған шығармасы: («Дворян ұясы»)
• К.Треневтің "Любовь Яровая" пьесасын аударған жазушы: (М. Әуезов)
• М. Әуезов қазақ әдебиетінде драмалық шығармалардаң классикалық
үлгілерін тудырды, соның көбі: (Трагедия)
• М. Әуезов талантының жан-жақтылығына лайық жауап: (Жазушы, ғалым,
ұстаз)
• Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов неше жікке (жанрға) бөлген? (3-ке)
• Ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап
көрсеткен қаламгер: (М. Әуезов)
• Қырғыз халқының ұлы эпосы "Манасты" зерттеп, монографиялық еңбек
жазған қаламгер: (М. Әуезов)
• "Ақындар айтысының ерекшелігі - онда «халық театрының анық, дәл ұрығы бар, "
- деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
"Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді, "
- деген қанатты сөздің авторы: (М. Әуезов)
• Төмендегі сөздер кімдікі? "Кейде бүкіл ертек жұмбақтан туады…Ертеде ердің
даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған. " (М. Әуезов)
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - адал достықты жырлайтын дастан…" - деген
пікірдің иесі: (М. Әуезов)
• "Қодар - Қарабайдың қара шоқпары, қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі, " -
деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
• 1954 жылы қазақ жазушыларының III съезінде F. Мүсіреповтік "Қозы
Көрпеш-Баян сұлу" драмасына жоғары баға берген ғалым-жазушы:
(М. Әуезов)
• «Махамбет жаратылысында әрі батыр, әрі жырау-ақын, әрі күйші-домбырашы
болыпты. Мінезі өте қызулы, әдіс-шеберлікті көп ойламайтын, бет алған
жағынан қайтпайтын, қайсар ер адам болған». Пікірдің авторы: (М. Әуезов)
• "Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін
десең, әйелдің халін түзе!" - деген пікірдің авторы:(М. Әуезов)
• "Ұстаздық - ұлы нәрсе!" - деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
*** "Сөз ішінде асылы - өлең сөз. Ендеше, сол өлең сөзді дерт-індетке қарсы
қойып, ескі діндік ырым атқарады. Осындай жолмен сол ескілікті діни нанымнан
туған айтыс … айтысы болады» деп М.Әуезов пікір айтқан айтыс түрі:
(*Бәдік айтысы)
"Бүкіл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне
түсіріп, алғашқы рет халық қамын ойлап, күңіренген қария - Асан…" Кімнің
айтқаны? (М. Әуезов)
"Қазақ" газеті, оның жаны болған А. Байтұрсынұлы жайлы құнды пікір
айтқан адам: (М. Әуезов)
"Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген қазақ тілі, тарих ұмытпайтын істер
болатын, " - деген пікірдің авторы: (М.Әуезов); Сол пікір-тұжырымды
айтқанда М. Әуезовтің жасы: (25-26-ларда)
"Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін…" Кімнің
жүрек сыры? (М. Әуезов)
• Мағжанның ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгер: (М. Әуезов)
• "Бүгінгі күн жазушылары ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз - Мағжан сөзі, " - деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)
"Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен, " -
деген пікірді айтқан адам: (М. Әуезов)
"Өлеңі не күлдірмесе, не жылатпаса - өлең емес. Нәрсіз сөз - зілсіз оқ есепті"
дейтін еді Жамбыл. Сол сипаттың бәрі де Жамбылдың өзінді бар еді". Үзінді
авторы: (М. Әуезов)
• "ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда көркем проза туа бастайды. Оның
алғашқы бастамасы Спандияр Көбеевтің "Қалың мал" романы болды, " - деген
пікірдің иесі: (М. Әуезов)
• "Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-
қуат…барлығын Сәкен басынан мол кешті," - деген пікірдің иесі: (М.Әуезов)
• "Мен Ілиясты бұрын да білуші едім. Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын
екенін мойындағаным - "Жетісу суреттері" өлеңін оқығаннан кейін, " - деген
пікірдің авторы: (М. Әуезов)
• "Бейімбет шығармашылығы дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді, " - деген
пікірді айтқан: (М. Әуезов)
• "Шығанақ бейнесінде еңбек таразысын танытатын әзі дана, барынша адал
пейілді адам бейнесі жақсы сипатталған, " - деген пікір иесі: (М. Әуезов)
• "М. Әуезов маған әкемдей қамқор болған кісі, " - деген пікірдің иесі: (Шыңғыс
Айтматов)
"Өз басым өзге елге сапарға шыққанда өзіммен бірге алып жүрер екі түрлі ұлттық
асылым бар: бірі - «Манас», бірі - М. Әуезовтің «Абай жолы» - деген пікірдің
авторы: (Ш. Айтматов)
• "Қазақстан үшін Әуезов 6 - екінші Абай, " - деп айтқан: (Н. Погодин)
… «Қазақтар туралы бұрын ештеңе естімеген едім… Шынында, қазақтар
неткен ғажайып халық, » - деп баға берген: (*Бенжамен Матип)
• Мұхтар Әуезов пен Расул Ғамзатов арасындағы байланыс: (Рухани
байланыс)
"М. Әуезов: "Тілің күмбірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды," - деп кімге
айтқан? (Расул Ғамзатовқа, Дағыстан халқының ақыны)