Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады


БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894-1938)



бет72/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122
Байланысты:
Åæåëã³ ä?ó³ð ?äåáèåò³ áåñ êåçå?íåí ò?ðàäû

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН (1894-1938)
"Драмалық ірі сертіннің басы - "Майдан." (М. Әуезов)
"Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға
бергенде үзіліп кетті. " (F. Мүсірепов)
Туған жері: бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысы, Ақтөбе елді
мекені (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы).
Шығармалары: көптеген өлеңдері, әңгімелері бар.
Повестері: "Шұғаның белгісі" ("Садақ" журналы, 1914), "Раушан - коммунист";
Романы: "Азамат Азаматыч";
Позмалары: "Рәзия қыз" (1919), "Маржан" (1933), "Өтірікке бәйге" (1922), "Хан
күйеуі" (1923), "Бөліс" (1927), "Кемпірдің ертегісі" (1927), "Қанай" (1928);
Драмалық шығармалары: "Шұға"
"Жалбыр",
"Майдан",
"Амангелді"
(F. Мүсіреповпен бірге), "Шаншар молда", "Талтаңбайдың тәртібі", "Неке қияр",
"Ауыл мектебі" т. б.
Таным дерек
Б. Майлин 4 роман (бесіншісі "Қарашаш" романы табылмады), 17 повесть, 19 поэма, 15 пьеса
(барлығы 24), 2 сценарий, I либретто жазған. Өлеңдерінің саны - 201, фельетоны - 132, очеркі
- 38, мақаласы - 700-ден асады. Жазушының 74 бүркеншік аты бар екендігі анықталды.
(Тоқтар Бейісқұлов)
• Қазақ әдебиетіндегі "Үш бәйтеректің" бірі: (Б.Майлин); (және
С. Сейфуллин, І. Жансүгіров)
• Б. Майлиннің өмір сүрген жылдары: (1894-1938 жж.)
• Б. Майлиннің туған жері: (Торғай облысы, қазіргі Қостанай облысы)
Б. Майлиннің шын есімі: (Бимағамбет)
• Б. Майлин білім алған татар мұғалімі: (Әбдірахман Сатыбалдин)
• Б. Майлин оқыған "Уазифа" мектебі орналасқан қала: (Троицк)
• Бейімбетпен Медресе Ғалияда жақын дос болған, бірге оқыған башқұрт
ақыны: (Сайфи Құдаш)
• "Садақ" қолжазба журналының әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған
жазушы: (Б. Майлин)
• 1922 жылы С. Сейфуллиннің шакыруымен Орынборға келіп, баспасоз
қызметіне кіріскен жазушы: (Б. Майлин)
Б. Майлин 1923-1937 жылдары: (Елуге жуын кітап, жинақ жаризлаған)
Б. Майлиннің Қостанайға барып, жаңадан шығарысатын газетінің аты;
("Ауыл")
"Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Ондіріс
өмірін сурепітеуге мен әлі күнге дейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге дейін
өндіріс өмірі мен таныстығым жоқ. " - деген пікірдің авторы: (Б. Майлин)
• Б. Майлиннің 1916 жыл оқиғасына арналып жазылған поэмасы:
("Кемпірдің ертегісі", 1927 ж.)
Б. Майлиннің қоғамдық маңызы үлкен әлеуметтік мәселелерді қозғайтын
поэмасы: (" Кемпірдің ертегісі")
Б. Майлиннің өлеңі: ("Кедейге")
Б. Майлин шығармаларының басты тақырыбы: (Кедей өмірі)
"Мұсылмандық белгісі", "Әкесінен хат"Садақбайға" деген өлеңдердің
авторы: (Б. Майлин)
• Б. Майлиннің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тұсындағы ауыл өмірінің
ақиқатын суреттеген шығармасы: («Әкесінен хат»)
Б. Майлиннің ел-жұртты тегіс еңбекке шақыратын өлеңі: ("Қуаныш")
• "Қуаныш", "Кедейдің кейістігі" деген өлеңдердің авторы: (Б. Майлин)
"Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы, шерім аршылар," - деген үзінді алынған Б. Майлиннің
өлеңі: ("Кедейге")
• Б. Майлиннің кедейлер мұқтажын білдіру, әділетсіздікті сынау сарыны
аңғарылатын өлеңі: («Байлыққа») (және «Мұқтаждық», «Мал», «Қарынға»)
• Б. Майлиннің патшаның тақтан құлаған кездегі жазған өлеңі: ("Қазаққа")
• Б. Майлиннің әйел басының азаттығына арнаған өлеңі: ("Азат әйел")
"Сен азаттық көркісің,
Азаттығын мәңгі, мәңгі,
Мәңгі-бақи бекісін!"-- деген үзінді Б. Майлиннің қай өлеңінен алынған?
("Азат әйел")
• "Азат әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық көркісің…" - деген өлең тармақтары қай өлеңнің үзіндісі?
("Азат әйел")
• Б. Майлиннің поэмасы: ("Рәзия қыз", 1919 ж.)
• Б. Майлиннің әйел теңдігін жырлаған шығармасы: ("Рәзия қыз")
• Б. Майлиннің әйел теңдігін жырлаған шығармасы: ("Маржан")
• *** Б. Майлиннің "Маржан" поэмасындағы Маржанды сүйген жігіт(тер):
(*Сәлім (жас қойшы); *Тасқара (жалшы)
• "Рәзия қыз", "Кемпірдің ертегісі", "Қанай" поэмаларының авторы:
(Б. Майлин)
*** Б. Майлиннің әйел теңдігі тақырыбына арналған шығармалары:
(*«Қашқан келіншек»; *«Рәзия қыз»(1919); (*«Байдың қызы», «Зәйкүл»,
«Маржан»(1933)
*** Б. Майлиннің кедейлер мұқтажын білдіру, әділетсіздіктерді сынау
сарыны аңғарылатын өлеңдері: (***Мал"; ***
(және "Қарынға")
• Б. Майлиннің шығармаларындағы ұнамды кейіпкер: (Қақ-соқпен ісі жоқ,
момын, еңбекші, адал да, аңқау жан)
• Б. Майлин шығармаларындағы типтік образ (жиынтық кейіпкер):
(Мырқымбай)
• Қай автордың бір кейіпкері образ-символға айналып, 20 шақты өлеңіне
арқау болған? (Б. Майлиннің Мырқымбайы)
• "Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!
Бай, бай, бай, бай!" -деген өлең тармақтарының авторы: (Б. Майлин)
"Бара алмаймын!
Оған пенде бола алмаймын!
Тентіретіп жіберсең де,
Бұл тіліңді апа алмаймын!" Үзінді алынған Б. Майлиннің өлеңі:
("Мырқымбай")
"Бар, шақырып кел!
Сары атты бер!…" - үзіндісі алынған өлең: ("Мырқымбай")
• Б. Майлиннің шақырған жұмысқа бармай, жер жыртуға әкесі кетіп, өзі үйде
келіншегінің қасында қалғанын сипаттайтын өлеңі: ("Кедейдің кейістігі")
• "Қойшы-қолаң, қайда өңкей сиыршы!
Маңайыма келіп бәрің жиылшы!"-- деген тармақтар Б. Майлиннің қай
кейіпкерінің сөзі? (Мырқымбайдың)
"Барлық қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін, "- деген Б. Майлиннің өлең жолдарынан
аңғаруға болады: (Астарлы кекесінді)
• Б. Майлиннің сатиралық өлеңі: ("Ыбыраймыз,Ыбырапмын")
• Б. Майлин шығармашылығының ең үздік шыңы деп есептегеніңізді
белгілеңіз: ("Жауынгер жанр" әңгіме жанрының озық шебері)
• Б. Майлиннің әңгімесі: ("Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры")
• *** «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" әңгімесіндегі атқамінер қу
адамдар: (*Сәдуақас; *Айсары)
• Б. Майлиннің әңгімесі: ("Қанды кек")
• Б. Майлиннің ауылдағы кейбір жалған белсенділердің зиянкестігін, колхоз
ісіне кесапат тигізгенін сөз ететін шығармасы: ("Ұлбосын")
• "Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар: бір пұт ет, он қадақ шыртылдақ,
он қадақ ескі темір, он қадақ ескі жүн, төрт мүйіз, бес тұяқ, бір ит терісі, бір
мысық терісі…" Үзінді Бейімбеттің қандай әңгімесінен? ("Ұлбосын")
Б. Майлиннің қаламынан туындаған шығарма: ("Қара шелек")
"Қара шелек" әңгімесінде табиғи суреттелген: (Колхозға ұйымдасудың
бір көрінісі)
Бірмағамбет, Айша Б. Майлиннің қай шығармасының кейіпкерлері?
"Қара шелек")
Б. Майлиннің әңгімесі: («Кедей теңдігі»)
• Бұқабай - Б. Майлиннің қай әңгімесінің кейіпкері? ("Кедей теңдігі")
"Мен Жындыбаевпын!" деп айқай салатын кейіпкер қай жазушының
қаламынан туған? (Б. Майлиннің)
Б. Майлиннің кейіпкері: (Желдібай)
Б. Майлиннің "Желдібай Жындыбаев" әңгімесінің оқиғасы суреттелетін
уақыт: (1930 жылдардағы ел тіршілігіндегі келеңсіздіктер)
Б. Майлиннің "Күлпаш", "Әже", "Айт күндері" әңгіменерінің ортақ
тақырыбы: (Аштық, жоқтық, қиыншылық құрбандары)
Б. Майлиннің "Ауыл" газетінде жарық көрген әңгімесі: ("Айранбай")
• Б. Майлиннің "коммуниске жазылған" кедейдің тұрмысы, санасы
"революцияланғаны" туралы әңгімесі: ("Айранбай")
Б. Майлиннің "Айранбайы" қандай әңгіме? (Терең психологиялық)
Б. Майлиннің "Айранбайы" айтатын ән: ("Көкек")
• "Үдетпелі жоспарды жиырма төрт сағат ішінде орандатпақшы" болған
Б. Майлиннің кейіпкері: (Талтаңбай)
• Арыстанбайдың Мұқышы қандай кейіпкер? (Жалапор, бұзық)
• "Төртбақ, теке көз, шалбар бет қара" қай кейіпкер? (Арыстанбайдың
Мұқышы)
Б.Майлиннің бір шығармасындағы баққаны - өсек, іздегені - пәле, җұрт
арасына іріткі салып, атыстырып-шабыстырып жүретін кейіпкері:
(Мұқыш)
• Б. Майлин шығармашылығының ең негізгі жинақталған сипаты: (Юмор,
сатира, сатиралық сықақ, ащы сынның, байсалды реализмнің
астарлы келуі)
• Б. Майлин әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі: (Қарапайымдылығы,
шыншылдығы, табиғилығы, адамның жан сырын ондағы өзгерістерді
шебер беруі)
• Б. Майлиннің әңгімесінде: «Өзі жаяу, жалаң аяқ, ерні кезерген, тілінген.
Үстінде шоқпыт-шоқпыт қима шапанның жұрнағы бар» деп суреттелген
кейіпкер: (Түйебай)
Б. Майлиннің повесі: ("Раушан - коммунист")
• Б. Майлиннің өзі өмір сүріп отырған заман талабына жауап ретінде
жасалған замандас бейнесі: (Раушан, Азамат)
• Бәкен деген кейіпкері бар Б. Майлиннің шығармасы: («Раушан -
коммунист»)
Бәкен Б. Майлиннің қай шығармасының кейіпкері:
("Раушан-коммунист" повесі)
Раушан тағдырындағы ең басты қиындық: (Бәкеннің надандығы)
"Раушан - ел ішіндегі күң әйелдердің арасынан шыққан көсем, " - деген пікірдің
иесі: (Мәриям)
Б. Майлиннің "Раушан-коммунист" повесіндегі Раушанның Қамар,
Ғайшалардан ерекшелігі: (Саяси санасы)
Б. Майлиннің ең алғашқы Прозалық шығармасы: ("Шұғаның белгісі",
1914)
• Б. Майлиннің 20 жасында жазған тұңғыш шығармасы: ("Шұғаның
белгісі")
• Б. Майлиннің әйел теңсіздігі сөз болатын шығармасы: ("Шұғаның белгісі"
• "Шұғаның белгісі" повесі неше тараудан Тұрады? (13)
• Б. Майлиннің алғаш рет "Садақ" журналында жарияланған шығармасы:
("Шұғаның белгісі")
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі оқиғаның куәгері, әңгімелеп
айтушы адам: (Қасымжан)
*** Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесінің кейіпкерлері: ("#әбдірахман;
*Есімбек; *Қасымжан)
• "Ерекең", "Қамысақты" географиялық атауларының қай шығармада
қолданылған? (Б. Майлин "Шұғаның белгісі"))
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі Шұғаның әкесінің аты:
(Есімбек)
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі Әбдірахманның сүйген қызы:
(Шуға)
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі Шұғаның сүйген жігіті, бас
кейіпкері: (Әбдірахман)
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі бас кейіпкері мұғалім болуы
және оны Әбдірахман деп атауының себебі: (Алғашқы екі ұстазының да
аты Әбдірахман болған)
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі бас кейіпкерлер: (Әбдірахман,
Есімбек)
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі кейіпкерлер: (Әбдірахман,
Күлзипа)
• Ыбырай, Беркімбай, Қажыбай атты кейіпкерлер кездесетін
Б. Майлиннің шығармасы: ("Шұғаның белгісі")
• Кәрім, Зәйкүл, Қаржау атты кейіпкерлер кездесетін Б. Майлиннің
шығармасы: ("Шұғаның белгісі")
• Б. Майлиннің қай шығармасында Зәйкүл, Есімбек атты кейіпкерлері бар:
("Шұғаның белгісі")
• "Шұғаның белгісі" повесіндегі болыс Құрман: (Есімбектің туған құдасы)
• Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" повесіндегі сюжеттік байланыстың қай
оқиғадан басталады? (Шұғаның Әбдірахманды тұңғыш көруінен)
"Отаудың сықырлауығынан Шұғаның сығалап, бізге қарап тұрғаны
білінді…" - деген сөйлемнен кейінгі әңгіме құрылысының жалғасы:
(Сюжеттік дамуы)
• "Шұғаның белгісі" повесіндегі сюжеттің шарықтау шегі: (Шұғаның қатты
кусым боп ауруға шалдығуы, амалсызданЕсімбектің Әбдірахманды
тұтқыннан босатуы)
Б. Майлиннің "Шұғаның белгісі" аяқталатын оқиға: (Шұғаның өлімі)
"Бұрын "Тарғыл өгіз сойған" деуші едік. Есімбек сол "Өгіз сойғанның" ең шұрайлы
жеріне қонушы еді. " Үзінді алынған шығарма: ("Шұғаның белгісі")
"Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның,
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын…" - деген Б.Майлиннің "Шұғаның
белгісі" повесіндегі үзінді кімнің аузынан айтылады? (Әбдірахманның)
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Журмісің аман-есен көз көргенім… "Шұғаның белгісі" повесіндегі қай
кейіпкердің сөзі? (Кәрімнің)
Әуре боп неге біткен ажар, көрік,
һшіне от түсірдің қалқам, көріп.
Гұлденту жас өмірді мақсұт боп ед,
Серттесіп, қол алысып, уәде беріп, " - деген қоштасу хат: (1ұғанікі, 1-
шумағы)
"Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.
Көре алмай ақтық минут дидарыңды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы…" Үзінді қай шығарма соңында
кездеседі? ("Шұғаның белгісі", 2-шумағы)
"Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дүгаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!" - деген хаттың авторы: (Шұғаның
өлерде жазған хаты, 3-шумағы)
*** Б.Майлиннің шығарма(лар)ы: (*"Азамат Азаматыч" романы)
*** Б.Майлиннің шағын пьесалары: (*«Қос қақпан», *«Шаншар молда»,
*«Келін мен шешей»)
*** Б. Майлиннің драмалық шығармалары: (*Неке қияр»; *«Шаншар
молда»; *"Ауыл мектебі")
*** Б. Майлиннің пьеса(лар)ы: (*""Біздің жігіттер"Амангелді"; *"Ауыл
мектебі", "Неке қияр"; *"Талтаңбайдың тәртібі", "Шалбар")
• Б. Майлиннің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа арналған
(F. Мүсіреповпен бірлесіп жазған) пьесасы: ("Амангелді")
Б. Майлиннің F. Мүсіреповпен бірігіп жазған пьесасы: ("Амангелді")
• Б. Майлиннің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы жазылған пьесасы:
("Жалбыр")
• Б. Майлиннің "комедия саласындағы шыққан ең үлкен биігі" деген
туындысы: ("Талтаңбайдың тәртібі")
"Талтаңбайдың тәртібі" драмасында Талтаңбайдың талтаңдау себебі:
(Көргенсіз, кұр кеуде, даңғой парықсыз болғандақтан талтаңдайтын
аллегориялық бейне)
Б. Майлиннің пьесасы: ("Шаншар молда"))
Б. Майлиннің "Неке қиярда" негізгі тартыс түйінін қай кейіпкердің іс-
әрекеті арқылы шешетіндігін табыңыз: (Ылаңбай)
Б. Майлиннің "Неке қияр" пьесасындағы:
"Қыз да болсаң, ұлдай ең
Ұлдан тағы жұрдай ем.
Қуанышымды қайғы қып,
Ылаңбай-ау, қылдың сен!"- деген жыр жолдарын айтқан адам: (Қалампыр)
• Б. Майлиннің "Неке қияр" пьесасында әйелдердің еріктілік алатындығын
үлкен сеніммен айтқан адам: (Милиция)
• Б. Майлиннің пьесасы: ("Майдан")
• Колхоз құрылысы басталған кезеңнің шындығы бейнеленген Б. Майлиннің
шығармасы: («Майдан»)
• Б. Майлиннің "Майдан" пьесасындағы басты кейіпкер: (Досан)
*** Б. Майлиннің «Майдан» пьесасының кейіпкері Досанға тән сипаттар:
(*Енді сауатын ашып жүрген белсенді кедей; *Колхозға ұйымдасу ісін
қолдаушы)
• "Майдан" пьесасындағы "Ерегіске кеткенде, ала атқа билігім келер, қара
сиырды қатын бермей жүрсе қайтем? …Әй, үйің күйгір, Мамық-ай, біздің
қатынды бүлдіріп жүрген дәу де болса, сен-ау!" - деген монолог: (Досанның
монолог)
• Б. Майлиннің "Майдан" пьесасындағы Пүліш пен Әлішті аздырған адам:
(Мамык)
• "Майдан" пьесасындағы Досанның әйелі Пүлішті азғырып, жолдан
тайғызған жан: (Мамық)
• "Майдан" драмасындағы ақылсыздықтан арбауға түсіп, алып-тозған
"кедейдің кербезі" атанған кейіпкер: (Пүліш)
• 1934 жылы Қазақстан жазушыларының тұңғыш құрылтайында М. Әуезов
аса жоғары бағалаған пьеса: ("Майдан")
• "Майдан" айналасында талай "Майдандар" туатынын кезінде
көрегендікпен аңғарған жазушы: (М. Әуезов)
Б.Майлиннің "Майдан" пьесасы туралы "…колхоздастыру дәуіріндегі күрестің
таластың барлық жықпылы күнделікті сағат сайын, минут сайын соғуы, әрбір
ентіккен демі анық көрсетілген, "-- деген пікірді айтқан адам: (Саттар
Ерубаев, 1914-1937 ж.)
• "Биағаң халық жауы болса, мен де жаумын" деген қайсар сөздің авторы:
(F. Мүсірепов)
"Бейімбет шығармашылығы дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді, " - деген
пікірді айтқан: (М. Әуезов)
• Б. Майлиннің әңгіме жанрының хас шебері екендігін әйгілеген қаламгер:
(М. Әуезов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет