Білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Полис дегеніміз не? Қала мемлекеттерге сипаттама беріңіз.
2. Спарта мемлекетінің құрылымын сипатта.
3.Пелопоннесстегі қалалардың Спарта төңірегіне топтасуының негізгі себептерін ашып көрсетіңіз.
4. Афина мен Спарта қала мемлекеттерінің экономикалық, саяси әлеуетінің мол болуына қандай факторлар әсер етті?
5. Солон мен Клисфеннің реформасының қарапайым халық үшін маңыздылығы неде болды?
6. Македондықтар үшін қала мемлекеттерінің ішіндегі ең қауіптісі Афина болғандығын қандай себептермен түсіндіруге болады?
7. Аристократ, демократия, демос терминдірінің Грециядағы мазмұны мен қазіргі кезеңдегі бұл терминдер мазмұнының арасындағы айырмашылықтарды салыстыр.
8. Крит-Микен өркениетінің ерекшелігі және түп деректерін сипаттаңыз.
9. Крит және Ахей мемлекеттері Грецияның қай бөлігінде орналасқан?
10. Грецияның Аттика, Пелопеннес аймақтары мен Лаконика, Спарта және Мессения жерлерінің орналасуын түсіндір.
18 – Тарау
Классикалық дәуір (б.д.д. V-ІV ғғ.)
Классикалық дәуірдегі грек қоғамы
Б.д.д. V-ІV ғғ. грек қоғамы үш тапқа бөлінді. Олар – құл иеленушілер, өз шаруашылығында құл еңбегін пайдаланбайтын ерікті ұсақ өндірушілер және құлдар. Осындай үш топқа бөліну барлық ежелгі өркениеттер үшін дәстүрлі болып табылады. Бірақ ежелгі грек қоғамында полистік құрылымына байланысты өзіндік сипаты мен ерекшелігі болды.
Классикалық кезеңде грек құлдарының этникалық тегі грек еместерден қалыптасты. Полис азаматтарын құлға айналдыруға тиым салынған заңнан кейін, құлдықтың шығу көзі соғыс болды, соғыс кезінде қолға түсірілгендер құлға айналдырылды. Құлдардың семья құруға құқығы болмады. Дегенмен, құлдардың өзара бас қосып бірге тұруына тиым салынбады. Себебі, соғыс кезінде қолға түсірілген агрессивті құлдардан көрі, үй құлдары жоғары бағаланды.
Осылайша, Грециядағы құлдардың шығу кезі біртекті болған жоқ, жағдайлары да әртүрлі болды. Мысалы, ауыл шаруашылығы мен қолөнерде жұмыс жасайтын құлдардың жағдайы үй шаруашылығымен айналысатын құлдарға қарағанда ерекше болды. Құлдардың арасында бірауыздылық болған жоқ, мүдделері жағынан бірігу мүмкіндігі де болмады. Сондықтан, Греция құлиеленушілерге қарсы болған құлдардың ірі көтерілісін білген жоқ.
Аграрлық типтегі грек полистарында құлдар категориясына жақын бағынышты жұмысшылар болды. Мысалы, Спартада илоттар, Фессалияда пенесттер, Критте войкеялар. Олар барлық азаматтық қауымға тән болды. Бұндай категориядағы құлдарды «мемлекеттік құлдар» деп атады. Олардың семьясы, азғантай шаруашылығы болды, бірақ азаматтық қауымға бағынышты болды.
Грек құлиеленушілерінің тобы бірнеше фракцияға бөлінді. Олар құл еңбегінсіз өз жер бөлігін өңдейтін шаруалар немесе шаруа арендаторлар. Екінші топтың өкілдері – ұсақ қолөнершілер немесе саудагерлер-полис азаматтары. Еркін ұсақ өндірушілердің экономикалық және әлеуметтік статусы өзге топпен салыстырғанда біршама тұрақты болды.
Достарыңызбен бөлісу: |