Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Классикалық грек полисінің дағдарысы



бет69/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Классикалық грек полисінің дағдарысы

Б.д.д. V ғасырдың соңынан грек полистары ұзаққа созылған дағдарысты басынан кешті. Бұл Грецияның құлиеленушілік жүйеснің дағдарысы емес, себебі, құл иеленушілік экономиканың жіне полис аралық сауданың прогрессивті дамуы негізінде көрініс алды. Азаматтардың ұжымының томаға-тұйықтығы мен ынтымақтастығына, азаматтардың артықшылықтары арқылы полис азаматтарына жатпайтындармен, сыртқы ортамен қарама-қайшы қойылған грек полистері бұндай сынды көтере алмады.


Грек полисіндегі дағдарысты дәстүрлі «азамат-меншік иесі-жауынгер» деген байланыстың үзілуінен де байқауға болады. Бұрын әрбір азаматтың жер бөлігі болып, одан оның азаматтық статусы туындаса, енді, жерсіз азаматтардың саны көбейді. Бұл процесс азаматтардың экономикалық мүддесіне байланысты болды. Себебі, жерден түсетін табыстан ақшалай ссуданың табысы әлде қайда жоғары болды. Сонымен бірге, жер көзге көрініп тұратын байлық еді. Полис билігі жерді, есептеп, одан түсетін пайданың мөлшерін бағалап отыратын, ал ақша мен қымбат заттар көзге көрінбейтін, олардың жасырып қоюға мүмкіндік мол еді. Енді бұрынғы ауқатты азаматтар полис талап ететін әртүрлі әскери салықтар мен литургиядан қашып, бұрын құрмет болып саналатын міндеткерлікті орындаудан жалтарып отырды. Көзге «көрініп тұратын» мүлікті иелену тиімсіз болып қалды. Жерді алып-сату тәжірибесі кең тарады. Азаматтардың келесі бөлігі осындай жағдайда жер бөліктерін көптеп сатып салып, арендаға беріп, тұрақты табыс көзіне айналдырды. Арендалық байланыстарға жерсізденген азаматтар, метектер (азамат еместер), азаттыққа жіберілген бұрынғы құлдар тартылды. Бұрын тек азаматтардың ғана қолы жететін құрметті жер иелену құқығы азамат еместерге де мүмкін болды. Сондықтан кедейленген, жерсізденген азамат еместер, метектер, бостандыққа жіберілген құлдар әлеуметтік жағынан бір-біріне жақындап, бір топты қалыптастыра бастады.
Б.д.д. ІV ғасырдан бастап, көптеген полистер материалдық қиындықтарды сезе бастады. Полис территориясында өмір сүріп отырған шет жерлік байлар, азаматтық ұжымның басына іс түскенде материалдық көмек көрсетті. Ол үшін халық жиналысының шешімімен оларға үй, жер бөлігін, кейде азаматтық статус алуға рұқсат етті. Бұл дәстүрлі азаматтық меншік жүйесін бұзды. Дағдарыс кезеңінде көптеген полистер өздерінің кедейленген азаматтарын қолдауға тырысты. Қоғамдық жұмыстар мен «жұмыс орындары» ашылды. Афинада жағдайын түзеуге бағытталған осындай шараларды тек метектер мен еркіндікке жіберілгендер пайдаланды. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын Афина азаматтарының саны аз еді. Жерді арендаға беру, жалдамалы жұмыс сияқты байланыстарда да осындай көріністер орын алды. Өз еңбегімен материалдық жағдайын түзетуге тырыспаған кедейленген азаматтардың әрекетін полистің әлеуметтік шаралары мен бай мүшелерінің садақаларымен өмір сүреміз деп ойлауымен түсіндіруге болады. Кедейлер алған көмек ақыларын өндіріске емес, күнделікті қажетіне жаратты. Сондықтан, бұндай шаралар қажетті нәтижелерге қол жеткізбеді.
Бұл процестердің барлығы полис азаматтарының ынтымақтастығын бұзды. Б.д.д. V ғасырдың соғы мен ІV ғасырдың басында полистік әскердің негізі де жойыла бастады. Әскери компаниялар барысында азамат-жауынгерлер өз шаруашылығынан ұзақ уақытқа қол үзіп қалды, гоплиттік қару-жарағы барлардың саны азайды. Бұдан былай әскер мәселесі мен әскери техникаға талап басқаша болды. Дәл осы уақытта полис азаматтарының әскерде қызмет етуге байланысты көзқарасы өзгерді. Жалдамалы әскер пайда болды. Маманданған жалдамалылар жақсы үйретілген, тәртіпті, жанұялық байланыстары жоқ, өз шаруашылығына ұмтылмайтын. Екінші жағынан, жалдамалылар полистік ынтымақтастықтың барлығынан жұрдай еді, кім ақыны көп төлесе соған қызмет етті. Жалдамалылық полис ішіндегі саяси жағдайды ушықтырды, көптеген полистердің агрессивті сипатын күшейтті, өзге территорияларды жаулап алуға бейім болды. Өз азаматтарын тонап кететін жағдайлар да кездесті. Полистік азаматтық жауынгерлердің саны күрт азайды. Осылай ежелден келе жатқан азамат-жауынгер байланысы да үзілді.
Классикалық полистің тағы бір құрылымы – оның саяси ұйымы өзгеріске ұшырады. Халық жиналысы өзінің құрамы бойынша да, бағыты бойынша да бұрынғы сипатын жоғалтты. Б.д.д. ІV ғасырдың басында халық жиналысына қатысу үшін ақы төлеу кедейленген азаматтардың санының өскенін ғана емес, олардың саяси бейтараптылығын көрсетеді. Полистік демократияның негізі жойылды, көп жағдайда халық жиналысы азаматтардың емес, аз топтың мүддесін қорғады.
Сылайша гректердің классикалық полисі эллиндік өркениетке тән даму сатысы ретінде, тарихи көрініс ретінде өз мүмкіндіктерін жоғалтып алды. Полис жүйесінің экономикалық базасы – меншіктің антикалық түрі полис дағдарысы кезеңінде жеке меншікке ауысып кетті. Экономикадағы жаңа көріністер полистегі қоғамдық бастамалармен қайшылыққа түсті, классикалық полистің экономикасы тек шектеулі қолөнер мен нарықтың дамуына мүмкіндік беретін.
Қолөнер мен сауданың тұрақты түрде дамуы полис автаркиясын біртіндеп жоя бастады. Антикалық меншік түрінің қарсыласы ретінде жеке меншік классикалық полистің негізін жойып, оның өмір сүруін тоқтатты. Осылай полис дағдарысы анықталды. Азамат-меншік иесі-жауынгер деген байланыс жойылды. Демократиялық басқару құрылымы жойылды. Полистің саяси қайраткерлері Ахеменидтік державаны жаулап алу арқылы Грециядағы дағдарысты тоқтатып, әлеуметтік қайшылықты азайтуға болады деп есептеді. Бірақ Шығысқа жасалған жорық сәтті болу үшін, гректер полис аралық қырқысуды тоқтатып, бірігуі керек еді. Осындай жағдайда гректердің солтүстіктегі көршісі Македония гректерді қарудың күшімен біріктіре бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет