Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет38/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ежелгі ирандықтардың қалыптасуының тарихи-этникалық негіздері қандай?

  2. Мидия қай патшаның тұсында өз дамуының шарықтау шегіне жетті?

  3. Әлемдік Парсы державасының негізін кім қалады?

  4. І Дарий реформаларының әлеуметтік мәні неде?

  5. Парсы державасы қандай жағдайларда құлады?

ХІІІ ТАРАУ
ПАРФИЯ ЖӘНЕ БАКТРИЯ



  1. Парфия державасы.

Александр Македонскийдің шығыстағы иеліктерінің мұрагері болған Селевкилер патшалығы пайда болған уақыттан көп ұзамай-ақ бірте-бірте кішірейе бастады. Селевкилер үшін ең ауыры олардың ең қиыр шығысында орналасқан екі аймақтан айрылуы болды, бұл Бактрия (қазіргі Солтүстік Ауғанстан мен Әмудария өзенінің оң жағалауы) мен Парфия (Капетдаг тауы және соған жапсарлас жатқан Оңтүстік-Батыс Түркменстан, Солтүстік-Шығыс Иран жазықтары ) еді. Бұл аймақтар б.з.д. III ғасырдың ортасында екі селевкилік тақ мұрагерлері – Селевк пен Алтиохтың өзара билік үшін күресі кезінде бөлініп кеткен болатын.
Парфия патшалығының негізін қалаушы, шығу тегі белгісіз, бірақ атағы жер жарған (рим тарихшысы Юстиннің көрсетуі бойынша) Аршак деген кісі болды. Аршактың Бактриядан шыққандығын көрсететін мәліметтер кездеседі; алайда оған сүйеу болған негізгі күш Парфияның солтүстіктегі көршілері - көшпелі парна тайпалары болды (немесе дахтар - парналар кірген ірі тайпа одағы)
Бактрия мен Парфияның Селевкилерден бөлінуі III ғасырдың ортасына жатса, Аршактың таққа отыруы бұдан сәл кейінірек, дәлірек айтқанда, б.з.д. 238 жылға жатады. Парфия патшалығының өмір сүруінің алғашқы онжылдықтары өз иеліктерін кеңейту және Селевкилердің бүлікшіл аймақтағы өз билігін қалпына келтіруге ұмтылыстарын тойтару бағытындағы күреспен өтті.
Аршактың таққа отыруы кезінде Аршакидтердің қол астына бай Каспий маңы аймағы, яғни Гиркания және Мидияның бір бөлігі қарады. Алайда Аршакидтердің қуатты әлемдік держава «Ұлы Парфияның» билеушілеріне айналуы тек I Митридат тұсында, б.з.д. 171 - 138 жылдары іске асты. Бұл уақытта Аршакид иеліктері Гиндукуш тауынан Евфратқа дейін созылып жатты. Селевкилер парфиялықтардың тегеурініне төтеп бере алмады. I Митридат II Деметрий Никаторды тұтқындап, оған Гиркания жерінен иелік берсе, оның мұрагері II Фраат ( 138–128 жж.) б.з.д. 129 жылы VII Антиохты ойсырата жеңіп, Парфияның шекараларын нығайтты. Парфияның батысқа экспансиясын тек империяға шығыстан, Орталық Азияның көшпелі тайпалары баса көктеп кіре бастауы ғана уақытша тоқтатты (қытай жылнамаларында құрамына кушандар кірген бұл тайпа бірлес тігі да юэчжи деп атады; антика авторлары оларды тохарлар деп атады). Дәл осы тайпалармен күресте II Фраат және одан кейін билік құрған I Артабан да (128- 123 жж.) қаза тапты. Бұл тайпалардың одан арғы жылжуын тек II Митридат (123-88 жж. шамасы) қана тоқтата алды. Өз патшалығының шекарасын нығайта отырып, II Митридат Парфия патшалығына көптеген елдерді қосты. Әсіресе, Закавказьеде (атап айтқанда Арменияда) белсенді сыртқы саясат жүргізді.
Б.з.д. 92 жылы рим императоры Суллаға елшілік жіберген II Митридат Парфия державасының сыртқы саясатында жаңа бір жолды бастап берген болатын: Парфия тарихында алғаш рет Риммен байланыс орнатылды. Бұдан кейінгі кезеңдерде екі ел арасындағы қатынастар әрқилы болып қалыптасты. Парфия Римнің Шығысқа енуіндегі басты кедергіге айналды.
Екі ел арасындағы күресте бірде бір ел, келесіде екіншісі жеңіске жете отырып, үш ғасыр бойына жалғасты. Бұл күресте Парфиялықтарға ерекше жеңісті б.з.д. 53 ж. Карра түбіндегі шайқас әкелді (Жоғарғы Месопатамиядағы Харран). Бұл шайқаста Рим әскері ойсырата жеңілген болатын (римдіктер 20 мың әскерінен айырылды).
Б.з.д. 52-50 жж. Парфия бүкіл Сирияны, б.з.д. 40 ж. Иерусалимді алды. Ал келесі шайқастарда, яғни б.з.д. 39 ж. және 38 ж. жеңіс римдіктер жағында болды, алайда б.з.д. 36 ж. Рим әскерінің парфиялықтарға қарсы жорығы толығымен сәтсіздікпен аяқталды. Бұл жолы римдіктерді Марк Антоний басқарды. Парфияны IV Фраат билеп тұрған болатын (б.з.д. 38/37 – 312 жж.). IV Фраат өз жеңісін Риммен ұзаққа созылған бейбіт қатынастарды орнықтыру үшін пайдаланды.
Б.з.д. 20 жылы IV Фраат маңызды дипломатиялық қадам жасады, ол Красс пен Антоний армияларын жеңген кезде түсірген тұтқындар мен рим легиондарының белгілерін Римге қайтарды. Осыдан кейін Рим мен Парфия арасында 100 жылдан аса ірі қақтығыстар болған жоқ.
Алайда , б.з. 115 ж. Рим императоры Траян тұсында екі империя арасында соғыс қайта жалғасып, бұл соғыс аршакидтердің Ирандағы билігін құлатқан сасанидтерге де мұраға қалған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет