Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет40/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

3. Грек-Бактрия патшалығы
Б.з.д. III ғасырдың ортасында ( б.з.д. 256 ж. мен 245 ж. аралығында) Парфиямен бір уақытта Селевкидтерден «Бактрияның мың қаласының әкімі Диодат та бөлініп шықты және өзін патша деп атауға әмір етті; осының артынан бүкіл шығыстың халықтары македондықтардан бөлініп кетті», деп жазды рим тарихшысы Юстин.
Диадоттың және оның ізбасарларының иеліктерінің ядросы солтүстік Ауғанстан территориясында (Бактрияның астанасы қазіргі Балх қаласының маңында орналасты ) орналасты, алайда патшалықтың нақты шекараларын дәл анықтау қиындау болып отыр.
Грек-Бактрия патшаларының өз билігін солтүстікке қарай кеңейтуге ұмтылыстары онда мекендейтін көшпелі халықтар тарапынан мықты қарсылыққа кездесті. Оңтүстікке экспансия жеңілдеу болған тәрізді. Б.з.д. II ғасырдың бірінші ширегінде Грек-Бактрия патшасы Деметрий Гиндукуштен өтіп, «Үндістанды жаулап алды». Оның теңгелерінде алғаш рет грек жазуларымен қатар үнді жазулары да пайда болды.
Грек-Бактрия патшалығында гректердің (гректік өмір салты мен грек мәдениетін сақтаған адамдар, олардың гректердің ұрпағы болуы міндетті емес) жергілікті халықтан ерекшелігі өте айқын болды, атап айтқанда әлеуметтік өмірдегі барлық эллинистік институттар мен дәстүрлер, грек тілі және мәдениетінің басқа да көп элементтері сақталды. Француз археологтары Солтүстік Ауғанстан жерінде қазба жұмыстарын жүргізген Грек-Бактрия қалаларының бірі (Айханум қалашығы) акрополі мен агорасы бар, реттелген көшелері мен қоғамдық үйлері, пропилейлері, портиктері, колонадалары бар нағыз эллинистік қала болғандығы анықталды.
Жазба деректерде тек жеті ғана Грек-Бактрия патшалары көрсетіледі. Грек-Бактрия патшалығының негізін қалаушы I Диодоттың мұрагері оның ұлы II Диодот б.з.д. III ғ. 30-шы жж. билік құрды. III ғасырдың 20-шы жж. Евтидем патша тақты иеленді, ол 208-206 жж. III Антиохтың 2 жылға созылған қоршауына төтеп бере алды.
Б.з.д. ІІІ ғ. ең ақыры мен ІІ ғ. басында оның ұлы Деметрий патшалық құрды, ол Үндістанды жаулаушы ретінде даңқы шықты. ІІ ғ. 70-50 жж. өзін теңгелерінде «Ұлы» деп көрсеткен Евкратид билік құрды. Шығыста ерекше аты шыққан Бактрия патшасы Менандр болды. Эленистік Александрия қаласының (қазіргі Кабул қалысына жақын) маңында дүниеге келген ол өз иеліктерін Үндістанның ішкері аудандарына дейін, атап айтқанда Ганг алқабына дейін кеңейтті. Үнді дәстүріне сенсек Менандр буддизм дінін қабылданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет