Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Республика кезеңіндегі Рим мемлекеті (б.д. VІ-І ғғ.)



бет76/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

Республика кезеңіндегі Рим мемлекеті (б.д. VІ-І ғғ.)


Плебейлер мен патрицилердің күресі

Ежелгі Римдегі мемлекеттің қалыптасу процесі әлеуметтік қүреспен қатар жүрді, бұл күрестің негізгі қатысушылары патрицийлер мен плебейлер еді. Сервий Тулий өлгеннен кейін, барлық билікті қолына шоғырландырып соңғы Рим патшасы тәкәппар Тарквинийді қуып жібергеннен кейін, Рим тарихының патшалық кезеңі аяқталды деп есептеледі. Б.д.д. VІ ғасырдың аяғында Римде республикалық басқару формасы пайда болы. Заң шығарушы билік центуриаттық комициялардың қолында болды, патрициаттар бұнда шешуші роль атқарды, олардың қолында басым дауыс болды. Бұрынғы магистраттардан құралған, комицияларда қабылданатын шешімдерді бекітетін сенаттың маңызы зор болды. Патрицийлер ғана сенатор бола алатын. Атқарушы биліктің басында консулдар тұрды, олардың қолында жоғарғы азаматтық және әскери билік болды. Консулдық қызмет және де өзге төменгі магистратура тек патрицилермен ауыстырылды.


Осылайша патрицийлер экономикалық және саяси өмірде жетекші рөлді атқара берді. Плебейлердің талабы да осы жағдаймен байланысты болды. Плебейлердің талабы да осы жағдаймен байланысты болды. Бұл ең алымен қоғамдық жерден үлес алу құқығы. Патрицийлер мен плебейлердің қоғамдық жерден үлес алу құқығы әртүрлі негізде болды. Егер плебейлер кішкентай ғана жер үлесіне ие болса, патрицийлер өзінің жеке үлесінен басқа, қоғамдық қордағы жер үлесін де пайдалана алатын. Тіпті Сервий Тулий реформасынан кейін де, патрицийлермен біртұтас азаматтықты қалыптастырып, рим әскерінде қызмет ету, центуриаттық комицияларға қатысу сияқты құқықтарды плебейлер алғанымен, патрициаттық рулық ұйымнан тыс қалды. Сондықтан қоғамдық жерден үлес алу құқығына жіберілмеді. Жер үлесінің аздығынан плебейлердің қарызы көбейді. Олардың кейбіреулеріне қарызы арқылы құлдыққа түсу қаупі төнді. Кейбір плебейлер аз жер үлесінен де айырылды.
Екінші жағынан Римнің саяси өміріне қатысу құқығын формальді түрде иеленгенімен, плебейлер сенатор бола алмады, мемлекеттік қызметті иеленбеді. Осылайша, плебейлердің талабы, қоғамдық жерден үлес алу, саяси өмірде патрицилермен тең болу, қарыз үшін құлдыққа түсірмеу, қарыз үлесін азайту сияқты талаптарды қойды.
Сервий Тулий өзгерістері барысында, плебейлер патрицийлермен бір азаматтық қауымда болды. Бірақ олар әскери ұйымға кіруге ғана құқық алып, Римнің көршілерімен әскери қақтығыстарында қандарын төкті. Б.д.д. 494 жылы латын тайпаларымен соғыс басталған кезде, рим әскерінің басым бөлігін құраған плебейлер, Рим маңындағы «Қасиетті тауға» кетіп, соғысқа барудан бас тартты. Бұл бірінші сецессия - жауынгерлердің әскери наразылығы деп аталды. Патрициаттық әскербасшылар жауынгерсіз қалды. Рим қаласын басып алу қаупі төнген кезде, патрицийлер плебейлердің айтқандарына көніп, плебейлердің ғана мүддесін қорғайтын магистратура енгізуге уәде берді. Бұл плебейлердің арасынан сайланатын халық трибуны қызметі. Халық трибундары плебейлердің мүддесін қорғады. Патрициат магистраттарының, сенат шешімдеріне «вето» құқығын иеленді, плебейлерді ортақ жиналысқа шақырып, көмек іздеген кез-келген плебейді халық трибуны соттық шешіммен қорғай алатын болды. Халық трибунының жеке басына қол сұғылмады.
Консул Спурий Кассий алғашқы аграрлық реформаның жобасын ұсынып, соғыс кезінде қолға түскен жерлерден жер үлестерін беру мүмкіндігін қарастырды. Патрицийлер бұл заңның іске асуына кедергі жасады. Б.д.д. 456 жылы халық трибуны Ицилия комициялар арқылы Римнің маңындағы шектеулі территорияда кедейлерге жер бөліп беру туралы заң қабылдады.
Плебейлердің келесі жеңісі б.д.д. 450 жылғы жазба заңның – «ХІІ таблица» заңының қалыптасуы. Ол үшін децемвирлердің арнайы комиссиясы құрылып, ерекше өкілеттілікке ие болды. ХІІ таблица заңының қабылдануы сот істеріндегі патрицийлердің заңсыз әрекеттеріне жылдам тоқтау қойды.
Келесі жылы Валерй және Гораций деген консулдар терреториялық трибтер арқылы өтетін плебей жиналыстарының шешімдері сенаттың бекітуінсіз заңдық күшіне ие болады деген шешім шығарды. Б.д.д. 445 жылы халық трибуны Канулей плебейлер мен патрицийлер арасындағы некеге рұқсат берді. Б.д.д. 444 жылы плебейлер консулдық билігі бар трибундарды сайлауға мүмкіндік алды.
Осы күресте плебейлер бірқатар заңдық құқықтарға ие болғанымен, аграрлық мәселе әлі де шешілмеген болатын. Көрші территорияларды басып алу арқылы қоғамдық жерлердің өсуі, әлі де патрицийлердің қолында қалды. Аграрлық және қарыз мәселесін халық трибундары Лициний және Секстий шешпекші болды. Б.д.д. 367 жылы қоғамдық жерден тек 500 югер жер үлесін иеленуге шектеу қойған заң қабылданды. Бұл заң патрицийлердің қоғамдық жерді оккупациялауына жол бермеді, олардың экономикалық күшеюіне шектеу қойды. Қарызға батқандардың да жағдайы жеңілдеді. Бұдан былай төленген пайыз қарыз мөлшерін жойды, қалған сомасы бірдей көлеммен үш жылда қайтарылатын болды. Бір консул плебейлер арасынан сайланатын болды. Бұл плебейлердің өзінің экономикалық, саяси, әлеуметтік құқығы үшін күресінің үлкен нәтижесі еді.
Дегенмен күрес бұнымен аяқталмады. Б.д.д. 326 жылы Римде Петелия-Папирия заңымен қарызы үшін құлдыққа түсіру жойылды. Бұдан былай қарыз алушы кредиторға өзінің мүлкін несиеге қойды. Қарызы үшін құлдыққа түскен барлық римдіктердің басына бостандық берілді. Патрициаттардың мүддесіне келесі соққыны Цензор Аппий Клавдий берді. Ол еркіне жіберілгендердің кейбіреуінің балаларына сенатор атағын берді. Бұл патрициаттық аристократияға деген қарсы салмақ еді. Аппий Клавдий заңы бойынша, жерінен айырылған азаматтар селолық трибтерге кіруге мүмкіндік алды. Осылайша, ақшалық, жерлік ценз теңестірілді, жері жоқ еркіне жіберілгендер мен қалалық плебейлер барлық трибтер бойынша тең бөлінді.
Б.д.д. 300 жылы плебейлерге абыздар коллегиясына кіруге рұқсат берілді. Б.д.д. 287 жылы Гортензия заңы бойынша бұрынғы тәртіп бұзылған еді, б.д.д. 449 жылы Валерий мен Гораций енгізген заң бойынша, трибуттық комициялардың шешімдері заңдық күшіне еніп, сенаттың мақұлдауын қажет етпеді. Гортензия заңының қабылдануымен плебейлер мен патрицилердің күресі аяқталды.
Күрес қорытындысы: Плебейлердің негізгі талаптары орындалды, қарызы үшін құлдық жойылды, аграрлық мәселенің шиеленісі басылды, плебейлер мен патрицийлердің құқығы теңестірілді. Рим қоғамының ілеуметтік құрылымы өзгерді, патрициаттық аристократия плебей ақсүйектерімен араласты, нәтижесінде, жаңа топ нобилитет пайда болды. Нобилитетпен бірге Римде сауда-қолөнер тобы күшейді, олар плебейлердің ақсүйек руларына жатпайтын, тек байлар қатарына кіретін. Плебейлердің ауқатты бұл категориясы 18 салт атты центурияға жатқызылды, сондықтан, салт аттылар деп аталды.
Құрамына ірі және ақсүйек меншік иелерін жинақтаған нобилитет, плебейлер деп аталатын кедейлерге қарама-қарсы топта болды. Плебейлердің өз құқығы үшін күрес кезеңіндегідей, бұл атаудың бұрынғыдай әлеуметтік-экономикалық, саяси мазмұны болған жоқ. "Патриций", "плебей" түсініктерінің бұрынғы мазмұны жойылды. Рулық құрылыстың қалдықтары жойылды, жеке меншіктің шоғырлануына негіз қаланды. қарызы үшін құлдыққа түсіруді жою, құл еңбегіне негізделген Рим қоғамындағы агрессияны күшейтті. Рим қоғамы соғыстан қолға түсіріліп, құлға айналдырылған жауынгерлермен шектелуге мәжбүр болды. Б.д.д. ІІІ ғасырдың басында Рим республикасында әлеуметтік қақтығыстар азайып, қоғам өз мүдделері үшін ынтымақтаса бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет