Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет54/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92
Крит-микен өркениеті

Қазіргі тарих ғылымы Балкан жартыаралындағы мемлекеттіліктің ошағы б.д.д. ІІІ мың жылдық ортасында пайда болды деп есептейді. Шамамен б.д.д. ХХІІ ғасырларда бұл процесс, Еуропаның Дунай аңғарынан қоныс аударып келген ахейлік грек тайпаларының келуімен тоқтатылды. Грек тілінде сөйлейтін бұл тайпалар, қоғамдық даму сатысының төменгі деңгейінде тұрып, Балкан жартыаралын толық жаулап алып, жергілікті гректерге дейінгі тұрғындар – пелазгалардағы мемлекеттіліктің қалыптасу процесін тоқтатты. Пелагалардың этникалық шығу тегі әлі толық анықталмаған. Жаулап алу барысында пелазгаларды ахейліктер жартылай жойып жіберді, қалған бөлігі алғашқы қауымдық қатынастардың ыдырау сатысын басынан өткізіп жатқан жаулап алушылармен ассимиляцияға түсті.


Б.д.д. ІІІ-ІІ мың жылдықтың екінші жартысындағы Крит тарихы (миной өркениеті). Ахей жаулап алушылығының Эгей архипелагінің аралдық бөлігіне ықпалы болған жоқ. Б.э.д. ІІІ мың жылдықтың ортасында Крит аралының тұрғындары, материктік Грецияның ахей жаулап алушылығына дейінгі ерте мемлекеттіліктің қалыптасу процесін басынан өткерді. Бірнеше ғасырлар бойы Крит әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірдегі белсенді өзгерістердің орталығы болды, сондықтан, аралдық өркениеттің ерте қалыптасуына және гүлденуіне ықпал етті.
ІІІ мың жылдықтың екінші жартысы мен ІІ мың жылдықтың басында Крит аралының тұрғындары өңдеуге жарайтын жерлерді өңдеп, мал шаруашылығын белсенді дамытты. Осы кезеңде қолөнер де біршама даму процесін басынан өткерді. Арал көптеген теңіз жолдарының қиылысында орналасқандықтан, аралдың тұрғындары халықаралық айырбасқа ерте араласты. Б.э.д. ІІІ мың жылдықтың соңында аралда алғашқы ерте мемлекеттік бірлестіктер – сарай орталықтары пайда болады. Қазба жұмыстарының нәтижесінде археологтар 4 сарай орталығын – Кносста, Фестте, Маллииде, Като-Закрода ашты. Олардың әрқайсының саяси, экономикалық, діни орталығы, маңайына оншақты селолық тұрақтар шоғырланған ірі сарай болды.
Б.д.д. ХХІІ-ХVІІІ ғғ. Криттің жалпы кезеңге бөлінуінде «ескі сарайлар дәуірі» деп аталады. Бұл кезең туралы мәлімет мүлде жоқ, себебі, шамамен б.д.д. 1700 жылы аралдағы алғашқы ерте мемлекеттік бірлестіктердің орталығы табиғи апат салдарынан жойылып кеткен. Дегенмен, табиғи апат Крит аралындағы дамуды тоқтата алған жоқ. ХVІІ ғасырдан б.э.д. бұл жерде «жаңа сарайлар кезеңі» басталады. Бұл кезеңнен бізге сарай құрылысының қалдықтары, селолық тұрақтардың ескерткіштері, некропольдер жеткен. Бұлардың ішінде Кносстағы сарай комплексі тереңірек зерттелген. Ол бірнеше қабаттан тұрады, қоймалары бар, сумен қамтамасыз етудің, жарық беруді, құбырлардың жетілген жүйесі бар екендігін археологтар дәлелдеген. Қабырғалары қоршаған табиғат пен Крит қоғамының өмірінен мәлімет беретін фреск өрнегімен көркемделген. Сарайда билеуші мен оның жанұясына арналған бөлмелер, мемлекеттік істер мен дәстүрлік жиындар өтетін мәжіліс залы, қызметкерлері мен қолөнершілеріне арналған бөлмелер бар.
Крит қоғамы өзінің гүлдену кезеңінде биліктің теократиялық түрін иеленген, яғни, патша тек билеуші ғана емес, жоғарғы абыздық билікті де иеленген. Биліктің бұндай формасы Египет пен Месопотамиядағы ежелгі шығыстық билікке жақын. Тек қана шығыста діни билік монархтың қолында болғанымен, абыздар арқылы іске асырылды және өз храмдары болды. Ал Критте абыздар сословиясы көп жағдайда қалыптаспаған және өз храмдары болмаған еді. Діни рәсімді өткізу үшін бөлмелер бөлінетін және ол архитектуралық жағынан ерекшеленетін еді. Крит аралында «ескі сарайлар» кезеңінде «сызықтық жазба» түріндегі жазу пайда болды, өкінішке орай, әлі күнге дейін бұл жазудың құпиясы ашылған жоқ. Крит аралындағы сарайлар қорғаныс қабырғаларымен қоршалған. Бұл туысқан династияның өкілдері билік құрғанын және олардың арасындағы қарым-қатынас бейбіт сипатта болғандығын байқауға болады. Сыртқы жаулардан аралдың тұрғындарын табиғи қорғандар – теңіз қорғап тұрды.
Крит мәдениеті мен мемлекеттілігінің гүлденуі, аралдағы сарайлардың Кносс билеушілерінің қоластына біріктірілген кезеңі – б.з.д. ХVІ ғасырдың бірінші жартысы мен ХV ғасырға келеді. Осы уақытта Крит ірі теңіз державасына айналды. Грек аңыздарының мәліметтеріне қарағанда, Кносс билеушісі Минос, біріктіру процесін бастап, үлкен флот құрып, қарақшылықты жойып, Эгей теңізінің акваториясына өз үстемдігін орнатты. Сондықтан, крит өркениетін «миной өркениеті» деп те атайды.
Минойлық Криттің дамуы б.з.д. ХV ғасырдың соңында, көрші арал Ферада (қазіргі Санторин аралы) вулкан жарылуының нәтижесінде жойылды. Осы уақыттан бастап, Крит Эгей теңізінің бассейніндегі саяси, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі жетекшілігінен айырылып қалды. Материктік Греция территориясынан аралға ахейлік-гректер еніп, Крит, Жерорта теңізінің орталығынан ахейлік Грецияның провинциясына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет