Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет73/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Александр Македонскийдің шығысқа жорығы.
2. Эллиндік мемлекеттер жүйесі. Оларды Римнің жаулап алуы.
3. ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясатының негізгі сипатын талда.
4. Гомердің «Иллиада» поэмасын Александр барлық жорықтарға алып жүрген. Бұл поэмаға Александырдың қызығуының себептері неде болуы мүмкін.


20-тарау


Ежелгі Рим


Пәнді оқу, кезеңдері, тұрғындары


Ежелгі Рим (лат. Roma antiqua) — ерте заманның бас өркениеттерінің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рим орталығы Капитолий мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта қалыптасты. Рим өркениетіне этрускілер мен көне гректердің мәдениеті үлкен ықпал етті. Көне римнің гүлдену кезеңі б. з. II ғасырына келді. Осы дәуірде Рим территориясы солтүстігінде қазіргі Шотландиядан оңтүстігінде Эфиопияға дейін, шығысында Армениядан батысында Португалияға дейін созылды.
Апеннин жартыаралындағы Тибр өзенінің бойындағы Рим азаматтық қауымының жаулап алушылығына ұшыраған көптеген халықтардың тарихы Ежелгі Рим тарихы деп есептеледі. Ежелгі Рим тарихының кезеңдері төмендегідей. Көне Рим тарихының кезендері:
Патшалар дәуірі (754/753 жылдардан — 510/509 жылға дейін).
Республика (510/509 дан — 30/27 жылға дейін)
Ерте Республика (Б. з. б. 509—265 жылдар)
Кейінгі Республика (Б. з. б. 264-27 жылдар.).
Б.д.д. І ғасырдың соңы мен б.д. V ғасыр Рим державасының тарихындағы императорлық кезең. Императорлық дәуірдің алғашқы екі ғасыры – принципат – ерте империя уақыты. Бұл кезде барлық Жерорта теңізі аумағында құл иеленушілік қатынастар гүлденді. Б.д. ІІІ ғасыры – Рим империясының дағдарыс кезеңі. Дағдарыстың сипатын бәсеңдетуге империяның мемлекеттің құрылымының жаңа формасы – доминат үлес қосты. Кейініг Рим империясы – доминат – б.д. ІІІ ғасырдың соңынан V ғасырға дейін созылды. Бұл дәуір құлиеленушілік құрылыстың ыдырап, протофеодалдық қатынастардың бастамасының қалыптасуымен сипатталады.
Рим құлиеленушілік державасының жүрегі болған Апеннин жартыаралында бір-бірімен тілдік, мәдени, этникалық ерекшеліктері бар жергілікті және сырттан келген халықтар тұрды. Б.д. І ғасырында олардың негізін италиктер тайпасы құрды, олардың ішінде латындар, оски, умбры, сабель тайпалары ерекшеленді, саны жағынан ең көбі – самниттер болды. Тибр өзенінің солтүстік-батысына қарай, этруск тайпалары өмір сүрді, олар ежелгі Рим өркениетіне ерекше ықпал етті. Дегенмен, бұл өркениетке ықпал еткен жылғыз мәдениет бұл емес еді. Сицилия аралын ұлы грек отарлауы барысында және оңтүстік және орталық Италияда гректер көптеген отарлардың негізін қалады, олардың тұрғындар жергілікті халықтармен байланысқа түсті. Апеннин жартыаралының тұрғындарына Солтүстік Африканың финикиялық жағалауын, Оңтүстік испанияны, Сицилияны, Сардинияны бақылауында ұстаған карфагендіктердің де ықпалы болды. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамудың жоғарғы сатысында болған бұл халықтар Ежелгі Рим өркениетінің қалыптасуында өз ізін қалдырды.
Тибр өзенінің солтүстік-батысын мекендеген этрускілер италий тайпаларының арасында маңызды роль атқарды. Құлиеленушілік қатынастар б.д.д. VІ ғасырдың өзінде жоғарғы деңгейге жетті. Лаций, Рим қаласын, Италияның орталық аудандарын өзіне бағындарып, этрускілер оңтүстікке қарай жылжыды. Оғтүстік Италияның гректері олардың кері шегіндірді. Б.д.д. ІІІ ғасырдың бірінші жартысында этрускілер римдіктерді бағындырып, романданды. Римдіктер этрускілердің қолөнер, құрылыс техникасы, қала салу, көркемөнер мәдениеті, идеология саласындағы жетістіктерін қабылдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет