Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Патшалық дәуірдегі Рим (б.д.д. VІІІ-VІ ғғ.)



бет74/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Патшалық дәуірдегі Рим (б.д.д. VІІІ-VІ ғғ.)


Римнің ерте тарихы

Ерте Рим тарихы көптеген аңыздарға толы. Қаланың негізін салған Троя қаласының қорғаушысы Эней ұрпақтары деп есептеледі. Олар Апеннин жартаралына теңіз арқылы жүзіп келіп, Тибр өзенінің жағалауына тоқтап, Альба-Лонг қаласының негізін қалаған. Эней ұрпақтары Рем және Ромул Палатни жотасында қаланың негізін қалап, оны Рим деп атайды. Археологиялық қазбалар Палатин жотасында б.д.д. VІІІ ғасырға жататын ежелгі тұрақ орындарын тапқан. Кейін бұл жерден құлиеленушілік байланыстардың орталығы болған Рим қаласы өсіп шыққан.


Ежелгі Римнің патшалық кезеңінде рулық қатынастар сақталды. Дәстүр бойынша патшалық Римнің барлық тұрғындары 300 руға бөлінді. Әрбір он ру курияға бірікті, он курия бір трибқа біріккен. Осылайша ежелгі Рим қауымында үш триб болды. Үш жүз рудың мүшелері «рим халқын» - рим азаматтық қауымын қалыптастырып, ру мүшелері ол арқылы куриямен және трибпен байланысып отырды. Ру бірнеше патриархалды жанұялардан қалыптасты, олар өз ара үлкен жанұялық қауымдарды қалыптастырды.
Патшалық кезеңдегі Римнің ең маңызды істерін сенат жүргізді. Сенат– ақсақалдар кеңесі, әрбір рудың өкілінен өалыптасқан үш жүз адамнан тұрады. Рим қауымының өміріне қатысты жауапты мәселелер ең алдымен сенатта қаралады. Маңызды істер – қызмет адамдарын сайлау, сот шешімдері, соғыс және бейбітшілік мәселелері халық жиналысында – куриаттық комицияларда қаралатын болған. Куриаттық комициялар рулық округ – куриялар бойынша шақырылды. Курияның жұмысына тек жауынгер еркектер қатысты. Ерте Рим қауымының басында патша тұрды, оны куриаттық комицияларда сайлады. Рим патшалары гомер кезеңіндегі басилейлерге ұқсас болған. Олардың билігі деспотиялық сипатта болған жоқ, жоғарғы әскербасшы, сот, заң шығарушы қызметін бірге алып жүрді.
«Рим халқының» құрамына алғашқы кезде рулық ұйымның толық қанды мүшелері кірді. Оларды патрицийлер деп атады. Біртіндеп патрицийлер тұрғындардың артықшылық иеленген тобына айналды. Рулық байланыстарын жоғалтқан, немесе басқа жақтан қоныс аударып келгендер ру құрамына кірген жоқ және бағынышты жағдайда болды. Патшалық Римнің тұрғындарының бұндай категориясы плебейлер деп аталды, олардың саяси өмірге араласуға, патрицилер өкілдерімен некеге тұруға құқығы болмады. Плебейлердің қоғамдық жер қорынан жер үлесін алуға құқығы болмады, бұндай жерлер тек патрицийлерге ғана берілді. Бұндай жағдай плебейлердің өз құқығы үшін күресіне алып келді, ол бірнеше ғасырға созылып, патшалық дәуірдің соғы мен ерте республика кезеңіндегі ежелгі Рим тарихының сипатын анықтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет