Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


№ 5. Шығыс Жерорта теңізі және Аравия ежелгі кезеңде



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66
№ 5. Шығыс Жерорта теңізі және Аравия ежелгі кезеңде.
Негізгі сұрақтар
1.Шығыс Жерорта теңізі маңындағы мемлекеттердің даму кезеңдеріне 
сипаттама 
2.Карфаген: саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы. 
3. Аравия жарты аралындағы ежелгі мемлекеттер 
1) Жерорта теңізінің шығыс жағалауында Финикия мен Палестина 
орналасқан. Палестина жері теңіз жағалауының солтүстік аймағында , ал 
Финикия жерлері теңіз жағалауыныңоңтүстік бөлігінде орналасқан.
Тирдің оңтүстігінде филистимдіктер деп аталатын халық мекендеді. 
Оларды мысырлықтар пелистим деп атаған, сондықтан Палестина жері 
пайда болды. Палестина ежелгі тұрғындарының бірі –хананей деп аталып, 
қалаларда көршілес мемелекеттермен сауда жасады. Синай шөлін 


71 
меккендеген еврей тайпалары (израйл, иудей) Палестинаға көшіп келіп 
жергілікті тайпалармен қақтығысты. Еврейлердің алғашқы патшасы-Саул 
тұсында б.з.д. 13 ғасырда соғыс қимылдары басталады. Бұл жерді 
Мысырлықтар жаулап алған болатын. Жаулап алынған Палестинаның үлкен 
бөлігіне еврейлер орналасып; солтүстігіне израил; оңтүстігіне иудей 
тайпалары қоныстанады. Рулық қауымның орнына елді 12 аймаққа бөліп 
басқару қолға алынды. Израил-Иудей мемлеккетінің астанасы Иерусалим 
қаласы болды.
Б.з.д. 10 ғасырда Дәуіт (Давид) тұсында астана Иерусалим қорғанмен 
қоршалды. Сол кезде тұрғындар шаруашылыққа қарай: израилдіктер жер 
шаруашылығымен 
айналысса; 
иудейліктер 
мал 
шаруашылығымен 
айналысты.
Еврейлердің ең атақты патшалары Сүлеймен (Саламон), Давид болды. 
Сүлейменнің қайтыс болуымен еврей мемлекеті Иудей және Израил болып 
екіге бөлініп кетті. Бұл екі ру арасында алауыздыққа себеп болып, 
Сүлейменнің қайтыс болуымен израилдіктер Мысырмен біріге отырып, 
Иерусалимді тонады.
Ұзақ уақыт рулық қауымда өмір сүрген еврейлерді ақсақалдар 
басқарып, аңыздарын Таурат кітабына жинақтады. Алғашында көп құдайға 
сенген еврейлер кейін жалғыз құдай- Яхвеге сыйынады. Мұса пайғамбар 
(Моисей) Тур тауында Яхве құдайдан бұйрық –скрижалдар түсіріп, онда 
«Палестина нұр жауған жер, сонда қашыңдар» делінеді. Сүлейменнің 
кезінде Яхве құдайға арнап храм салынады. Б.з.д. Х ғасырда Сүлейменнің 
тұсында мемлекет гүлденіп, сауда-саттық дамып, қалалар салынды. 
Финикия атауы мысырлықтардың «фенеху»- «кеме жасаушы» деген 
сөзінен шыққан. Финикияда орталықтанған күшті мемлекет болмады. Б.з.д. ІІ 
мыңжылдықта тек ұсақ қала мемлекеттер ғана болды. Финикия солтүстігінде 
Угарит, оңтүстігінде Библ қала мемлекеттер саудамен айналысып, ертерек 
өрлеп, көркейген. Финикия елі Вавилоннан, Ассириядан келетін тауарларды 
Жерорта теңізі арқылы Еуропа құрлығына жеткізіп беріп отырды. Ал Еуропа 
тауарларын кері қарай алып келіп, шығыстағы елдерге өткізіп отырды. 
Қаншама байып, көркейгеніне қарамастан, бұл қала-мемлекеттері 
ынтымақтасып, өзге жерге жорық жасау сияқты, бір орталыққа бағынған ірі 
мемлекет құра алмаған. Себебі, Финикия жерлерін таулар бөліп 
жатқандықтан біріге алмаған. Египет, Хетт, Ассирия сияқты мықты 
мемлекеттің қайта-қайта соққы беруі оларды біріктірмеді.
Финикияда зәйтүн ағашы көп болып, ағаштан кеме жасап, мөлдір 
шыныны ойлап тауып, сауда жасады. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында Тир 
қаласы күшейіп, бүкіл Жерорта теңізі жағалауында сауда орталығын құрды. 


72 
Ежелгі Мысырлықтар мен Вавилондықтарға қарағанда Фникиялықтардың 
тұрмыс-тіршілігі мүлде өзгеше болды, себебі табиғи-географиялық 
жағдайының өзгешелігіне байланысты болды. Финикия теңізшілері 
солтүстік Еуропадан қалайы мен янтарь әкелді. Сонымен қатар ұрлап 
алынған «тірі тауар» құл саудасымен айналысты. Финикиялықтар алғаш рет 
Африка құрлығын Мысыр билеушісі Нехоның бұйрығымен 3 жыл жүзіп, 
Африка құрлығын Атлант мұхитымен айналып шықты . Финикия 
мемлекетінің портты қалалары Библ, Сидон, Тир қаласы болып, сауданы 
дамыта отыып, әсіресе, піл сүәйектерін көп сатты. Кезінде, б.з.д. Х-VІ 
ғасырларда финикиялықтар Испанияға дейінгі жерлерді отарлап алды. Тир 
қаласының тұрғындары солтүстік Африкадағы Карфаген қаласының 
іргетасын қалады. Тарихта алғаш рет иникиялықтар 22 дауыссыз дыбыстан
тұратын алфабит ойлап тапты. Бұл алфавиттік жазу жүйесіндегі жетістігі 
гректер қолданды. Финикиялықтар «Ваал және Алийян» дастаны атақты 
болды, олардың діні туралы мағлұмат береді. Ваал көктем құдайы болса, 
Алийян оның ұлы. Ваал өлім құдайы Мотты жеңеді, Ваал құдайдың әйелі 
Анат құдайы деп атаған.
2) Карфаген(финикий тілінде Картадашт – жаңа қала) – біздің 
заманымыздан бұрын7 – 2 ғасырларда аса ірі мемлекеттердің бірі болған 
Солтүстік Африкадағы қала. Астанасы-Карфаген. Финикиялық тілден 
аударғанда «жаңа қала» деп аударылады. Карфаген финикиялық Тир 
қаласының колонистерімен б.з.д. 814ж жылы (кейбір деректерде 825 
жылы)негізі қаланды. Аңызға сәйкес Карфагенді Тир патшасының ағасы 
Пигмалион байлығына иемдену үшін оның күйеуі Сихейді өлтіргенде, Тир 
қаласынан қашып келген Элисса(Дидона) патшайым негізін салған. Батыс 
Жерорта теңізінде финикиялықтар үстемдігі жойылған соң, Карфаген 
бұрыңғы финикиялық колонияларды өзіңе қосып алады. Б.з.д. ІІІ ғасырда ол
оңтүстік Испания, солтүстік Африка, Сицилия, Сардиния, Корсиканы 
жаулап, Батыс Жерорта теңізінде ірі мемлекетке айналады.
Бирс қыратындағы финикиялық кварталдың үйінділері Карфагеннің негізі 
солтүстігі мен оңтүстігінен теңізге шығуға мүмкіндігі бар мүйісте қаланды. 
Оның орналасуының қолайлы болуы Жерорта теңізіндегі теңіз саудасының 
көшбасшысына айналдырды. Теңізді кесіп өтетін барлық кемелер Сицилия 
мен Тунис арасынан өтті. 
Қаланың шегінде екі үлкен айлақ қолдан қазылып жасалды: оның бірі 220 
әскери кемеге арналған әскери айлақ (порт) болса, екіншісі коммерциялық 
саудамен айналысатын көпестерге арналды. Айлақтарды бөліп тұрған 
мойнақта үлкен дуалдармен қоршалған мұнара салынды. 


73 
Қаланың үлкен қабырғаларының үзындығы 37 шақырымды құрады, кей 
жерлерде оның биіктігі 12 метрге дейін жетті. Қабырғаларының көп бөлігі 
теңіздің жағасында болғандықтан сырттан келген басқыншыларға теңіз 
жағынан кіруге үлкен қиындықтар туғызды. Қаланың ішінде үлкен мола, 
діни орындар, базарлар, муниципалитет, мұнаралар мен театрлар болған. 
Қала бірдей төрт тұрғын аймақтарға бөлінген. Қаланың орта тұсына қарай 
Бирс деп аталатын зәулім цитадель орналасты. Карфаген эллиндер 
заманындағы ең үлкен қалалардың бірі болды (кейбір деректерге сүйенсек 
одан үлкен тек Александрия болды), ол ерте заманның ірі қалаларының 
қатарында болды. 
Географиялық өте қолайлы аймақта орналасқандықтан, ол көп ұзамай 
Шығыс Жерорта теңізі, Эгей теңізі жағалауы, қазіргі Италия аумағы 
елдерімен тығыз байланыс жасайтын аса ірі сауда орталығына айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет