110
Вергилийдің жас кезінде жазған өлеңдері «Ұсақ өлеңдер» деген шағын жинақ
болып шықты (ақын өлгеннен кейін). Бұл өлеңдер неотериктер поэзиясының және
эпикурей мектебінің әсерімен жазылған.
Вергилийдің алғашқы маңызды шығармасы – «Буколики» («Бақташы жыры»)
б.э.д. 42-38 жж. жазылған. Жинағында ақын идиллиялық өмірді (табиғат аясында
тыныштықта өмір сүру) мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысады. «Буколики»
дүниежүзілік әдебиетінде ерекше орын алады. Вергилий рим әдебиетінде бұрын
болмаған буколикалық жанр енгізді.
«Буколики» шығармасының арқасында Вергилий рим ақындарының алдыңғы
қатарына шығады. Ол Меценаттың үйірмесіне кіреді. Ақынның келесі шығармасы –
«Георгики» («Егіншілік туралы дастан») император Октавиан Августке арналған.
Вергилийдің 7 жыл жазған еңбегі 4 кітаптан тұрады (егіншілікке, жемістерді
өсіруіне, мал шаруашылығына, бал араларды өсіруіне арналған). Шығармаларында
ақын шаруаның еңбегін дәріптейді, Италия халқының, тарихи қайраткерлерінің,
табиғатының даңқын шығарады.
Әйгілі ақын Вергилий
«Энеида» дастанын жазды. Ол «Энеида» дастанына 10
жылға жуық еңбек сіңірді.Вергилий грек және рим мифтерін зерттеді. Ол дастанда
Троя қорғаушылардың бірі, әйел құдайдың баласы Эней туралы айтты. Эней өрт-
жалынға оранған қаладан асыл заттарды емес, өзінің әбден қартайған әкесін арқалап
шығады. Әдеттен тыс шым-шытырық оқиғалардан кейін ол Италияға қоныстанады.
Эней өлген әкесімен дидарласу үшін өлілердің жер астындағы патшалығына түседі.
Сол арада дана қарттың рухы Энейге оның ұрпақтары Римнің негізін қалайтынын
және халықтардың аса қуатты әміршілері болатынын болжап айтады. Вулкан құдай
Энейге арнап қалқан соғып, оның бетіне Рим тарихындағы болашақ оқиғалар мен
Августың салтанат құруын бейнелейді. Эней өзінің болашақ ұрпақтарын, олардың
арасынан Римге тыныштық орнататын, тіпті Римнен шалғайдағы Халықтарды
қаһарымен қалтырататын «құдіретті Августы» да көреді.
«Энеида» салтанатты және әуезді өлеңмен жазылған. Вергилий дастанда
ерлікті, өз борышына адалдықты, үлкендерге деген құрметті дәріптейді. Ақын
гректер мен римдіктердің діни нанымдарын, ежелгі аңыздарын империяны және
Августың өзін әсірелей дәріптеу үшін шебер пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: