Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Гораций Флакк (толық аты Квинт Гораций) - (б.д.д.65 – 8 жж.) Италияның 
оңтүстігінде Венузияда дүниеге келген. Ол азаттық алған құлдан туған. Рим және 
Афиныда білім алған. Азамат соғысы басталған кезде әскерге кетеді. Алғашқыда 
республикашылар жағында болғанымен, кейін император Августың сарай ақыны 
болған. 
Гораций өлең жазуға б.з.д. 42 ж. бастап кіріседі. 30-шы жж. ақынның екі 
жинағы шығады. Гораций «Одалар», «Сатиралар», «Хатттар», «Эподтар» т.б. 
кітаптардың авторы. Оның үш шығармасы әдеби тақырыпқа жазылған. 
Горацийдің


111 
Горацийдің өлең өнерін мадақтаған «Ескерткіш» одасы жаңа заман 
ақындарына үлгі болған. (Г.Р.Державин, А.С.Пушкин т.б.). Горацийдің ақындық 
сырын ашқан «Поэзия ғылымы» еңбегін кейін классицизм теоретиктері пайдаланған. 
Гораций мұрасы Еуропа поэзиясының әсіресе XVI - XVIII ғғ. лирика жанрының 
қалыптасуында аса зор роль атқарды.
Б.д.б. І ғ. Римнің ұлы ғалымы Лукреций мәңгі өлмес құдайлардың болуын 
жоққа шығарды. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен 
жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысты. Лукрецийдің пікірі 
бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан 
денелерін, Жерді, тірі заттарды, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге 
өлетін жанның мәңгі өмір сүретінін теріске шығарды. 
Апулей Луций (б.д.б. 124 ж. шамасы - өлген жылы белгісіз). Африка 
Мадаврада туып өскен атақты рим жазушысы. Дәулетті жанұядан шыққан. 
Карфагенде риторикалық білім алған, Афиныда философияны оқыған. Көп 
саяхаттаған. Римде адвокат қызметін атқарып, латын тілін үйренді. Карфагенде 
тұрған кезде үлкен жетістіктерге жетті. Апулейге тірі кезінде үлкен статуя 
орнатылды. 
Философ және маг аталған Апулейдің шығармашылығы әр алуан. Ол латын
грек тілдерінде жазды. Оның философиялық, жаратылыстану тақырыптарына 
жазылған еңбектері, әр түрлі жанрда жазылған поэтикалық шығармалары бар. 
Апулейдің грек тілінде жазған шығармалары сақталған жоқ. Латын тілінде жазылған 
шығармалардың көбі сақталды: философиялық трактаттар және «Метаморфозы» 
немесе «Алтын есек» атты үлкен роман (қолжазбаларда роман «Метаморфозы» деп 
аталған, IV ғ. әйгілі христиан жазушысы Августин оны «Алтын есек» деп атайды). 
Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек» романының авторы болып кірді. Романда ІІ 
ғасырдағы Рим провинциясы тұрғындарының тұрмысы, рухани өмірі бейнеленген. 
«Алтын есек» Еуропа әдебиетіндегі бірінші психологиялық роман.
Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға айналып, одан қайта адам 
кейпіні оралған адам туралы фольклорлық аңыз антикалық әдебиетте Апулейге 
дейін болған. «Метаморфозы» грек шығармасының өңделген түрі. Апулей грек 
жазушысы Лукиан шығармасының сюжетін көптеген эпизодтармен кеңейтті. 
Апулейдің финалы да Лукианнан өзгеше. 
Бас кейіпкер киген есектің маскасы адамдардың мінез-құлығын сатиралық 
түрде көрсету үшін үлкен мүмкіндік берді. Апулей шығармасында провинциялық 
қоғамның таптарын әр түрлі жағдайларда көрсетеді; ол құлдарды қатал 
пайдалануды жасырмайды, шағын жер иелерінің қиын жағдайын бейнелейді. 
Сонымен қатар, Апулей шығармасындағы дін мен театрға байланысты ойларының 
үлкен мәдени-тарихи құндылығы бар. Эпизодтар бай фольклорлық және новеллалық 
материал береді; соның ішінде, романға кіргізген үлкен әңгіме (екі кітаптың 
көлеміндей) - «Амур мен Психея» туралы ертегі. Бұл халық ауыз әдебиетінде кең 


112 
тараған ертегілік сюжеттердің бірі: құбыжыққа тұрмысқа шыққан қыз келісімді 
бұзады; күйеуі жоғалып кетеді; әйелі оны іздеп кетеді де ұзақ саяхаттан кейін оны 
табады.
«Метаморфозы» романы орта ғасырда кең таралған. Апулейдің кейбір 
новеллаларын Боккаччо пайдаланған. Әсіресе, «Амур мен Психея» туралы ертегі 
үлкен жетістіктерге жетті. Бұл сюжет әдебиетте кеңінен пайдаланды (Лафонтен, 
Виланд, Богданович әдебиетте, Рафаэль, Торвальдсен - бейнелеу өнерінде). 
Өзін өзі бақылау сұрақтары: 
1. I Пуни және II Пуни соғысы нәтижесі? 
2. Эллиндік әлемнің сипаттамасы? 
3. Ш Пуни соғысының салдары? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет