Ежелгі грек мифологиясы


Евтерия – лирикалық поэзияның құдайы; Клио



бет2/2
Дата28.04.2023
өлшемі27,94 Kb.
#88181
1   2
Байланысты:
stud.kz-104927

Евтерия – лирикалық поэзияның құдайы;
Клио – тарихтың құдайы;
Талия – комедияның құдайы;
Мелипомена – трагедияның құдайы;
Терпсихора – бидің құдайы;
Ератов махаббат поэзиясының құдайы;
Полигимения – гимндердің құдайы;
Варания – астрономияның құдайы;
Каллоепа – эпостың құдайы.


Төтемдік діннің ықпалынан туындаған мифтік ұғымдар да бар. Табиғаттың алып тұлғасына, тарпаң күшіне, әртүрлі хайуанаттарға табыну төтемдік дінге жатады. Ертедегі түркі халықтары, соның ішінде қазақтар да биік тауға, асау дарияға, тағы жануарларға табынған. Ертедегі грек құдайларының Олимпияда тұрғаны сияқты түркі халықтарының тәңірлері Отыген тауында (Моңғолия), Алтайдың асқарында, Тәңір тауында, Хантәңірде (Жетісудағы Ортау – Кертауда) тұрған. Шығыстан бір рет қашып, Тәңір көліне жасынырып аман қалған. Боғдаш шоқысы ол кезде Ақтау – Алып Ата шоқысы атанған. Боғданың күнгейіндегі хикмет тастар сол кездегі Алып Атаның жауларын қуғандағы зақпыға салып атқан тастары-мыс. Ежелгі грек халықтары осы тауларға табынып, құлшылық жасап отырған.

Бұл мифтер көне дәуiр адамының табиғат құбылыстары алдындағы әлсiздiгi нәтижесінде туғанымен, М. Горькийдiң пiкiрiнше олардың «…мақсаты - ежелгi еңбекшiлердiң өз еңбектерiн жеңiлдетуi, оның өнiмділігін арттыру, төрт аяқты және екi аяқты дұшпандарға қарсы қарулануы… табиғаттың адам үшiн қауiптi болған құбылыстарына әсер ету армандарынан, тiлегiнен туған»


Грек мифологиясының мыңдаған жылдық тарихы бар. Осы ұзақ мерзiмде қоғамдық сананың өсуiмен бiрге мифтер де өзгердi, жаңа мазмұнға ие болды. «Қазіргі ғылым көне грек мифологиясының дамуын үш кезеңге бөледі. Олар – хтон (грек тіл. – Жер) немесе Олимпке дейінгі кезең, классикалық немесе Олимп кезеңі және бертінгі немесе героикалық кезең. Бірінші, хтон кезеңіндегі мифтік ұғым бойынша бүкіл әлемнің, барлық тіршіліктің негізі әрі анасы – асыраушы Ұлы Жер-Ана. Мифология бойынша жер тіршілік иесі және оның барлық тіршілік белгілері бар. Олар қоршаған ортадан, адамның өзінің қимыләрекеттерінен, мінез-құлықтарынан көрініс береді. Бұл кезеңдердегі мифологияның басты кейіпкерлері – медуза, химера, гидра т.б. Классикалық немесе Олимп кезеңі патриархатқа өтумен, алғашқы мемлекеттердің пайда болуымен ерекшеленеді. Бұл 12 тұтастай мифологияның жаңа арнаға өтуіне жол ашты. Табиғат құбылыстарымен шендестірілген құбыжық құдайлар орнына адамға қайырымды құдайлар бейнелері пайда бола бастайды. Жаңа құдайлар әлемнің, қоғамның және адамның тұтастығы үшін күрескерлер болып суреттелді. Олардың барлығы әлемнің тең ортасы деп танылған Олимп тауына топтастырылды. Осы орталықты айнала қоршаған космос кеңістігі ұғымы қалыптасты. Бұдан шет жатқан, бұрынғы және бір ізге түсірілмеген дүние, жоқ болмыс Хаос деген түсінік орнықты. Олимп кезеңінің алғашқы мифтері жаңа құдайлардың ескі құдайлармен күресін баяндайды. Бұл күресте құдайлардың үлкені Зевс титандарды, циклоптарды, Хаостың өзге құбыжықтарын жеңіп, оларды жердің түпсіз тереңіне – Тартарға қуып салып, әлемді қайта жасайды. Ұлы Ана-Жер бейнесі енді Гера, Афродита, Артемида, Афина сияқты жасампаз әйел құдайлардың бейнесіне ауысады. Мифология бойынша Гера Зевстің әйелі, ал қалған үшеуі қыздары. Теңіз құдайы Посейдон мен жер асты дүниесінің құдайы Аид Зевстің ағалары болып келеді. Бертінгі немесе героикалық кезеңде әлеуметтік қатынастарда қайшылықтардың күшейе түсуімен полистер арасындағы бәсекелестіктерге байланысты бұқараның құдайларға сенімдері шайқала бастайды. Халықта құдайлар қанша күшті болмасын, Зевстің өзі де, оның сүйікті ұлы Геракл де қанша ерлік жасамасын, олардың бәрі – құдайлар да, адамдар да ақыр-соңында тағдырға тәуелді деген түсінік орныға бастағаны аңғарылады. Осыған қарай грек пантеонының жартылай құдай, жартылай адам қаһармандары да халыққа қаталдық танытады. Жасаған күнәлары үшін немесе айтқан кеңестерін орындамағаны үшін қатаң жазалайды. Мәселен, Троя соғысына қатысты адамдар, соның ішінде жеңілгендері де, жеңгендері де қатаң жазаланады».


Грек мифологиясының байлығы, образдарының көркемдігі бүкіл адамзат тарихында оқырманның жүрегін жаулап алып, өзіне тәнті етіп келді. «Грек мифологиясы грек мәдениетінің тек мол қазынасы ғана емес, сонымен бірге оның негізгі іргетасы да болды».


Қорытынды


Қорыта айтқанда, миф – өзіндік орны бар кең көне жанр. Түркі мифологиясы – бүгінгі түркі қауымын жасауға қатысқан бірнеше мың жылдық көшпелі ру тайпалардың, дүние, өмір туралы түсініктерінің, танымдарының біріңғай жүйесі.
Түркі мифі– алғашқы қауымға тән австралиялықтар мен американдықтардың көне мифі мен антикалық Греция, Рим, ежелгі Египет, Үнді, Қытай, Вавилондықтар мифологиясының ортасындағы аралық жанр. Ол өзінің алғашқы түрінен дамып шыққан да тарихи – қоғамдық дамуға сәйкес мифология ретінде жүйеленбей жатып, басқа жанрға айналған. Оның басты себебі – түріктерде ру тайпалардың құл – иеленуші мемлекет құрмай, рулық қауымнан бірден феодалдық қоғамға айналуы.
Осыдан келе, түркі халықтары мен грек халықтарының мифологияларының ұқсастықтарына тоқтала кетсем. Жалпы ежелгі грек және түркі халықтарының мифологиясының ұқсастығы екі халықтың да мифологиясында Құдайларға табынушылықты өте шебер сруеттелулерінде деп ойлаймын. Жалпы, грек құдайлары мен түркі құдайларының айырмашылығы атауларында болмаса, міндеттерінде айырмашылық жоқ. Мысалы, гректерде Афродита әйел болған жалғыз құдай болса, түркілерді жалғыз әйел құдай ол – Ұмай ана.


Әдебиет руханияттың аса маңызды бір бөлігі екенін ескерсек, үлкен романдардың авторлары ертегілер мен аңыз-әпсаналардан сусындап жетілгенін ескерсек, ертегілер өз бастауын (қанша жерден абсурд пен парадоксқа толы болса да) мифтерден аларын ескерсек ежелгі Алтай мифтері болашақта терең зерттеуді күтіп тұрған үлкен ғылым саласы болып есептеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер мен интернет-сайттары:



  1. Горький М. О. литературе. М., 1953.

  2. Есім Ғ. Артемьев А. Қанаев С. Біләлова Г. Дінтану негіздері. (оқулық). А., «Білім» баспасы. 2003.

  3. Радциг С. И. Введение в классическую филологию. М., 1965.

  4. http://rmebrk.kz/bilim/association/koblanov-shetel-ad-tar.pdf

  5. https://ruh.kz/kz/news/mif-orkeniet-zhane-altay/

  6. https://www.referat911.ru/Religiya-i-mifologiya/trk-mifologiyasy/87369-1800631-place1.html




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет