Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін көрсетіңіз



бет129/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

2. Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін көрсетіңіз.
Қазіргі уақытта əр елдің даму барысында халықаралық саясаттың қауіпсіздік саласындағы көптеген өзекті мəселелері алдыңғы орынға шығуда. Мəселен, лаңкестік, діни экстремизм, ымырасыз сепаратизм секілді қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Сонымен бірге заңсыз есірткі жəне қару-жарақ саудасы, заңсыз көші-қон, адам саудасы жəне ұйымдасқан қылмыс та ұлттық қауіпсіздіктің басты мəселелеріне айналды. Қазақстан өзінің әлемдік қауымдағы беделін, демократиялық даму жолын және халықаралық құқықтық өлшемдерді (стандарттарды) анықтайтын 300 халықаралық конвенциялар мен келісім – шарттарды бекітті.

  1. 1992 ж. 23 мамырда Лиссабонда Қазақстан, Беларусь, Ресей, АҚШ және Украина төрт аймақта орналасқан стратегиялық соғыс қаруларын (ССҚ-1) қысқартуға өздерінің жауапты екендігін көрсетіп, бес жақты хаттамаға қол қойды.

  2. 1993 ж. желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі ядролық қрусыз мемлекеттер тарапына кіргендігін бекітті

  3. 1993 ж. қаңтар айының 13 – 15-терінде Парижде химиялық қаруды шығаруға, оны қолдануға және қарастыруға тыйым салу және оны жою туралы Конвенция болып өтті. Оған 130 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар (14.01.93 ж.). Бұл жаппай қырып-жою қаруын таратпау тұрғысынан жасалған ең бірінші халықаралық құжат болды.

  4. 1995 жылы сәуірдің 21 жұлдызында бір жылдан аса уақытқа созылған, 1216 ж континентаралық баллисттикалық жарылыс зымырандарын Республика аумағынан шығару аяқталды.

  5. 1999 ж сәуірде Н.Ә. Назарбаев НАТО-ның құрылғанына 50 жыл толуына байланысты болып өткен жиналысқа қатысып, қауіпсізддік мәселесін жедел шешудегі жұмыстарына жоғары баға береді.

3.Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының даму ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Біз аймақтағы өзіміздің геосаяси жағдайымызға байланысты көпвекторлы саясат ұстанып отырмыз. Біз үшін одан қолайлысы жоқ. Бір жағымызда тарихи жағынан жақын Ресей, екінші жағымызда держава болуға ұмтылған Қытай отыр. Олардың бәрімен тиімді саясат жүргізу керек.
Мамандану мен өндірісті кооперациялау сыртқы экономикалық байланыстың ең «ескі» әрі «кең» таралған түрі – сыртқы саудамен тығыз байланысты.
Сыртқы тауар саудасына сыртқа шығару (экспорт) және сырттан әкелу (импорт) жатады. 1993 жылдан Қазақстанның шет елдермен саудасы 5 есеге өсті (2004 ж. – 33 млрд долларды, оның ішінде экспорт 20 млрд долл. құрады). Елдің сырттан әкелгеннен гөрі, сыртқа үлкен сомаға тауар шығаруының маңызы зор. Бұл оның алтын валюталық қорын ұлғайтады.
Біздің ел сыртқа 300-ден жоғары өнім түрін шығарады. Бірақ Қазақстан экспортының 3/4 бөлігін бар болғаны 5-ақ тауар түрі -мұнай, қара металдар прокаты, тазартылған мыс, бидай және ферроқорытпалар құрайды. Елдің негізгі экспорттық тауары – шикі мұнай (барлық экспорттың 3/5 бөлігі).
Сыртқы сауда географиясында үлкен өзгерістер болды. Біріншіден, Қазақстанның серіктес мемлекеттерінің саны көбейді: қазір олар 170. Екіншіден, қазір сауданың 2/3 бөлігі алыс шет елдердің үлесіне тиеді. Сауда көлемінің ұлғаюына байланысты, ТМД елдерінің үлесі азайды, өйткені оларда экспортқа бізбен бірдей тауарлар шығарады.
Қазақстанның сыртқы саудасын «құрлықтық» сауда деп те атауға болады, өйткені оның басым бөлігі (9/10-нан жоғары мөлшері) Еуразия елдерімен жүргізілетін сауданы құрайды.Оның географиялық жобасын ТМД елдерімен (барлық сауданың 31%-ы), әсіресе ЕурАзЭҚ елдерімен (25%-ы), Еуропалық Одақпен (32%-ы) жөне Қытаймен (8%-ы) арадағы тауар айналымдары береді. Олардың үлесіне еліміздегі тауар айналымының 3/4 бөлігі келеді.
Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар — Швейцария, Италия, Ресей, Қытай (барлық экспорттың 60%-ы). Тағы осындай мөлшердегі импорт тауарлары Ресей, Германия, Қытай және Украинадан келеді.
Елдер тек тауармен ғана емес, қызмет көрсету түрлерімен де алмасады. Қызмет көрсету — бұйым шығарумен тікелей байланысы жоқ, ақылы жұмыс түрлері. Сондықтан қызмет көрсету саудасын «көрінбейтін экспорт» деп те атайды.)
Қазақстанның тауар саудасынан гөрі, қызмет көрсету саласы жылдам өсіп келеді. 1993 ж. ол 6 есеге өсті. (2004 ж 7 млрд долл.) Республика басқа елдерге қызмет көрсетуден гөрі өзі оны 3 млрд долларға көп қабылдайды.
Қазақстанның экспорттьщ негізгі серіктестері – ТМД елдері, ал импорттық географиясы әр алуан. Іскерлік қызмет көрсетуде АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, ал туристік қызметте – Ресей және ТМД елдері, кұрлыстық қызмет көрсетуде Түркия, ал фрахталық қызмет керсетуде Әзірбайжанның рөлі үлкен.
Іскерлік серіктестік көп жағдайда бірлескен кәсіпорын (БК) құруға алып келеді. Оған отандық және шет елдік компаниялар қаржы салады. 120 ел серіктес болып табылатын БК саны 7000-ға жетті. Олардың ішіндегі негізгілері – Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Германия және Ұлыбритания. Біріккен кәсіпорындар Қазақстанның экспорттық өнімдерінің 70% белігін шығарады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет