Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен дамуы



бет131/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Қазақстан мен Түркия Республикасы арасындағы қатынастардың қалыптасуы мен дамуы.

1991 жылы 16 желтоксанда жарияланған Қазақстан тәуелсіздігін әлемде бірінші болып таныған мемлекет Түркия Республикасы болды.
Қазақстанға ең бірінші болып қолдау көрсеткен Түркия мемлекетінің теңдесі жок бұл актісі тәуелсіз жас мемлекеттің халықаралық деңгейде тез танылып, өзінің сыртқы саясатын айқындауға, басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының негізін салуға жол ашты. Көп ұзамай 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды және де Алматы қаласында ең бірініш болып Түркия Республикасының Елшілігі ашылды. Әрине, бұл ресми дипломатиялық қатынастың орнатылуы еді.
Қазақстаң Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Біз түркі тілдес мемлекетпіз және де түркі тілдес елдермен қатынастарды нығайтуға бар күшімізді саламыз» .
Кейінгі 10 жыл ішінде Қазақстан мен Түркия арасында 90-нан астам келісім-шарттар және хаттамаларға қол қойылды. Қазақ-түрік қарым-қатынастарының шынайы достық, туысқандық аясында дамуына бағыт берген, оны сипаттайтын негізгі құжаттардың бірі ретінде 1991 жылы 15 наурызда Алматыда Түркия Республикасы Президентінің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары кезінде Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзал қол қойған «Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы» келісімшартты ең алдымен атаған жөн.
Осы келісім шарттан кейін 1991 жылы 26 қыркүйекте екі елдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев және Т.Өзал «Қазақ Совет Социалистік Республикасы және Түркия Республикасы арасындағы қарым-қатынастың принциптері мен мақсаттары туралы» Декларацияға қол қойды.
1991 жылы қазанда Қазакстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Түркияға алғаш рет ресми сапар жасады.
Түрік азаматтарының казақ елінің көрнекті өкілдерімен және қазақ тарихының негізгі оқиғаларымен танысуына мынадай оқиғалар ықпал етті. 1993 жылы — Түркияда Ахмет Ясауи жылы еткізіліп, 1995 жыл — Абай жылы, 1996 жыл — Жамбыл жылы, 1998 жыл — Құрманғазы жылы деп аталып өтті. 1996 жылы Анкарада желтоқсан оқиғасының онжылдығы аталып өтті. 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығы және Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатия-лық қарым-қатынастың 5 жылдығы аталып етті.
Түркі халықтары арасында құрылтай өткізіліп тұрады. 1993 ж. 12 шілдеде Алматыда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан мемлекеттерінің Мәдениет министрлерінің кездесуіндегі өзара келісімшарт негізінде Түріксой ұйымы құрылады ол түркі елдерінің өзара барлық салаларда қатынастарына әсер етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет