Азаматтық қоғам Эпиграф



Дата09.03.2023
өлшемі15,67 Kb.
#72670
Байланысты:
Азаматтық қоғам


Азаматтық қоғам
Эпиграф: «Бүкiл адамзат үшiн жарқын болашаққа үмiт беретiн бiрден-бiр жол, ол өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық жолы, мұндa барлық қoғaмдық күш-жiгерлер - мемлекеттер, жеке сектор, бiлiм беретiн және зерттеу мекемелерi, барлық нысандағы азаматтық қoғaм - нақты, қол жететiн мaқcaттapғa ұмтылу үшiн өз күштерін бiрiктiредi.»
(БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Aннaнның ұйымның қызметi туралы есебi, Бас Ассамблея, Нью-Йорк. 6 қыркүйек 2001 жыл)
«Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек.
(Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз жолдауында)
Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Жалпы түсінікке сүйенсек, Азаматтық қоғам – бұл мемлекеттен тыс оқшау түрде өзіндік ортақ мүдделерін қорғау үшін ұйымдасқан азаматтар қауымдастығы болып табылады. Бұл тәуелсіз (яғни мемлекет бақылауында емес) қатарға БАҚ, кәсіподақтар, фан-клубтар, саяси партиялар, экологиялық топтар, діни бірлестіктер, көрші сағаттар, желілік қауымдастықтарды жатқыза аламыз. Мемлекет ежелгі уақыттан қоғамдық ұйымның түп тамыры , басым негізі болды. Дейтұрғанмен, жеке тәуелсіз азаматтық қоғамның дамуы да бірте-бірте маңыздылыққа ие болып келе жатыр. «Азаматтық қоғам» дегеніміз не? , елімізде Азаматтық қоғам дамудың қай деңгейінде атты сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойымды саралап көрейін.
Кез келген демократиясы дамыған, тұрғындарының жеке бас құқықтары заңмен қорғалатын еркін елде азаматтық қоғамның бар екендігі сөзсіз. Әрине, азаматтық қоғам біртекті бола алмайды, ол өте әртүрлі болуы мүмкін. Оның ішінде әрдайым бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесетін сантүрлі құрылымдар біте қайнасып қатар дамиды. Бұл дегеніміз мен жоғарыда атап өткен азаматтық қоғамды құрайтын қайырымдылық ұйымдары, кәсіподақтар, діни бірлестіктер немесе тіпті фан-клубтар болуы мүмкін.
Азаматтық қоғамның осындай біркелкі еместігіне байланысты оның мүшелері белгілі бір мәселелер бойынша жалпы ортақ пікірге ие бола алмайды. Кей кездері бұл пікірді таңу әрекеті ретінде орын алып, азаматтық құқықтарды бұзу ретінде қабылдануы мүмкін. Сондықтан адамдар басқа біреудің еркіндігіне араласуға жол бермей, осындай жағдайда да бірге өмір сүруді үйренуі керек. Менің ойымша, бұл дүние мүмкін болуы үшін азаматтық қоғам мүшелерінің мәдениеті мен басқаларға деген төзімділігі, ой пікіріне деген құрметі жоғары болуы керек. Тек осындай жағдай бол,анда ғана түрлі ұйымдарда тәртіпті сақтауды және барлық әлеуметтік құрылымдардың өзара әрекетін қамтамасыз етуге болады.
Еліміздегі азаматтық қоғам құрылымына тоқталып өтейін. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстандағы азаматтық қоғам тұрақтылық пен институционалдық дәстүрлерді сақтауда мемлекеттің сенімді серіктесіне айналған бірнеше ұйымнан тұтас бір институтқа айналғандығын айтуға болады. Осыған байланысты Азаматтық сектор дегеніміз не екенін анықтап алу өте маңызды. Алайда, ұлттық заңнамада «азаматтық сектордың» нақты анықтамасы көрсетілмеген. Әдетте бұл ұғым «үкіметтік емес сектор», «үшінші сектор», «ҮЕҰ секторы» секілді анықтамалардың синонимі ретінде пайдаланылып жүр. Неліктен үшінші сектор деген атауға ие деген сауал туындауы мүмкін. Себебі құны жағынан қалған екеуі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен тең.
Елімзде 2003 жылдан бастап мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланысты дамытудың мәселелерін қарастыратын Азаматтық форум тұрақты түрле өткізіліп келеді. Соған сәйкес 2020 жылдың қараша айында «Қоғам және мемлекет, Біргеміздің серіктестігі мен дамуының 30 жылы» атты IX Азаматтық форумы өтті. Форум аясында 40-тан астам түрлі форматтағы диалог алаңдары ұйымдастырылған .Орталық мемлекеттік органдардың 12 басшысының салалық кеңестері өтіп, онда «ашық микрофон» форматында ҮЕҰ өкілдері өздерін бұрыннан толғандырып жүрген сұрақтарын қоя алған. Сол Азаматтық форумның қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдерінен 650-ден астам ұсыныстар мен қайта қарауға тиесілі жұмыстар туралы пікірлер келіп түскен. Бұл дегеніміз еліміздегі азаматтық қоғамның күн снап дамып келе жатқандығын білдіреді. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін түйсінер кез келді деген оймен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та өз Жолдауында «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ аса маңызды жалпымемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет», деп атап өткен болатын.
Қорыта айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні азаматтық қоғам – саяси, экономикалық және мәдени дамыған елдің белгісі. Демократиялық тәртіп орнаған, халықтың білімі мен сана-сезімі ең биік межеге жақындаған мемлекетте ғана азаматтық қоғам еш кедергісіз құрылады деп есептеймін. Тиісінше, азаматтық қоғам кез келген мемлекеттің табысты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет