Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама



бет42/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

Ноғай Ордасы:
Тарихнама: “Ноғай Ордасының тарихы” деп аталатын үлкен ғылыми еңбек жазған В.В.Трепавлов
Отандық тарихнамада Ноғай мәселесі Қазақстан тарихында қосалқы тақырып деңгейінде ғана зерттеліп келді. Бұл тақырып бойынша Қазақстанда орындалған А.И.Исиннің “Взаимоотношения между Казахским Ханством и Ногайской Орды в ХҮІ в.” (198) деген еңбегін ғана атауға болады. Ол еңбекте Ноғай Ордасының шығыс бағыттағы сыртқы саясаты мәселесі толық ашылды.
Ноғайтануға тікелей арналған еңбек М.С.Сафаргалиевтің “Ногайская Орда в середине ХҮІ века” (1938) деп аталатын кандидаттық диссертациясы болды. Жалпы Магомет Гарифович Сафаргалиев көшпелі ноғай империясын монографиялық тұрғыда зерттеген дүние жүзіндегі бірден бір ғалым ретінде атап өтуге лайық.
Дерек: Ноғай халқының тарихи-әдеби жырлары. «ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ», «ЕДІГЕ БАТЫР»

Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.


Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет