20. Бейбітшілік пен қарусыздану, жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау проблемасы және осы мәселе бойынша Қазақстанның ұстанымын анықтаңыз. БҰҰ-да қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралыққ келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдығы жоғары бағаланды.
Қазақстанның СНВ-1 шартына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуын БҰҰ Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөніндегі БҰҰ конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. БҰҰ Бас Ассамблеясы қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтіп жүр.
Н.Ә. Назарбаев тарапынан жүргізіліп келе жатқан сыртқы саясаттың ең бастысы ядролық қаруға қарсы Қазақстанның өзіндік көзқарасы болып табылады. Негізінен алғанда Қазақстан Президентінің тікелей басшылығы және бастамашылығы негізінде іске асырылып отырған еліміздің ядролық қаруға қарсы қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Олар атап айтқанда:
1. Қазақстаннан ядролық қаруды шығару, Семей ядролық сынақ алаңының жұмысын тоқтату бағытындағы қызметі;
2. Қазақстан тарапынан әлемдегі ядролық сынақ алаңдарының жұмысын тоқтату, ядролық қаруды шығаруға бақылау қоюдағы мемлекеттер арасындағы бірлескен іс-қимылдарын іске асыру;
3. Әлемді ядролық қарудан аластаудағы Қазақстанның бастамашылығы мен ұсыныстары.
Біз Каспий теңізі достық, тұрақтылық және өзара сенім мекені болса екен дейміз. Қазақстан 2004 жылдан бері Каспий теңізіндегі қару-жараққа бақылау орнатудың бесжақты тетігін жасау туралы бастама көтеріп келеді. Осындай шаралар өзара сенімді нығайтар еді.
Қырғызстандағы жағдай туралы айтқанда қару-жарақ пен оқ-дәрілердің үлкен көлемі ондағы халықтың қолына бақылаусыз түсуі алаңдаушылық туғызбай қоймайды. Отты қарулардың заңсыз айналысын көптеген елдердің үйлесімді әрекетінің арқасында ғана шектеуге болады. Осылай дей келіп, Қ.Саудабаев БҰҰ-ның кәдімгі қару-жарақ тіркелімін жетілдіру қажеттігін айтып Қазақстан қандай да бір шара қолданады деді.