14. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын талдаңыз. Ең бір күрделі проблемалардың бірі - ауқымы 440 мың шаршы километрге жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу болды. Егер 1991 жылға дейін Каспий екі елге тиесілі болса, енді оның суы бес мемлекеттің - Қазақстанның, Ресейдің, Иранның, Әзербайжанның және Түрікменстанның жағалауларын шайып жатыр. Осындай жолмен жаңа тарихи және саяси болмыста Каспий теңізін ұлттық секторларға өркениетті жолмен бөлудің жаңа халықаралық құқықтық негізін жасаудың шынайы қажеттілігі туындады. Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізіне қатысты ұдайы көршілер. Сондықтан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау тең деңгейде екі мемлекеттің де мүдделерін қозғайтын негізгі проблема болып қала береді. Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері 1996 жылғы 16 қыркүйекте Бірлескен мәлімдемеге қол қойды, онда Каспий мәртебесінің мәселесі бойынша ұстанымдарының ұқсастығы туралы түңғыш рет айтылды. 1998 жылғы 6 шілдеде қол қойылған, Қазақстан мен Ресей арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісім тұрғысында Бакумен диалогты жалғастырудың үлкен перспективасы бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылғы шілдеде Каспийде болған Иранмен жанжал кезінде Әзербайжанды үзілді-кесілді қолдады.
Каспийдің құқықтық мәртебесі проблемасын жеделдетіп шешуге бағытталған Каспий жағалауы мемлекеттерінің іс-қимылының негізінде осы теңіздің минералдық ресурстарының тиесілілігін айқындау тілегі жатқаны құпия емес. Осы жерде бар көмірсутегі ресурстарының қорлары әртүрлі бағаланады, бірақ көптеген сарапшылар осы аймақ көмірсутегін өндіру жөнінде әлемде Таяу Шығыстан кейін екінші болуы мүмкін деген пікірге тоқтайды. Сондықтан "ойынның" өзара қабылдауға болатын және анық ережелерін белгілеместен Каспий байлығын кең ауқымды игеру перспективасы дау туғызуы әбден мүмкін.
1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін жасау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер процесі басталды. Бірінші кезеңде проблеманы шешудің үш түрлі көзқарасы байқалды.
Ресей табиғи ресурстардың барлық түрлеріне қолданылатын бірлесіп билік жүргізудің негізінде Каспий теңізі ортақ пайдалануда болуы тиіс деп санады.
Әрбір Каспий мемлекеті өзінің заңды құқығын тар жағалау алабына ғана қолдана алады, ол жерде теңіздің түбімен оның минералдық ресурстарын барлауға және игеруге ерекше құқық алады.
Тар жағалау аймағынан тыс минералдық ресурстарға қатысты айтсақ, олар ресейлік нұсқа бойынша ортақ пайдалануда болуы тиіс.
Әзербайжан нөлдік нұсқа деп аталатынды талап етіп, су айдынын, оның түбін және қойнауын ұлттық секторларға бөлуді ұсынды. Бұл нұсқа қатаң сипатымен ерекшеленеді.