ЭКОНОМИКАЛЫҚ: Америка Құрама Штаттары –Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2 миллиард АҚШ долларын құрады (экспорт – $612,6 миллион, импорт – $1,4 миллиард). Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 3,3 пайызына тең. Сауда айналымының 2008 жылмен салыстырғанда, 500 миллион АҚШ долларына төмендеуі дүниежүзілік экономикалық дағдарыс салдары Қазақстанда АҚШ капиталының қатысуымен 350-ден астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Аталған кәсіпорын негізінен шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру, құрылыс, фармацевтикалық тауарлар сату, қонақ үйлерге қызмет ұсыну, көлік-экспедициялық қызмет көрсету, геологиялық барлау мен іздеу (ғылыми зерттеулерсіз) жұмыстарын және басқа да салаларды қамтиды.
"ШевронТексако", “ЭксонМобил”, “КонокоФиллипс”, “Орикс/КеррМакГи” сияқты америкалық компаниялар еліміз экономикасының дамуына көмегін беріп, алдыңғы орындарды иеленуде. Америкалықтардың қатысуымен құрылған “Теңізшевройл”, “Аджип ККО”, “Каспий тұрба құбыры консорциумы”, “Қарашығанақ интеграциялық ұйымы” сияқты компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар еліміздегі ірі жобаларды жүзеге асыруға белсене үлес қосып келеді.
мәдени-гуманитарлық: Қазір Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының жаңа бір "көзі" – әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризмге қарсы күреске қосылуда. Ал, АҚШ осы межеде, өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетіп келеді.
Қазіргі таңда Қазақстан және АҚШ стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге шығуы тиіс. Қазақстан Республикасы АҚШ-тың Орталық Азиядағы басты серіктесі болуы, бір жағынан, Қазақстан үшін АҚШ-пен ынтымақтастықты жан жақты дамытуға ықпал етуде, ал екінші жағынан, АҚШ Орталық Азияның ең тұрақ- ты және болжамды арнада даму үстіндегі және экономикасы жедел қарқынмен дамып, прагматикалық тұрғыдан негізделген көпвекторлы сыртқы саясатын жүргізіп жатқан, демократиялық үдерістері серпінділігімен сипатталатын Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту қажеттігін түсінуде.