16. XV-XVII ғғ.қазақ халқының мәдениетіне талдау жасаңыз. Тарихнама: Суиншалиев X. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері А., 1967. 75-100-6.;
Қазақ әдебиетінің тарихы. А. 1961
Алдаспан. – Алматы, 1970.
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы. – Алматы, 1982.
Бес ғасыр жырлайды. Үш томдық. Т.1. – Алматы, 1984.
Бұхар жырау шығармалары. – Алматы, 1992.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы, 1993.
ХV-ХVІІ ғасырларда қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың тілдері негізінде шықты. ХVғасыр – қазақ тілі өзіне тән белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды. ХVІ-ХVІІ ғғ. Қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайридің (1530-1605жж.) «Жами ат тауарих» (Жылнамалар жинағы) шығармасы. Автор, өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587 жылы Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды.
Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар қатарына «Шыңғыс наме», «Бабыр нама», «Темір нама» жатады.
Мұхаммед Хайдар Дулати -1546 жылы парсы тілінде жазылған «Тарих-и-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилік Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. ХVІІ ғасыр-Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.
Қазақ халқының ауыз әдеюиеті ХV-ХVІІ ғасырларда кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет-қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тарағаны батырлық эпостық жырлар.
Осы ғасырларда өмір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар. Доспамбет жырау-шешен және батыр. Қырым, НОғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған. Шалкиіз Тіленшіұлы- Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен. Ал, Жиембет жырау Бортоғашұлы-Есім ханның Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы болған. «Әмірің қатты Есім хан» толғауын жырлаған. Ақтамберді Сарыұлы 17 жасынан бастап Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. Оның 26 туындысы бізге жеткен. Бұқар Қалқаманұлы –Тәуе хан тұсында ел билеу ісіне араласып, кейін Абылай ханның ақылшысы болған. ХVІ-ХVІІІ ғғ. Би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің шеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар қазақ елінде ғана емес, Ресейде, Хиуада, Жоңғарияда, Цин империясында танымал болған. Атап өтсек, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билер.