Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав



бет73/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

1848 жылы Ресей империясы Ұлы жүз үшін пристав (кішігірім әкім) лауазымды қызыметін белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал- губернаторына тікелей бағындырылды. Оның міндеті Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағына ену. 


  • Қазақстан аумағында бой көтерген Ресей бекіністері – Верный, Торғай, Ырғыз

  • Ресейге Іле аймағын отарлауға көмектескен бекіністер – Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь

  • Қапал бекінісі – 1847 жылы салынды. Іле мен Лепсі өзені аралығындағы қазақтарға Ресей билігін мойындату үшін. 


  • 1848 жылы Ұлы жүзді басқаруға арнайы пристав тағайындалды. 


Ресей империясын жетісу жері қызықтырды. Бірақта сол кезде Қазақстанның оңтүстігінде қоқан мен хиуа хандықтары билік етті. 
Қоқан хандығының Қаскелен өзенінің бойында Тойшүбек деп аталатын бекінісі болды. Оны орыс әскерлері (Карбышев бастаған экспедиция) 1851 жылы соғыссыз басып алды. 
1853 жылы Ресей империясы қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін басып алды. 

  • 1854 жылы Верный бекінісі құрылды. Негізін қалаған М. Перемышельский. Бұрынғы атауы - Алматы. 

1855 жылы Верныйға Сібірден ____ шаруа отбасы көшіріліп әкелінді. 
1858 жылы Верныйда сыра зауыты іске қосылды. 
Ұлы жүз бен Солтүстік Қырғызстан шекарасында орналасқан бекініс Кәстек 1859 жылы салынды. 
1860 жылы подполковник Циммерман бастаған әскер Қоқан хандығының Тоқмақ және Пішпек бекіністерін басып алады. Пішпек Қоқан хандығының негізгі орталығы болды. 
1860 жылы Ұзынағаш түбінде қоқандықтар жеңіледі. 
1864 жылы Ресей әскерлері Меркі әскери бекінісін қарсылықсыз басып алды, одан кейін Әулиеата, Шымкент , Түркістан қалаларына шабуыл жасады . 
Ұлы жүздің Ресейге қосылуын қолдағандар – Сұраншы батыр, Шаян батыр, Жайнақ би. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет