Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС



бет71/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС 
1837 – 1847 ЖЫЛДАР ҮШ ЖҮЗІ ТОЛЫҚ ҚАМТЫҒАН КӨТЕРІЛІС
Көтеріліс барысы: 

  • 1837-1847 жылдардағы көтеріліс басшысы – Қасым төренің баласы, Кенесары (1802-1847 ж.ж өмір сүрді). 

- Көтерілістің басты мақсаты: Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. 


- Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. 
- Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды.
- 80-нен астам би, старшын, сұлтандар көтеріліске қатысты. 

  • Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өкілдері қатысты – орыс, өзбек, қырғыз.


  • 1838 жылғы мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді. Бұл көтерілісшілерге рух берген ірі жеңіс болды. 


  • 1838 жылдың күзінде қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы тобы қосылды. 



  • 1841 жылы көтерілісшілердің қоқандық әскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы және бірнеше қоқан бекіністерін алуы сарбаздарды рухтандырды.

Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады

  • 1844 жылғы шілденің 20-нан 21-не қараған түнінде көтерілісшілер сұлтан Арыстан Жантөре тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан Кенесары маңына жиналуына түрткі болды. 


  • 1845 жылғы сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келіп, патша әкімшілігінің талаптарын жеткізді: 

- Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды. - Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді. 
- Кенесарының Орынбор қазақтарының иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындағанда ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет