Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.
2)Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады.
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) хандық дәуір жойылып, аға сұлтандар басқарған заманның жыршысы.
Қазақстан ғылым академиясының әдебиет пен өнер институтының қолжазба қорындағы Дулат өлеңдерінің біразы (1500 жолдай) соның сақтауы арқылы жеткен. 1880 жылы Қазанда шыққан “Өсиетнама” кітабында ақынның біраз өсиеттері мен толғаулары енген. Жалпы көлемі сегіз жүз жолдай (Omiraliyev, 1993:113). “Өсиетнама” жинағына оның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлап бейнелеген қоғамдық ой тудырған толғаулары енген.
Дулат Бабатайұлының өлең-жырларының басты сарыны отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Оның “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, “Айтпа- сымды айтқыздың”, “Ақжайлау мен Сандықтас” жырлары мен би-болыс, байлардың ісін сынап айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға” атты арнау өлеңдері бар.
3)Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Мұрат ақынның шығармалары тұңғыш рет 1908 жылы Қазан қаласында Кәрімовтердің баспаханасында «Мұрат ақынның Ғұмар Қазыұлына айтқаны», деген атаумен шыққан жинақ басылды. Сондай-ақ 1924 жылы Халел Досмұхамедұлы Ташкентте «Мұрат ақын сөздері» атты шығармаларының жинағын шығарды (Auezov, 1991: 216).
Мұрат ақынның басқа «Зар-заман» ақынд- арынан ерекшелігі, өзінің жыр-толғауларының көпшілігі ата-қоныс құтмекен, тіршілік көзі, өзге жат орыс жұртының иелігіне өткен жер мәселесіне арналған.
Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |