Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет6/9
Дата04.10.2022
өлшемі8,29 Mb.
#41316
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 тақырып

Сақтардың рәсімдері

Сақтардың (скиф) тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі мен шаруашылығы еуропалық және азиялық сақтарға (скиф) ортақ болды. «Қазақтарда елін қорғауға аттанған жауынгерлер сұқ саусағын құрбандыққа шалынған боз биенің қанына батырып, оны жалап тұрып ант берген. Бұл ғұрып жылқыны қасиетті санағаннан кейін туған ырым» — дейді З.Самашев. Ежелгі көшпенділердің бітімгершілік рәсімінде өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Геродоттың деректерінде сақтар (скиф) қанмен шарап араластырып, ыдысқа қылышты батырған соң, сол шарапты кезектесіп ұрттап ішкен. Мұндай көріністер ежелгі көшпенділердің құмыраларында бейнеленсе, ал орта ғасырда өмір сүрген қыпшақтар соғысқа аттанғанда бір-бірімен «қан бітімгершілік» ғұрпын жасаған. Көшпенділердің қоғамда өмір сүрген ортасына орай наным-сенімдеріне байланысты өткізілетін рұсімдер аздаған өзгерістерге ұшырап отырды. Соған қарамастан көшпенділер ғасырлар бойы дәстүрлі тұрмыс — тіршілігін сақтап қалды. Мұндай ғұрып қыпшақтарда XVIII ғасырға дейін балбал тастарға ойып бейнеленген. Қолына ыдыс ұстап бейнеленген жауынгер кейпіндегі балбал тастар Евразия аймағында орта ғасырда кеңінен тұрғызылған. Сондықтан ежелгі сақтардың (скиф) бітімгершілік салттарының көрінісін алтын пластиналар мен құмыралардан ғана емес тас ескерткіштерден де көреміз.


Діни нанымдары мен ғұрыптары
Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. Олар: аспан әлемі, жер әлемі және жер астында әлем бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт бұрышы оң, сол, артқы және алдынғы жағы болған. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан
табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген. Бұлар- күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі болып
саналады.

Ғұндар


Ежелгі заманда Орталық Азия аумағын мекендеген ең ірі ру-тайпалар бірлестігі көшпенді хунну — ғұн тайпасы болды. Қытай деректерінде “Ғұн” атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. “Ғұн” сөзі “гун руң, хун ю” атауларымен берілген. Ғұндардың басшысын “шаньюй” деп атаған. Ғұн мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып, үш қанатқа бөлінген.
Шаньюйден кейінгі басты тұлғалар – түменбасылар болды. Шаньюй түменбасыларын өзінің ұлдары мен інілерінен, жақын туысқандарынан тағайындаған. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса, белгілі бір аумақ белгіленген.
Ерлер жасаққа тіркелуге, әскери жаттығулармен шұғылданып, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған.
Мөде басқарған Хунну (ғұн) державасының пайда болғандығы туралы қытай дерегінде айтылған.
Шығыстанушы ғалым Л. Н. Гумилев бұл оқиға б.з.б. 209 жылы болған деп көрсетеді.
24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем тұратын. Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында
таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі болды. 24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар
болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт
атты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет