Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында Кристиан Юргенсен Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. .
Ең алғашқы темір құралдары Батыс Азияда, Үндістанда және Еуропаның оңтүстігінде пайда болды, онда технология б.з. д. II және I мыңжылдықтардың басында белгілі болды. Темір өңдіру технологиясының таралу жылдамдығы көптеген факторларға, ең алдымен шикізат қорына, мәдени және сауда факторларының сипатына байланысты болды.
Шаруашылығы Тарихы Қоғам Сатылар Мәдениеті Ерекшелігі Тұрғындардың негізгі бөлігі таулы өңірлерде шоғырланды. Тасмола тайпалары мекендеген ерте темір дәуірінде шаруашылықтың жаңа прогрессивті түрі кеңінен тараған. Көшпелілер өзінің күшті көшпелі орталықтарын құрды, олар келешек империялардың бастамалары болды
Темір дәуірі 3 сатыға бөлінген:
Бірінші саты (б. з. б. VII-VI -ғ.)
Екінші саты (б. з. б. V-IV-ғ.)
Үшінші саты(б. з. б. III-I-ғ.)
Әлеуметтік-экономикалық саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең ірі тайпалық бірлестіктер қалыптасты. ірі обалар тұрғызылды . Темір кеңінен қолданылды.
Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады
Егіншілік, «көшпелі» және «жартылай көшпелі» мал шаруашылығы болған. Малшылықтың жылжымалы түріне ауысуына даланың құрғақтануы (аридизация) ықпал етті.
Тарихи сахнада скифтер, сактар, савроматтар,үйсіндер, қаңлылар, ғұндар деп атаған тайпалар пайда болды. Ерте темір дәуірінде металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді.