Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.
Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері, еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.
Дін және өнер
Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген:
1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.
Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.
Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.
Қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.
Қорытынды
Қорытынды
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. мыңыншы жылдықта басталған. Қола дәуірінде ең алғаш мыс пен қалайының қосындысынан қоланы алды.Сол себепті де осы дәуір қола дәуірі деп аталды. Қола дәірінде ең ірі Андронов мәдениеті мен Беғазы - Дәндібай мәдениеті бар. Қола дәуірі адам зат тарихында түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуімен (қола металлургиясы) ерекшелінеді;
ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы;
аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы;
андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті;
рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады; қыш құмыралар жасалынуымен ерекшеленеді