Ежелгі патшалық фараондары жүргізген аяусыз тонаушылық соғыстары мен алып құрылыс жұмыстары Мысырдың экономикалық қуатының төмендеп, патша билігінің әлсіреуіне алып келді. Облыс билеушілері номархтар фараон билігіне қарсы көтеріліске шығып, шамамен б.з.д. 2400 жылы Мысыр жекелеген облыстарға бөлініп кетеді.

Б.з.д. 21 ғасырда мемлекет қайтадан бір билікке бірігеді. Мұндай бірлік ең алдымен жер өңдеу шаруашылығына тәуелді құл иеленуші тап үшін өте қажет болды.
Осы уақытта номдар арасында билік үшін үздіксіз күрес жүріп жатты. Нәтижесінде Фив билеушілері басшылық еткен оңтүстік номдары жеңіске жетеді. Бүкіл Ніл алқабындағы билікке қол жеткізген бл номархтар ХІ династияның негізін қалайды.