Ежелгі таптық ҚОҒамдар мен мемлекеттер I тарау ежелгі қОСӨзен мемлекеттері тақырып шумер және аккад



бет2/22
Дата21.09.2023
өлшемі92,77 Kb.
#109335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ


2. ТАҚЫРЫП ЕГИПЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ


Ніл алқабының табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда «Қара жер» деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан. Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналасқан. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке қарай ағады.
Египет негізінен екі бөліктен тұрады: Жоғарғы Египет (оңтүстік) – жіңішке ұзын аңғар түрінде, ал Төменгі Египет (солтүстік) – үлкен үшбұрышты, өзеннің Жерорта теңізіне құяр жерінде, ол атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
Египеттің негізгі табиғат байлығының бірі – тас. Әсіресе Ніл аңғары малахит, гранит сияқты қымбат тастарға бай. Бұл тастар құрылыс материалдары ретінде және әр түрлі әшекей бұйымдар жасау үшін пайдаланылады.
Қазіргіге қарағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы өскен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Нілдің тасуы. Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер әсерінен маусым айында Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік су басады. Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды шайып өтеді. Аңғардағы топырақ тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кенересінен асып-тасуы бұл алқапты дүние жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы, су жайылып тартылған соң жұмсақ та ылғалды болады. Сондықтан да оны ағаш тесемен де, соқамен де өңдей беруге болатын. Ніл өзені ежелгі египеттіктер өмірінде маңызды рөл атқарды. Египеттіктер Нілді мадақтап жырға қосқан.

Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік жерден б.з.б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет