Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата09.01.2017
өлшемі2,26 Mb.
#1507
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жаңа сөздермен жұмыс.  

Хормен, жеке оқу. Кеспе буындармен жұмыс. 



Сөздік жұмысы.

Бала, баба, бата.

Бауырсақ домалай жөнелді. Алдынан аю шықты.

Суретпен жұмыс.

– Бота, балапанға қара. 

Бауырсақ алдынан түлкі шықты. 

Жазу жолындағы сөздерді оқу. 

Жазу дәптерімен жұмыс.

Бұдан  кейін  балаларды  сәл  сергітіп  алып  болғасын  сабақты  қоры-

тындылаймыз.  Сабақты  бір  оқушыға  бата  бергізу  арқылы  аяқтаймыз.



БАТА

Жас ұрпақ өмірлі болсын,   

 

Тұрмысы көңілді болсын.

Ағайын-туысқа пейілді болсын. 

 

Ата-анасына мейірімді болсын.

Он саусағы майысқан шебер болсын. 

Өнер-білімге зейінді болсын! 

Жаманшылық көрмесін, 

 

 

Аумин!

Қызылорда облысы

Сырдария ауданы.

58

www.kazmektep.kz

сыныпта өткізген “Өзіндік жұмыс” тақырыбындағы сабақта мынадай 

мақсаттар жүзеге асырылады.



ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУҒА 

ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСЫ

Гүлмира АҚМАҒАНБЕТОВА,

№85 орта мектептің қазақ тілі мен 

әдебиеті пәні  мұғалімі

9-

Білімділік. Оқушылардың ОЖСБ-ға дайындығын бақылау мақсатында 

фонетика,  лексика,  морфология  салалары  бойынша  алған  теориялық 

білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсыр-

малар арқылы анықтау.    



Дамытушылық. Іскерлік белсенділіктерін, ойлау қабілетін ауызша және 

жазбаша талдаулар арқылы дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз-

өзіне сенімділігін, қазақ тіліне қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік.  Оқушыларды  ұйымшылдыққа,  мәдениетті  сөйлеуге,  тілін 

құрметтеуге тәрбиелеу.

Бекіту  сабағы  типінде  өткен  бұл  дәрісте  Ж.Қараевтың  «Оқытудың 

үшөлшемді  әдісі»  және  Н.Оразақынованың  «Сатылай  кешенді  талдау» 

технологияларын  қолданып,  сұрақ-жауап,  тілдік  талдау,  жеке  жұмыс, 

топтық жұмыс әдіс-тәсілдерімен жүргіздім. Деңгейлік тапсырмалар, слайд 

көріністері, кестелер, т.б. көрнекілік қызметін атқарды.

Ұйымдастыру  кезеңінде  «Шаттық  шеңбері»    әдісімен  оқушылар  бір-

біріне  жылы тілектер айтып, сабаққа назар аударылған соң өткен сабақты 

тексеру мақсатында  «Ой  шақыру» әдісімен  сұрақтар  бере  отырып,  қазақ 

тілінің фонетика, лексика, морфология  салалары  бойынша  зымыран сұрақ-

тар беріледі.

– Қазақ тіл білімінің қандай салалары бар? 

– Фонетика нені зерттейді?

– Дыбыс нешеге бөлінеді?

– Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?

– Лексика нені зерттейді?

– Қолдану аясы шектеулі сөздердің неше түрі бар?

– Морфология нені зерттейді?

– Неше сөз табы бар?

– Қосымшаның түрлерін ата.

Осылайша  оқушылар  өткен  сабақта  алған  білімдерін  өз  сөздерімен 

қорытады. 

Бұдан кейін бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіріп, әр оқушыға деңгейлік 

тапсырмалар таратылады. Тақтаға деңгейлік тапсырмалар салынған кесте 

және деңгейлік тапсырмалар орындау көрсеткіші ілінеді.



Деңгей тапсырмалары.

1. Қазақ  әліпбиінде неше әріп бар, жаз  ---------------------

2.  Буын  үндестігіне  бағынбай  тұрған  сөздердің  астын  сыз:  сезімтал, 

цехта, халықтан, арбакеш, анамен, қалаға, каламгер.



3. Мына сөздердің қазіргі атауын жаз.

Ескі атауы        

 

 

 



Қазіргі атауы 

Таможня 


 

 

 



 

 

Самолет



Реклама

Комплекс


Документ

59

www.kazmektep.kz

Мысалдар    Архаизм    Неологизм    Кірме     Термин    Кәсіби      Диалект      Табу 

                                                               сөздер 

         сөз

Көпшік  


 

 

 



 

 

Түбір асты 



 

 

   



 

 

 



Сәукеле  

 

 



 

 

 



Жәшік    

 

 



 

 

Азот



Төре бала 

 

 



 

 

 



 

Ғарышкер 

 

 

 



 

 

 



Әңгелек  

 

 



 

 

 



4.  Көп  нүктенің  орнына  тиісті  жұрнақты  қойып, туынды  сөз  жаса.

Біл...                     Сауда...                                   Өнер...

Дос...                     Ұш...                                       Қой...

5.  Зат    есім,    сын    есім,  сан    есім,  етістік,    үстеудің    біріне    сатылай  

кешенді  талдау  жаса.

І  деңгей  тапсырмаларын  орындаған  оқушылардың  жұмыстары  тексе-

ріледі.  Дұрыс  орындаған  оқушылар  «Деңгейлік  тапсырмалар  көрсеткіші» 

тақтасынан магнитін ІІ деңгейге қояды, ІІ деңгей тапсырмасын орындауға 

кіріседі.

                                    ІІ деңгей тапсырмалары

1. Бір сөзге математикалық тәсілмен  мінездеме бер.

2. Семантикалық картаны толтыр.

3. Мына сөздерді сөз құрамына талда: әкесінің, көкшіл, ондаған, барып, 

барған, мақаласынан, жылтың.



4. Қай етістің  жұрнағы екенін көрсет:

-дыр,-дір,-ғыз,-гіз                                                         ырықсыз етіс

-ын,-ін,-н                                                                       өзгелік етіс

-ыс,-іс,-с                                                                        өздік етіс

-ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н                                                      ортақ етіс

ІІ деңгейлік тапсырмалар тексеріледі.Болған оқушылар ІІІ деңгей тап-

сырмасын орындауға кіріседі.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1.  Бір    мақалды    жазып,  ішінен    бір    сөзге  фонологиялық    сатылай  

кешенді  талдау  жаса.



2. «Мен ұнатқан мамандық» тақырыбына эссе жаз немесе өзің  қалаған 

мамандық  атына  сатылай кешенді талдау жаса.



3.  Мына  етістіктер   қай  шақта  тұрғанын жаз: жазып отыр, барғанмын, 

көретін едік, барды, айтарсың.

ІІІ деңгей тапсырмалары тексеріліп, деңгейлік тапсырмалардың қоры-

тынды нәтижесі шығарылады.

Оқушылар бүгін нені меңгергені, нені білетіні төңірегінде өз ойларын 

айтып сабақ қорытылады.

«Деңгейлік тапсырма көрсеткіші» бойынша оқушылардың әрқайсысына 

бағалау жасалады.

Фонетика, лексика, морфология салаларын қайталау үйге тапсырылады.

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төретам кенті.


60

www.kazmektep.kz

сталық” тақырыбындағы сабақта мынадай мақсаттар алға қойылады.

1.  Оқушыларға  ұсталық  өнер  туралы  мәлімет  беру,  тәуелдік  жал-

ҰСТАЛЫҚ


Мақпал РАХАТОВА, 

№132 гимназияның қазақ тілі мен 

әдебиеті пән мұғалімі

“Ұ

ғауларын қайталату. 



2.  Оқушылардың  сөздік  қорын  байыту,  ауызекі  сөйлеу  тілдерін  дамытып, 

лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.



3.  Оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту,  білімге,  өнерге  деген  сүйіс-

пеншіліктерін ояту.

Интерактивті тақта, қима қағаздар, суреттер сабақ көрнекілігін атқарады. 

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу әдісімен өтетін бұл сабақ  еңбекке баулу 

пәнімен байланыста жүргізіледі.

Сабақ сұрақ-сұхбат арқылы басталады.



1.  Отанымыз қандай?

2.  Қазақстан қандай мемлекет?

3.  Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қандай?

4.  Рәміздердің авторлары кім?

Содан  кейін үй  жұмысын тексеру  үшін  мына  сұрақтарға  жауап  алынады.



1.  Зергерлік бұйымдардың қандай түрлерін білесіңдер?

2.  Бұйымдар қандай металдардан жасалады?

3.  Ол бұйымдардың ерекшеліктері қандай?

– Бүгінгі сабақ тақырыбы «Ұсталық» деп аталады. Балалар, өткен сабақта біз 

зергерлік кәсібімен таныссақ, бүгін тағы бр өнердің түрі – ұсталық кәсібімен  та-

нысамыз. Бұл  кәсіп  түрімен  айналысатын  адамды – ұста деп айтамыз. Сонымен 

ағаш  ұстасы  немен  айналысады?

Ағаш  ұстасы  ағаштан бұйымдар жасайды. Енді тақтаға қарап,  қолданатын  

бұйымдарын  атап  шығайық  (слайдтағы  суреттерге  қараймыз). 

Ұсталық  кәсібімен  айналысатын  адамды  шебер  деп  те  атайды.  Шебер  

зергерлік бұйымдарды жасаумен айналысады. 

Сабақ  барысында  жаңа  сөздермен  таныстырып,  сөз  тіркестер,  сөйлемдер 

құрастыртамын.

Ұсталық – кузнечный.

Ағаш ұстасы – плотник.

Балтамен шабу – разрубить топором.

Арамен кесу – пилить.

Балғамен шегелеу – прибивание гвоздя молотком.



1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріледі.

1.  Ұсталар қандай бұйымдар жасайды?

2. Әлиханның атасы қандай ұста?

3.  Ол қандай заттар жасайды?

4.  Әлихан атасына қандай көмек көрсетті?

2-жаттығу.  Берілген  мысалдарға  тәуелдік  жалғауларын  дұрыс  сәйкес-

тендіріп жалғау.

Менің  дәріхана    і

Сенің   вагон         м

Сіздің   асхана      ың

Оның    билет       ыңыз



3-жаттығу.  Орындық  жасауға  арналған  қажетті  құралдар  мен  қажет  емес 

атауларды бөлек-бөлек топтап жазу.



Сақина, доп, шеге, алма, балта, сызғыш, балға, ара, кітап.

Сабақты бекіту үшін мына сұрақтар қойылады.



1.  Ағаш ұстасы немен айналысады?

2.  Зергерлік бұйымдарды ата.

3.  Балтамен не істейді?

61

www.kazmektep.kz



4.  Әлихан өзіне не жасап алды?

5.  Балғамен не істейді?

6.  Зергерлік бұйымдарды кім жасайды?

Рефлексия кезеңінде қима қағаз таратып, оқушылардың жауаптарын аламын.

Мен  не  білдім?  Не  қызық  болды?  Не  білгім  келеді?

Сабақ соңында балалардың білімдерін бағалап, үйге жаңа сөздерді жаттап, 

мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қойып келу тапсырылады.

Алматы қаласы.

ұл  тақырыптағы  сабақта:  а)  екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарындағы 

Қазақстанның    экономикасы,  майдандағы  қазақстандықтардың  ерлігі  және 

ҚАЗАҚСТАН – СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА 

Ұлжан  ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

“Рославль” орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Б

олардың  соғысқа қосқан үлесі жайлы түсінік беру; ә)  оқушылардың өз бетімен 

жұмыс жасауын қадағалау, ой-пікірлерін еркін жеткізулерін дамыту; б) өз елінің  

тарихи  құндылықтарын  құрметтеуге,  батырлардың  ерлігін мәңгі  есте  сақтауға  

жағдай  жасай  отырып, елін,  жерін  сүйетін  отансүйгіш  ұрпақ  тәрбиелеу мақсат 

етіледі.


Сабақ  көрнекілігіне  карта,  флипчарт,  слайдтар,  тест  сұрақтары пайдаланы-

лады.


Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде шаттық шеңбер арқылы сыныпты А, В, С, 

дейтін үш  топқа бөліп аламын.

Қызығушылығын ояту үшін мына төмендегі  сұрақтарға жауап алынады.

1. Ағарту ісіне үлес қосқан ғалымдардың есімдерін атаңдар.

2. Қазақстан мәдениетіндегі жаңа құбылыстар.

3.  20-жылдары  Қазақстанда  алғаш  рет  ашылған  қандай  ғылыми-зерттеу 

мекемелерін білесіңдер?



4. Жалпыға міндетті жетіжылдық білім беру қай жылы енгізілді?

Мағынаны  тану  мақсатында  сабақ  тақырыбын  оқулықтан оқып  түсінеді, 

топпен талқылайды.

Топтық жұмыста  балаларға алған білімді өмірде қолдана білуге үйрету үшін 

тапсырмалар беріледі.

“Қыран”  тобы    Москва  түбіндегі  шайқас,  “Сұңқар”  тобы    Ленинград  үшін 

шайқас,  ал  “Лашын”    тобы    Сталинград    майданы  туралы  әңгімелейді  және 

сәйкестендіру тесті бойынша жұмыс жасайды.

Оқушылардың алған білімдерін жинақтау мақсатында  викториналық сұрақтар  

ұйымдастырылады.

– Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің 

көзін жойған қазақстандық батыр кім?

– ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкімімен Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы 

атағы қай жылы берілді?

– Шығыстың қос жұлдызы.

–  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын 

алған қазақстандықтар саны.

– Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген , екі мәрте Кеңес Одағының Ба-

тыры. 

– Мәскеу үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316-шы атқыштар диви-



зиясы қандай марапатқа ие болды?

– Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары.

– Генерал-майор И.В. Панфилов басқарған дивизия.

Сабақ  соңына  қарай  топ  жетекшілеріне  алдын  ала  бағалау  парақтары  тапсы-

рылып, топтық және өзін-өзі бағалау жүзеге асады. Рефлекция кезінде оқушыларға 

бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, ілу тапсырылады.

Үйге эссе жазып келу беріледі.

Алматы облысы

Жамбыл ауданы.


62

www.kazmektep.kz



Редакция поштасынан

ЖОЛДАУ – ЕЛІМІЗДІҢ 

БАСТЫ  ҚҰЖАТЫ,

БОЛАШАҚТЫҢ  БАҒЫТ-БАҒДАРЫ

Майра АСАНОВА,

“Жүзағаш” орта мектеп-бақшасының 

тәрбие ісі меңгерушісі

олдауды    «Жүзағаш»  орта  мектеп-бақшасы  ұжымы  да  қызу  қолдап, 

талқылады.  Мектеп  директоры  Көбеген  Шотбасұлы  Жолдаудың 

Ж

келешектің келбетіне жол сілтеп, білім берудегі жаңа әдістерге көшу туралы 

маңызды мәселелерді алға қойғанын атап өтті. 

Жолдаудағы    міндеттерді  жүзеге  асыруға  атсалысу  –  баршамыздың 

міндетіміз. Біздің бағытымыз айқын, жолымыз  ашық. Жолдау ұжым  ара-

сында ғана емес, оқушылар, ата-аналар  арасында да талқыланды.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Нұрлы  жол»  атты 

халыққа  жолдауы  бүкіл  қазақстандықтарды  жарқын  болашаққа  жетелеп, 

нұрлы  күндерге  бастағандай.  Бүгінде  осы  тарихи  құжат  жолдауы  қоғамда 

қызу талқыланып, үкілі үміттердің бастауына айналып үлгерді деуге болады.  

Бұл бас құжат еліміздің алдағы бір жыл ішіндегі саяси-экономикалық, 

қоғамдық-әлеуметтік  мәселелерінің  шешу  жолдары  мен  елдің  көркейіп 

гүлденуінің  басым  бағыттарын  нақты  белгілеп  бергені  мәлім.  Өйткені, 

әрбір  жолдау  –  сол  жылдың  ғана  емес,  мемлекетіміздің  болашаққа  деген 

өскелең мұраты жолында алысты болжап жасалатын ауқымды жоспар, ұлы 

стратегияның бір парасы. Міне, осы болашақтың бас жоспары биыл «Нұрлы 

жолға» жалғасып отыр.

Елбасымыз өз жолдауында «Мәңгілік ел» мұратын ел санасында қайта 

жаңғырта отырып, асқақ мұраттың «ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің  

мызғымас  идеялық  тұғыры»  екенін  дәріптейді.  Жолдауда  «Барша 

қазақстандықтардың  жұмысының  түпкі  мәні  осы»  екенін  ұғындырып, 

азаматтарды  бір  мұрат  жолында  біріктірудің  қуатты  идеялық  негізін 

қалаған  тарихи  құжат  деуге  болады. 

2015    жылды    «Қазақстан    халқы    Ассамблеясы    жылы»    деп    жария-

лауының  да    тарихи    маңызы    мен    өзіндік    астары    бар.    Қазақстандық  

патриотизмнің    алауына  жылынған  өскелең  ұрпақты  бір  мұрат  жолында 

тағдырластық, ниеттестік тұрғыда жұмыла жұмыс жасап, ортақ Отанымызды 

бірге көркейтуге, беріле сүйіп, аянбай еңбек етуге шақырады. Бұл көпұлтты 

еліміздің баянды дамуының алғышарттарының бірі болмақ. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  биылғы  жолдауы  –  нұрлы  да, 

шұғылалы    келешегіміздің    үкілі    үміті.    Халқымыздың    ертеңіне    деген 

зор    сенімі,  жастарымыздың  отаншыл  азамат  болып  жетілуіне  жасалған 

мемлекеттік  қадам,  еліміздегі  қоғамдық-әлеуметтік  мәселелерді  ше-

шуге бағытталған   маңызды  саяси   құжат  екенін  түсіне  отырып, оны 

насихаттаудың   маңызы  айрықша   болды.  Оқушылар   расында Жолдау  

туралы   рефераттар  жазып,  өлең   жолдарын  арнағандар  аз  болмады.



Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Шолпан ауылы.

63

www.kazmektep.kz

ш  тұғырлы    тіл  өмірдің  қажеттілігі.  Үш  тілді  қатар  меңгеру 

бәсекеге қабілетті ел  азаматының міндеті.  Қазақстанның білік-



АҒЫЛШЫНДАРМЕН БОЛҒАН 

СӘТТІ КЕЗДЕСУ

 

Анаргүл  ҚОЖАҚМЕТОВА,

Айсәуле  ТОҚСАНБАЕВА, 

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық 

дарынды балаларға арналған мамандандырылған 

мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімдері

Ү

ті,  білімді  әр  азаматын  ғаламдық  ақпараттар  мен  инновациялық 

ағынына  ілесу  ағылшын  тілін  үйренуге  жетелейді.  Үш  тұғырлы  тіл 

өмірлік  қажеттіліктен  туындаған  идея.  Қай  заманда  болсын,  бірнеше 

тілді  меңгерген  мемлекеттер  мен  халықтар  өзінің  коммуникациялық 

және  интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп  отырған.  Яғни,  бүгінгі  таңда  

Қазақстан  үшін  үш  тұғырлы  тіл  –  елдің  бәсекеге  қабілеттілікке 

ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, 

жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге 

қабілетті тұлғаға айналады. Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында 

“Үш тұғырлы тілді білу – баянды болашақтың кепілі” деген болатын, 

сондықтан    оқушылардың  шетел  тілдері  пәндеріне  қызығушылығын 

арттыруда сыныптан тыс шаралардың мәні өте зор. 

Жуырда  мектебімізге  Кембридж  бағдарламасы  бойынша 

Ұлыбритания қаласынан Georgina Chivers және Helen Bradpord  жұмыс 

сапарымен  келіп,  біздің  оқушыларымыздың  ағылшын  тілінен  өткен 

"Travelling through ages" атты сыныптан тыс шарасының куәгері болды. 

Бұл шараға 5–11 сынып оқушылары қатысып, әр сынып жеке-дара өз 

өнерлерін көрсетті. Алғашқы болып, 11-сынып оқушылары ашып, одан 

әрі А.Джайгужина, Н. Қалпақова «Шаман» биімен жалғастырса, 10-сы-

нып оқушылары әлемге әйгілі Beatles-дің «Yesterday» әнін нақышына 

келтіре  орындап,  келген  ағылшын  қонақтарымыздың  көңілін  ерекше 

көтерді. 

8-сынып оқушылары «Halloweеn» көрінісін қойып, өздерінің киім 

үлгілерімен есте қалды. Одан әрі 5-6 сынып оқушылары кешті «Kovboy» 

биімен жалғастырып, «Little House» ертегісін асқан шеберлікпен орын-

дап,  залдағы  көрермендерді  тәнті  етті.  Әсіресе  Шекспирдің  "Othello" 

трагедиясынан  қойылған  үзінді  кітап  оқуға,  соның  ішінде  ағылшын 

әдебиетіне деген қызығушылығын оятты.

10-сынып  оқушылары    Рабиға  Байбекова,  Нұргүл    Құрманбай 

«Lemon  tree»  әнін  асқан  шеберлікпен  орындап,  кеш  классикалық 

бимен  жалғасты.  Шара  барысында  оқушылар  арасындағы  достық 

қарым-қатынас, түсінісушілік, белсенділік, бұрынғыдан да арта түсті. 

Ағылшындармен болған кездесуде оқушылар сол тілде сұрақтар қойып, 

өздерінің  танымдық  білім  деңгейлерін  кеңейтті.  Ағылшын  тілінде 

жүргізілген бұл кеш оқушылардың көңілінен шықты.

Кеш соңында Ұлыбританиядан келген ағылшын қонақтарымыз сөз 

сөйлеп, оқушыларымыздың өнеріне, өз ойларын ағылшын тілінде еркін 

жеткізе алатындығына  тәнті болып, өз ризашылықтарын білдірді.


64

www.kazmektep.kz



ЖУРНАЛҒА   ЖАРИЯЛАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН  

МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

1. Ғылыми мақаланың әмбебап ондық жіктемесі (универсальная 

десятичная классификация) болуы міндетті. Оны Алматыдағы ұлттық 

кітапханадан, облыстық кітапханалардан алуға болады.

2.  Ғылыми мақала басында аннотация  және  түйінді  сөздер  беріледі.

3.  Ғылыми зерттеу  мақалалар  ізденушімен  бірге ғылыми же-

текші авторлығымен немесе пікірімен, қағаздағы және электронды 

нұсқасымен, төлемақы  түбіртегі  көшірмесімен жіберіледі.

4.  Мақала көлемі 5–7 беттен аспауы тиіс. Шрифт – Times/Kazakh– 

14 (қазақша), Times New Roman –14 (орысша), интервал – 1,5.

5.   Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің әдістемелік-

тәжірибелік мақалалары облыстық, қалалық, аудандық әдістемелік 

орталықтардың пікірімен, журналға жазылған түбіртек көшірмелері-

мен, электронды пошта немесе “Қазпошта” бөлімшелерінен қағазға 

басылған және электронды  нұсқасымен  жіберіледі.

6. Редакцияға жіберілетін мақаланың 1-бетінде: мақаланың 

тақырыбы, автордың  аты-жөні,  автордың жұмыс орны (мектеп, инс-

титут, т.б.), атқаратын қызметі (мұғалім, директор, оқытушы, т.б.) 

көрсетіледі.  Соңында автордың  мекенжайы (облысы, ауданы, ауылы) 

жазылады.

7.  Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мынадай рет-

пен беріледі: авторы, аталуы, басылып шыққан мекені, баспасы, жарық 

көрген жылы. Шетел тіліндегі әдебиеттер отандық басылымдардан кейін 

жазылады.



8.  Мақала соңына автор қолын қояды. Үй немесе жұмыс, қалта 

(ұялы) телефоны жазылады. Мақалада келтірілген деректер, үзінділер, 

статистикалық мәліметтер, кісі аттары, өлең, ән авторлары, т.б. 

мағлұматтар мақала авторларының   жауапкершілігінде.



9. Мақала авторлары мәтіннің электрондық нұсқасын (флешка 

не диск), компьютерлік шығарылымын әкелуі немесе редакцияның 

электрондық поштасына жіберуі тиіс. Мақалалар факспен 

 

қабылданбайды.



10.  Редакция әдеби өңдеу барысында келіп түскен мақалалардың 

көлемін қысқартуға құқылы. Сондай-ақ журналдың мазмұндық 

бағыттарына сәйкес келмесе немесе жазылу сапасы төмен болса, 

мақаланы жариялауға ұсынбауға құқылы.



Редакция.

БіЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:

 

050010, Алматы қаласы,

Жамбыл көшесі, 25 үй. 

Жұмыс тел.: 

8 (7272) 71 17 80,

8(7272) 71 32 70 

Ұялы тел.:  

8 701 503 97 80, 

8 702 638 85 62.

Басуға 04.02.2015 жылы 

қол қойыдды. 

Таралымы         . 

Индекс 75737. 

Тапсырысы 182.

Пішімі 70x108 

 1

/



16

Қағазы офсеттік. 



Шартты баспа табақ 4.

Авторлық баспа табақ 6. 

Есептік баспа табақ 7,16.

Шартты бояулы 

бет таңбасы 6,87. 

Бағасы келісімді.

Журнал материалдары 

редакцияның компью-

тер  орталығында теріліп, 

беттелді.

Әріп түрі DSTimes.

Мақала авторларының 

пікірлері редакция көзқара-

сын білдірмейді.

Тапсырыс дайын диапози-

тивтерден басылды.

Меншік иесі — Қазақстан 

Республикасы Білім және 

ғылым министрлігі.

Журнал ЖШС РПБК

“Дәуір” баспаханасыңда 

басылды.


Қолжазба қайтарылмайды, 

мақалаларға пікір жазыл-

майды.

© “Қазақстан мектебі” 



№2, 2015 ж.

Журнал Қазақстан 

Республикасы Мәдениет,

ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 

2003 жылы ақпанның 

13-де тіркеліп, 

№3562 – ж куәлігі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет