Әдебиет
1. Burchifield R. The English language. – London,1995.
2. Greendaum S. Good English. – London,1997.
3. Quirk R. The Use of English.– Longman, 1999.
ғасырдың жас маманы – өзінің таңдаған мамандығы бойынша білімі
жан-жақты, ерекше ойлайтын, көзқарасы кең, азаматтық белсенді,
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Салтанат ТӘЖІБАЕВА,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика
университетінің профессоры,
педагогика ғылымының кандидаты
ХХІ
рухани-адамгершіліктік және кәсіптік жұмысқа дайын кәсіпкер (профес-
сионал). Ол еңбек нарығында өзінің құнын білуі керек, жағдай талап етсе
өз мамандығын (жоғары оқу орындары ішіндегі белгілі бағыт бойын-
ша) өзгерте алуға қабілетті болуы керек. Ол жеке қатынастар құруға
психологиялық дайын болуы керек, басқалардың көзқарасын сыйлай
39
www.kazmektep.kz
білуі, мейірімді (толерантты) болуы, қиын өндірістік және тұрмыстық,
конфликтілік жағдайлардан шыға білуі керек. Оның басты капиталы –
қоғам алдындағы отбасы, ұжым және өзіне деген жоғары жауапкершілігі.
Осыған орай жас маманның төмендегідей қасиеттері болуы керек:
– өзгеріп жатқан өмір жағдайларына бейімделе білу әлеуметтік-
саяси жағдайға, өз көзқарасы мен сеніміне, идеалына және ізгіліктілік
құндылықтарға сүйене отырып нысанала білуі керек;
– ұлттық санасы, азаматтылық отангерлік қасиеттері болып елінің
экономикалық және мәдени дамыған, әлемдік қоғамда сай орны бар
зиялы мемлекет болып қалыптасуына қатысуға талпынуы керек;
– заңды сыйлап және әлеуметтік жауапкершілікті болуы қажет,
азаматтық ерлігі, ішкі еркіндігі мен өзіндік ар-намысы болуы керек, өзін
объективті бағалайтын және өзін дамытатын қабілеті болуы керек,
өз әлеуетін (қабілеті, мүмкіншілігі) сезініп, оны іске асыра білуі керек,
өздігінен шешім қабылдап, оны шеше білуі керек, алдына мақсат қоя білуі
қажет және не нәрсенің алдын ала білуі қажет;
– өмірде бар жағынан жоғары әлеуметтік белсенді болуы керек,
жаңаны іздеуге, өмірлік және кәсіптік мәселелердің стандартты емес
шешімдерін табуға қабілетті болуы керек, өлеуметтік-экономикалық
жағдайда бәсекелестікке қабілетті болуы керек;
– жанашыр, өнегелі, парасатты, басқа ұлтты, басқа діндегі, басқаша
ойлайтын адамға шыдамсыздық пен жаугершілік көрсетпейтін қабілет-
тері болуы керек;
– өз денсаулығын қалпына келмейтін өмірлік ресурс ретінде бағалау;
– әлемдік және ұлттық мәдениет байлықтарын бағалай білуі керек.
Осы айтылғандардан жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысының
негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады.
1. Тұлғаның кәсіптік бағытталған қабілеттерін қалыптастыру.
2. Адамгершілік, көпмәдениетті тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру.
3.Тұлғаның қазақстандық отангерлік және азаматтылығын қалып-
тастыру.
4. Тұлғаны салауатты өмір салтына бағытталуын қалыптастыру.
Тұлғаның кәсіптік бағытталған қабілеттерін қалыптастыру. Әрбір
мамандық профессиограммасында сол болашақ мамандық иесінің кәсіптік
спецификалық қасиеттері ерекшеленуі керек. Сонымен бірге кез келген
мамандықты игерудегі тұлғаның маман ретінде қалыптасуын да тұлғаның
жетекші қасиеттері деп білуге талпыну "оқи білу", кәсіптік мәселелерді
шығармашылық тұрғыдан шешу қабілеттерін айтамыз.
Бұл бағыттың оқу уақытында іске асуы тәрбиелеу, дамыта оқытуды
(немесе сендіре оқытуды) ұйымдастыруға байланысты. Осы мақсатта
инновациялық технологиялар, белсенді оқыту (проблемалық оқыту,
ұжымдық шығармашылық іс-әрекет тәсілі, дискуссия, дебат, миға ша-
буыл, тренинг, ойындық жобалау, іскерлік ойындар, т.б.) тәсілдері
қолданылады. Бүл үрдісте студенттер өз күшімен жаңа білім алады және
оларда продуктивті қарым-қатынас дағдысы, ұйымдастырушылық білігі,
аналитикалық қабілеттері, мәселені шешудің дәстүрлі және дәстүрлі
емес жолдары мен құралдарын іздеу қабілеттері қалыптасады. Оқу үрдісі
кезіндегі бәсекелестікке де қолдау көрсету керек. Өйткені бұл ойын
тәсілдерін іске асыруға көмегін тигізеді. Ол оқу үрдісін біршама эмоцио-
налды етеді. Студенттердің жеке қасиеттерінің дамуында зерттеушілік
мәдениетін қалыптастыратын әртүрлі оқу-зерттеушілік жұмыс түрлері
маңызды орын алады.
40
www.kazmektep.kz
Оқудан тыс уақытта тұлғаның кәсіптік бағалы қабілеттерінің қа-
лыптасуы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының (НИРС) әртүрлі
формаларын қолдана өтеді. Сонымен бірге "Ақыл-ой еңбегі мәдениеті",
"Студенттің зерттеушілік мәдениеті" (егер де бұл оқу бағдарламасына
енгізілмеген болса) сияқты арнаулы курстар өткізіледі. Бұл арнаулы курс-
тарда студенттер ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге дағдыланады
(мәлімет іздеу, әдебиеттерді оқу, аннотациялау, тезистендіру, конс-
пектілеу, рефераттау, рецензиялау), жеке мәтін жазуға дағдыланады,
еңбекті ұйымдастыруға дағдыланады. Студенттердің шығармашылық
қабілеттерінің дамуына әртүрлі шығармашылық байқаулар, олимпиада
және болашақ кәсіптік мамандығына байланысты іс-шараларды ұйым-
дастыру көмегін тигізеді.
Тұлғаның адамгершілік және көпмәдениеттілік қабілеттерінің қа-
лыптасуы. Бұл үрдіс оқу уақытында екі жолмен іске асады:
– оқытушымен қарым-қатынас кезінде адамгершіліктік тәжірибе
жинау;
– әлеуметтік-ізгіліктілік циклдегі пәндер мазмұнын (этика, эстетика,
педагогика, психология, мәдениеттану, тілдер және т.б.) әртүрлі фор-
мада (әңгіме, дискуссия, шығармашылық жұмыс және т.б.) рухани сезіну
және меңгеру арқылы.
Студенттерді тәрбиелеуде педагог тұлғасының рөлін бағалау қиын.
Педагогтің тәрбиелік әсер ету қасиеттері: дәлдік, кішіпейілділік, ұқып-
тылық, сөйлеу мәдениеті, эрудициялығы, талап етушілігі, жауапкер-
шілігі, бағалауда әділ болуы, парасаттылығы және кінәмшілдігі жатады.
Оқытушы оқу үрдісінде тәрбиелік ситуацияларды жасап отыруы
керек, жай ғана сол салада маман болмай, толық мәнді педагог болуы
керек.
Оқудан тыс уақытта студенттерге "қарым-қатынас мәдениеті", "өзін-өзі
тану", "өзін-өзі бағалау", "темперамент", "мінез", "эмоциялар", "эмпатия"
сияқты түсініктермен басқа адамды тану құралы ретінде танысады. Тағы
да олар тренинг көмегімен эмоционалдық, психикалық күйін өздігінен
басқару негізімен, жеке тұлғалар арасындағы келіспеушіліктерді шешу
тәсілдерімен танысады.
Оқудан тыс уақытта тәрбие жұмысының әртүрлі формаларын іске
асыруға болады: адамгершілік мәселелеріне, өнерге, ұлттық мәдениетке
және т.б. арналған кураторлық сағаттар. Бұлардан басқа да формалар бар:
этикалық театр, кештер, мейрамдар, көңілді тапқыштар клубы (КВН),
сауалғы, фестиваль, концерт, үйірме, қызығушылыққа байланысты клубтар
және т.б.
Тұлғаның қазақстандық отангерлік және азаматтылығының қа-
лыптасуы. Оқу уақытында бұл бағыт бірінші кезекте әлеуметтік-ізгіліктілік
цикл пәндерін (тарих, философия, саясаттану, мәдениеттану, өлкетану,
тілдер) меңгеруде және адамгершілік сезінуде іске асады. Мұнда, көбінесе,
дискуссия, диспут, дебат, рөлдік ойындар, "дөңгелек стол", т.б. сияқты оқу
үрдісін ұйымдастыру формалары талап етіледі.
Оқудан тыс уақытта тұлғаны отангерлікке тәрбиелеуге тек отаны тура-
лы, оның тарихының жарқын кезеңдері туралы, алдыңғы қатарлы азамат-
тары, мәдениеті, өнері туралы білім алу ғана емес, естерінде жарқын эмо-
цияларды басынан өткізетіндей формалармен жұмыс істеу керек (қызықты
танымжорықтар, атақты адамдармен кездесу, жорықтар, өлкетану жұмыс-
тары, фестиваль, байқау, концерт, ұлттық мейрамдар, өнерді сүюшілердің
үйірмелері мен клубтары, спектакль, кино және т.б. көру).
41
www.kazmektep.kz
Тұлғаның салауатты өмір салтына бағытталуын қалыптастыру. Оқу
уақытында міндетті түрде денсаулық сақтайтын жағдайды ұйымдастыруға
үлкен мән беру керек: санитарлық-гигиеналық нормаға сай оқу бөлмелері
мен құралдар, рационалды құрастырылған сабақ кестесі, т.с.с. жоғары оқу
орындарында дене шынықтыру студенттер үшін ("зачет үшін қатысу") тек
міндетті емес болған кезде ғана қызықты болады.
Ал оқудан тыс уақытта оқу орындарының спорттық ұйымдары (секция,
клуб), студенттердің бос уақыттарын формалды емес ұйымдастыру (сайыс-
тар, туристік жорықтар, "демалыс күннің жорықтары", жаздық студенттік
лагерьлер, т.б.) бірінші орынға шығады.
Сонымен қатар студенттер бойында салауатты өмір салтының арнау-
лы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру қажет. Оған алкоголизмді,
нашақорлықты, шылым шегудің профилактикалық бағдарламасы жа-
салынып, дәрігер, психолог және басқа мамандардың қатысуымен
профилактикалық тренинг, рөлдік ойындар, т.б. өткізіп отыру керек.
Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын басқару.
Бұл моделді тәрбие жұмысы практикасына енгізу жоғары оқу орын-
дарындағы тәрбие жұмысы жөніндегі кеңеске (тәрбие жұмысы жөніндегі
проректор құрған) жүктелуі мүмкін.
Тәрбие жұмысы бойынша кеңес негізгі алқалық орған болып табы-
лады. Оның құрамына жалпы институттық кафедра мүшелері кіреді: пе-
дагогика, философия, психология, физикалық тәрбие, деканның тәрбие
жөніндегі орынбасары, студенттік ұйымдардың өкілдері, тұрақты
шығармашылық ұжымдардың басқарушылары. Бұл орған жоғары оқу
орнындағы тәрбие жұмысын перспективті кешенді жоспарлауды іске асы-
рады және координациялық функцияны атқарып, жоспардың іске асуын,
қызығушылық мониторингін өткізу, студенттердің құндылық нысанала-
рын, мәдени бос уақыт іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік
және практикалық өткізу, қала және облыс әкімшілігі жанындағы жастар
жұмысы бөлімдерімен университетте тәрбие жұмыстарын жүргізу, 1-курс
кураторларының, деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының
оқуын ұйымдастырады.
Бұл айтылған жұмыстарды ұйымдастыру үшін жоғары оқу орындары
үшін әлеуметтік-әкімшілік бөлімшелер құру қажет.
Жоғары оқу орыңдарындағы тәрбие жұмысы жөніндегі кеңес, тәрбие
жұмысы жөніндегі декан орынбасары қасында құрылған, факультеттер
кеңесінің жұмысын үйлестіріп және бағыттап отырады. Тәрбие жұмысы
жөніндегі факультет кеңесіне кафедра, кураторлар, студенттердің өзін-өзі
басқару ұйымдарының өкілдері мүше бола алады.
Оқудан тыс жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін кәсіптік
құрылымды құру оның тиімділігін қамтамасыз ететін басты шарт.
Ұсынылып отырған тәрбие жұмысы жүйесінің жұмыс қабілеті мен
өмір сүру қабілетінің тағы бір басты шарты – студенттік өзін-өзі басқару
және студенттердің белсенділігін арттыруды дамыту болып отыр. Оның
ұйымдастыру формалары әртүрлі болуы мүмкін. Жатаханалардағы
студенттік кеңестер, староста, қызығушылық бойынша құрылған шығар-
машылық бірлестіктер, студенттік құрылыс отрядтары, спорт клубтары,
студенттік профком, шығармашылық ұжымдар бірлестігі.
Бұл тұжырымдамада жоғары оқу орыңдарындағы тәрбие жұмыстары
сияқты білім беру үрдісінің басты аспектісін іске асыру тәсілі болуы
мүмкін. Оны орындау үшін арнаулы курстар мен бағдарламаларды дайын-
дау керек.
42
www.kazmektep.kz
– Анас аға! Әңгімемізді төтесінен бастасақ, қазіргі білім беру жүйе-
сіне көңіліңіз тола ма?
– Көзбен көріп, сол жүйенің ішкі асүйінде жүргендіктен, бәрі де
ойдағыдай деп келісе салу қиын мен үшін. Әр саланың шешілмеген түйткіл
мәселелерi жеткілікті. Біз секілді дамушы елде оның болуы шартты. Пе-
дагогика саласының «жілігін шағып, майын іштім» демесем де, бұл саланы
жетік білемін. Кеңес кезеңінен бергі бастан өткен түрлі реформалардың
барлығын бастан өткердік. Жеке бағалауымша, біздің білім жүйесінде
жеткен жетістігіміз де жетерлік. Әйтсе де, көкейде үнемі «бірақ» деген
қарсылық тұрады. Қазір қоғамның дамуы тым жылдам. Одан қалыспай
ілесу дұрыс-ақ, алайда Мао Цзэдунның коммунизмді бірден орнату ре-
формасы секілді, жаңа технологияны тез-тез меңгере саламыз деу, менің
ойымша, бұрыс. Жаңа дүниені енгізу жан-жақты зерттеліп, тәжірибе
жүзінде дәлелденіп жаппай орнатылу керек деп есептеймін.
– Жаңа жүйе демекші, 2012 жылдан бастап «он екі жылдыққа»
өтеміз деген жоспар болған. Бірақ, бұл жоспар 2015-ке жылжытылды.
Біз бұған дайынбыз ба, қалай ойлайсыз?!
– Он екі жылдыққа көшу үшін, ең алдымен, база дайын болу ке-
рек. Бірінші, оқытатын база қажет. Бірақ, жасыратын несі бар, әлі күнге
дейін біздің елде екі-үш ауысыммен жұмыс істейтін мектептер бар. Он екі
жылдыққа көшу үшін осыларды жою керек. Екінші, міндетті түрде кадр
керек. Бізде кадрлар жеткілікті дегенмен, он екі жылдыққа білім беретін
ұстаздарды қайта оқытудан өткізуіміз керек қой. Жай мектеп пен он екі
жылдық мектептің айырмашылығы бар. Өйткені, он екі жылдыққа
қойылып отырған талап өте жоғары. Рас, 30 дамушы буынға ену үшін де
қатаң талапты орындау қажет. Бірақ оны тек мектеп не болмаса белгілі
бір топ, реформалар қабылдап отырған министрлік қана емес оған қоғам
болып жалпылай атсалысуға тиіспіз.
– Мектеп оқулықтары туралы айтып берсеңіз, қазіргі оқушылар
қандай оқулықтармен оқиды?
– Мұның өзі жеке тақырып, қарындасым! «Рауан», «Атамұра», «Мек-
теп» секілді баспалар жетерлік. Қазіргі оқулықтар бизнеске айналып кетті
ғой. Тендерді жеңеді де, дамыған технология көмегімен баса береді.
Бұған да қарсы айтылатын сын пікір бар. Мәселенки, кездесіп жа-
татын қателіктер. Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқулықпен
оқиды ғой оқушылар. Бір қуантарлығы, баяғы кезге қарағанда оқулық
жетіспеушілік азайды. Жүз пайыз демесек те, 80 пайыздай оқулық бар.
Келешекте барлығы да осылайша бірте-бірте қалпына келеді деп сенемін.
– ҰБТ туралы пікіріңіз...
– Өз басым Ұлттық бірыңғай тесттен гөрі мектептерде мемлекеттік
емтихандарды өткізгенін қалар едім. Біріншіден, емтиханға дайындық
оқушы білімін тереңдететін еді. Сұрақты бүгін жаттасаң, ертесіне ұмы-
тасың. Балада білім де, еш нәрсе де қалмайды есінде. Екіншіден, мектеп
«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТТЕН
ГӨРІ МЕКТЕПТЕРДЕ МЕМЛЕКЕТТІК
ЕМТИХАНДАРДЫ ӨТКІЗГЕНІН ҚАЛАР ЕДІМ...»
(М.Дулатов атындағы №136 жалпы білім беретін мектеп директоры
Анас РАХМАНБЕРДІҰЛЫМЕН сұхбат)
Біздің сұхбат
43
www.kazmektep.kz
қызметкерлерінің жұмысын тек қана ҰБТ нәтижесімен ғана есептейтін
болды. Тіпті ҰБТ көрсеткішімен мектептің жұмысын, қаланың жұмысын,
әкімшілік жұмысын, барлығын да сонымен өлшейтін болды. Қанша рет
сөз етілсе де, ҰБТ арқылы бағалау тоқтар емес. Қарапайым логика түрінде
ойлайықшы, әр бала барлық пәннен үздік болуы мүмкін бе? Жоқ, мүмкін
емес! Тіпті атақты ғұламалардың өзі бір пәннен озық болса, екінші пәннен
төмен болған. Егер бала бес алу үшін, әр пәннен жақсы болу үшін кем деген-
де тоқсан балл жинауы тиіс. Бірақ, оған әрбірінің шамасы жетпейді. Қоғамда
бәрі бірдей болуы мүмкін емес. Бұл қоғамға аула сыпырушы да, тракторшы
да қажет. Бұрындары біз мектепті тәмамдағанда 21 баланың ішінен емти-
хан тапсыра отырып бесеуіміз ғана түскен болатынбыз. Әркім өзінің
қабілетіне қарай қызыққан дүниесіне баруы тиіс. Ал бізде барлығы 50 бал-
дан өтсе, бастарына 3 дипломнан алады. Осыдан барып біліксіз кадр, өз
кәсібін білмейтін маман болып шығады. Қазіргі қаржылы оқу білім са-
пасын тым төмендетіп жіберді. Мемлекетіміз «Жол картасы» бойынша
қайтадан мамандандырамыз деп қаншама қаржысын құртуда. Меніңше,
мектептен тиісті емтиханын тапсырып, құжаты қолына тигеннен соң, әр
оқушы қалаған ЖОО-на барып, қабылдау емтиханын тапсырса, қане. Ал
бүгінде барлық ЖОО-лар бітірген түлектерді қабылдап алумен жұмыс
істейді. Осы жүйелерге өзгеріс енгізілсе дұрыс болар еді.
– Қазіргі сұраныстағы мамандық қандай?
– Бір құптарлығы, біздің жоғары сыныпқа қарай балаларды жараты-
лыстану, гуманитарлық деп бөліп оқытуымыз. Өйткені жалпы білім керек,
ал болашағына қарай өсе келе оңтайландырудан біз одан әрі ұтамыз. Біз
балаларды солай мектеп жасынан ыңғайлауымыз керек. Кәсіптік бағдар
берудің ұтымдысы осы. Ал қазіргі сұраныстағы мамандық, меніңше, эко-
номистер. Жасөспірімдердің барлығы да банк қызметкері болғысы келеді.
Педагог десең, ат тонын ала қашады.
– Неліктен?
Ұстаздардың қадірі кеткендей көрінеді кейде. Біріншіден,
жалақысы аз, екіншіден, оқушының өзі ұстазын қорқытатынды шығарды.
Соның барлығын көріп өскен бала мұғалім болғысы келмейді... Баяғы
үлкенді сыйлау жоғалып барады. Ұстаздық ету, шәкірт тәрбиелеу – ең адал
мамандық. Қазіргі қоғам соны ұқпайды кейде...
– Сіздің пікіріңізше, қазақ қоғамында білім беруден басқа қандай
мәселе ең өзекті?
– Білім саласы әрдайым өзекті тақырып болып қала береді. Өйткені,
мектеп – ұлттың келешек буынын тәрбиелеп шығаратын қасиетті орда. Ұлт
ұрпағының келешегінен өзге не маңызды болуы мүмкін бұл жалғанда?!
– Сіздің ұстанымыңызды білдік. Енді өзіңіздің өскен ортаңыз
туралы әңгіме қозғасақ...
– Мен Жамбыл облысы Талас ауданындағы үлкен жері де – Ойық,
руы да – Ойық, аты да – Ойық елінде туып өскенмін. Сол жердегі орта
мектепті бітірдім. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, спорттың барлық
түрімен айналысып, өлең айтып, жалындап біраз жылдар «Дос-Мұқасанға»
еліктеп те өстік. Жетінші сыныпта пионер вожатый да болдым. Отба-
сымда жетінші баламын. Әке-шешем зиялы қауым өкілдері. Әкем қырық
жылдық тәжірибесі бар ұстаз, анам да педагог.
– Ендеше сіздің педагог болып шыққаныңызға ата-анаңыздың
септігі тиген болар?
– Мектеп қабырғасында жүргенде хирург болғанды қатты арманда-
дым. Әсіресе, үйге келген алғашқы жеңгем дәрігер болғандықтан, «ақ
халаттылар» қатарына қосылсам деген арманым, тіпті, керемет болды.
Алайда, өсе келе жеке қабілетіме қарай ыңғайландым. Ұйымдастырғыш
қасиетіме қарай Орал қаласындағы педагогикалық институттың тарих
44
www.kazmektep.kz
және педагогика деген бөліміне оқуға түстім. Кейін комсомол ұйымын
басқарып, партия жұмыстарымен айналыстым. Қазір мектеп саласында
жүрмін.
– Ең алғашқы жұмыс тәжірибеңіз қайда басталды?
– Алғашқы еңбек жолым Ойық ауылындағы Қонаев атындағы мектепте
тарих және қоғамтану, құқық пәндерінен мұғалім болып бастадым. Сол
жерде комсомол ұйымының хатшысы болдым. Кейіннен жұмысымды
Қаратау қаласында жалғастырып, осы ұстаздық жолда аянбай еңбектеніп
келе жатырмын. Ал Алматы қаласына келгелі он жылдан аса уақыт болды.
Міржақып Дулатов атындағы №136 мектепке келгеніме көп уақыт бола
қойған жоқ.
– Әр сұхбаттасушымнан арманын сұрайтын әдетім бар еді, Сіздің
арманыңыз не?
– Қазір ауызбіршілігімізді сақтай отырып, қатардан қалмай ұлтымызды
дамытып алуымыз керек. Мен оптимистпін, романтикпін, жақсылыққа
сенемін. Біздің байлығымыз арабтардан мың есе артық, шалқып өмір
сүруге жетеді. Шүкір, қазіргі күніміз тоқсаныншы жылдарға қарағанда мың
есе артық. Халқымыз өсіп келеді. Осы жұртымыз, жақындарымыз аман,
еліміздің бірлік-ынтымағы мәңгілік болғай!
Сұхбаттасқан:
Ұлжан ҚОЙШЫМАНОВА.
стаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген Абай
сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол
ІЗДЕНІМПАЗ, ЗЕРТТЕУШІ ҰСТАЗ
Жанар АУСОФИНА,
Қапиза Әбдіғұлов атындағы
№ 34 мектеп-гимназиясы директорының
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
“Ұ
өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы
шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым
адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды
атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан. «Ұстазы жақсының ұстамы
жақсы» деген сөзі де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім,
біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған
әдет болса керек.
Біздің мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Мақсат Тумабаев – сон-
дай мақтауға лайық ұстаздардың бірі. Ол «Ақын-жыраулар поэзиясындағы
имандылық пен адамгершілік мәселесін жастар тәрбиесінде пайдала-
ну» кітабын дайындап, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелегені үшін
Қазақстан ардагерлері қауымдастығының төрағасы, Халық қаһарманы,
генерал-лейтенант Ертаев Бақытжан Ертайұлының алғыс хатымен марапат-
талып, «Қазақстан Республикасының Отан патриоты» төсбелгісін омырауы-
на тақты. Ал аудандық «Дарын» ғылыми-зерттеу жарыстарында, «Жарқын
болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында, Ма-
хамбет, Мұқағали оқуларында әділқазылар алқасының мүшесі болды. Ал
Алматы облыстық педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты
атынан және Талғар аудандық білім бөлімінен алған құрмет грамоталары
мен алғыс хаттары қаншама.
Достарыңызбен бөлісу: |