Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата09.01.2017
өлшемі2,26 Mb.
#1507
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1

www.kazmektep.kz



ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ

Журнал  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  шешімімен 1925  жылы  құрылған

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 

ЖУРНАЛ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК

№2, 2015

(1069)

АҚПАН

РЕДАКЦИЯ:

Бас редактор – Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің үздігі, 

“Ы.Алтынсарин” белгісінің иегері.

Бас кеңесші – Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,

“Құрмет” орденінің, “Ы.Алтынсарин” медалінің иегері, ҚР білім беру жүйесінің 

құрметті қызметкері.

Бас редактордың орынбасары – Жолдас САРМАНОВ.

Менеджер – Досқали ЖҮНІСБЕКОВ.

Оператор-беттеуші – Нәзигүл СӘДУАҚАСОВА.

Корректор – Күлила МАЙТЫБАЙ.

Андриенко Елена – педагогика ғылымының 

докторы, Новосибирь мемлекеттік уни-

верситетінің  профессоры,  академик.  Ресей    

Федерациясы.

Ахметова Гүлнас – Ұлттық “Өрлеу” білік-

тілікті арттыру орталығы акционерлік 

қоғамының басқарма төрайымы, педагогика 

ғылымының докторы, профессор.

Аяшев Оңалбай – Оңтүстік Қазақстан 

мемлекеттік педагогика институтының 

ректоры, профессор.

Далабаев Жандарбек Алматы облыстық 

білім басқармасының бастығы.

Жылбаев Жанбол – Ы.Алтынсарин атындағы 

ұлттық білім академиясының президенті.

Кабуш Владимир – педагогика  ғылымының 

докторы, профессор. Беларусь  Республикасы.

Кеун Джанг Ли – КИМЭП   университетінің 

ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ди-

ректоры. Лондон экономика мектебінің про-

фессоры.  Оңтүстік  Корея  Республикасы.

Журнал Кеңес Одағы Жоғарғы  Кеңесі Президиумының өкімімен 1975 жылы 

“Құрмет” белгісі орденімен, 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

Құрмет грамотасымен марапатталған.  

Пірәлиев Серік  –  Абай атындағы 

Қазақ ұлттық мемлекеттік педагоги-

ка университетінің ректоры, педагогика 

ғылымының докторы, профессор.

Сақыпов Нұрлыбек – Қарағанды мемле-

кеттік медицина университетінің профессо-

ры, медицина ғылымының докторы, ҚР білім 

беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан 

педагогикалық ғылымдар академиясының 

академигі.

Таубаева Шәркүл – әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің профессоры, 

педагогика ғылымының докторы.

Тәжібаева Салтанат – педагогика ғылы-

мының кандидаты,  профессор.

Тұрғынбаева Ботагүл – педагогика ғылы-

мының докторы, профессор.

Ұзақбаева Сақыпжамал – Абылай хан 

атындағы Қазақ халықаралық қатынастар 

және  әлем  тілдері  университетінің  педаго-

гика және  психология  кафедрасы  меңгерушісі, 

педагогика  ғылымының  докторы,  профессор.

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ: 

         Электрондық пошта: kaz_mektep@mail.ru 

Сайт: www.kazmektep.kz

2

www.kazmektep.kz



МАЗМҰНЫ

“Қазақстан мектебіне” – 90 жыл

С. Әбішқызы.  Тұңғыш педагогикалық басылым ............................................. 3

Мемлекеттік тіл – ортақ қазына

Л. Балмақанова. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы ынтымақтас-

 тық ............................................................................................................ 5

С. Органова. Ғибратты кездесу ..................................................................... 6

Білім жүйесі: ізденістер, игі істер

Ұ. Бейсебаева.  Коучинг пен тәлімгерліктің рөлі ............................................ 7

Ә. Көпешова, С. Матаева. Білім саласындағы өзгерістің мектеп тәжі-

 

рибесіндегі тиімділігі ................................................................................10

А. Құлшынбаева. Тұлғалық бағдарлы оқытудың тиімді жолдары ................12

Ж. Арыстан. Деңгейлеп оқыту технологиясын жүзеге асыру ........................17

Н. Нысанқұлова. Білім сапасы – басты мәселе ............................................21

С. Жұмабаева. Шығармашылық – ақылдың икемділігі, ойдың орамды-

 лығы ..........................................................................................................24

Г. Алдабергенова. Бейінді бағытта оқыту: тұжырымдамалық идеялар 

 

мен тәжірибелер .......................................................................................26

А. Ақылбек. Жаңа формация мұғалімі – жетістіктер даму болашағы ........29

Т. Жигомпар. Моделирование современного урока в контексте компетент-

 

ностной педагогики...................................................................................30

Педагогика ғылымы: зерттеулер

А. Бектенгалиев. Приемы использования некоторых программ и инфор-

 

мационно-коммуникационных технологий на уроках ................................33

Ұ. Серікбаева. Лексиканы оқытудың кейбір проблемалары ...........................37

С. Тәжібаева. Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысының мазмұны .....38

Біздің сұхбат

Ұ. Қойшыманова. “Ұлттық бірыңғай тесттен гөрі мектептерде мемле-

 

кеттік емтихандарды өткізгенін қалар едім...” ......................................42

Мұғалім беделі – ұлт мерейі

Ж. Аусофина. Ізденімпаз, зерттеуші ұстаз ..................................................44

Б. Атик. Жаңашылдыққа талпыныс – табыс жолы ......................................46

Ә. Сейітмұратова. Білім беретін мұғалім – өмірдегі зор ғалым .....................47

П. Сүйінкина. Үздік педагогтер – интеллектуалды ұлт қалыптастыру-

 

дағы әлеуетті күш ....................................................................................48

45 минут

М. Нығметова. Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыту .............................52

А. Төреханова. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру ........55

Г. Мұқанова. Бала қызығуын ояту үшін........................................................56

Г. Ақмағанбетова. Оқушы жетістігін сырттай бағалауға дайындау

 жұмысы ....................................................................................................58

М. Рахатова. Ұсталық ..................................................................................60

Ұ. Әбдіхалықова. Қазақстан – соғыс жылдарында ......................................61

Редакция поштасынан

М. Асанова. Жолдау – еліміздің басты құжаты, болашақтың бағыт-

 бағдары .....................................................................................................62

А. Қожақметова, А. Тоқсанбаева. Ағылшындармен болған сәтті кез-

 десу ...........................................................................................................63

Жапсырма беттерде

Т. Мажикеев. Областной институт – мой профессиональный рост, 

 

моя гордость и радость, мое счастье, вдохновенье и духовное богатство

3

www.kazmektep.kz



1925

жылы  тамыз  айында  сол  кездегі  Қазақстан  астанасы  Қызылордада 

«Жаңа  мектеп»  журналының  тұңғыш  нөмірі  жарық  көрді.  Осы 

“Қазақстан мектебіне” – 90 жыл

нөмірдегі  «Жаңа  мектепті»  шығару  неге  керек  болды?»  –  деп  аталатын  бас 

мақалада  қазақ халқының заман өзгерісінен кенже қалмай алға қадам басуы-

на зор кедергі сауатсыздық екенін айтып, оқу-білім жұмысына арналған журнал 

дүниеге келгені қуанышпен хабарланған. Журналдың жауапты шығарушысы бо-

лып көрнекті ағартушы-педагог, сол кезде «Еңбекші қазақ» газеті редакторының 

орынбасары болған журналист М. Жолдыбаев тағайындалды. «Жаңа мектептің» 

аяғынан  қаз  тұрып  кетуіне  айтулы  ақын-жазушылар,  қоғам  қайраткерлері, 

ағартушы  педагогтер мен әдіскер ұстаздар белсене араласты. Журналдың алқа 

мүшелері:  А.Байтұрсынұлы,  Т.Шонанұлы,  Б.  Сүлейұлы,  С.Сейфуллин,  ұдайы 

жазып  тұратын  авторлары:  Е.Омарұлы,  С.Сәдуақасов,  М.Дулатов,  Б.Майлин, 

Ж.Аймауытов,  Ә.Бөкейханов,  М.Әуезов,  т.б.  көптеген  адамдар  екені  тұңғыш 

нөмірінде көрсетілген.

Тізімде  бірінші  болып  А.Байтұрсынұлы  тұруы  жайдан-жай  емес.  Ұлттың 

рухани ұстазы бұл жерде де көшбасшылық жасағаны анық. Ол тұңғыш нөмірдегі 

«Баулу мектеп» деген мақаласында жаңа заман мектебі қандай болу керектігіне, 

нені көздеп оқытуы тиіс екендігіне жол сілтеп, журналға бағыт-бағдар берген. 

«Көрнекі  оқу  балаға  тоғай  талын  тамашаға  апарып  танытқан  мысалында, 

баулумен бала үйрету тоғайдан балаға құрықша іздетіп танытқан мысалын-

да» деп ойын әсем өрнектейді. Ахаң қудалауға түскенге дейінгі 3 жыл ішінде 

журналға көптеген маңызды материалдарын жариялап үлгерген.

Журнал  тарихынан  орын  алған  тағы  бір  қайраткеріміз  –  Сымағұл 

Сәдуақасұлы. Ол 1925 жылы Қазақстан халық ағарту комиссары әрі «Еңбекші 

қазақтың» редакторы бола жүріп «Жаңа мектеп» журналының дүниеге келуіне 

тікелей ықпал еткен. 

Ә.Бөкейханұлы  «Қыр  баласы»  деген  бүркеншік  атпен  орыс  және  ше-

тел  жазушыларының  шығармаларын  аударып  жариялап  тұрды.  Сәкеннің, 

Бейімбеттің, Жүсіпбектің әдеби шығармалары журналдың мазмұнын байытып, 

ағарту майданындағы айбынды үнін арттыра түсті.

М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» тұңғыш рет 1928 жылы «Жаңа мек-

теп» журналында жарық көрді.

1933  жылдың 3-нөмірінен  бастап  журнал «Политехникалық мектеп» деген 

атпен шыға бастады. Бірнеше нөмірден кейін «Ауыл мұғалімі» деп өзгертілді. 

Әдебиет,  шаруашылық  мәселелерін  жазуды  сиретіп,  бірыңғай  ғылыми- 

педагогикалық,  әдістемелік  бағытқа  бет  бұрды.  Бұл  тұстағы  журналдың  қай 

мақаласын алып қарасақ та, сабақ жоспары, көрнекілік, әдістеме, тәртіп, тәрбие 

мәселелері туралы болып келеді.

«Қазақстан  мектебі»  журналы  –  еліміздегі  білім-ғылым,  мәдени  ағарту 

тарихының  бай  шежіресі.  Мысал  ретінде  әр  жылдардағы  көнерген  беттерге 

үңіліп көрейік. Халық комиссары Т. Жүргенов бір мақаласында мұғалімдердің 

өз ісіне немқұрайдылығын жайып салады. «Аягөзде бір мұғалім класқа барып 



сабақ  беруден  ерініп,  мектеп  пен  үйінің  дуалының  арасындағы  дуалды  тесіп 

қойып, сонан айқайлап оқытатын көрінеді» («Ауыл мұғалімі»  №1-2,1937 ж.).

«Ауыл мұғалімдерінің білімін толықтыру мен мамандығын көтеру жайын-

да» деген мақаласында Қ. Есенбаев төмендегідей дерек келтірген: «1924-1925  

ТҰҢҒЫШ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  

БАСЫЛЫМ

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,

«Қазақстан мектебі» журналының бас кеңесшісі, 

«Құрмет» орденінің, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері,

 ҚР білім беру жүйесінің құрметті қызметкері


4

www.kazmektep.kz



жылы  Қазақстанда  1527  қазақ  оқытушысы  болса,  1928-1929  жылы  2572 

жетіп отыр. Мұның ішінде  төңкерістен  бұрын  арнаулы  білім алған маман 

оқытушы  өте  аз...  Әлгі    көрсетіліп  отырған    екі  мың  жарым  оқытушының  

көбінде  мамандық жоқ.  Мұғалімдік  білімі  бар  оқытушының саны 10–15 про-

центке  жә,  жетіп,  жә,  жетпейді»  («Жаңа мектеп» №4,1929 ж.).

Педагог  ғалым  Ш.  Әлжанұлы  ауыл  мұғалімдеріне  арналған  мақаласын 

былай  аяқтайды:  «Олар  баспасөз  бетіне  неге  шықпайды,  пікірлерін  неге 

жазбайды?  Енді  шабандықты  қойып  атсалысу  керек.  Жазатын  жер  бар 

«Политехникалық  мектеп»  журналының  жазушы  мұғалімдерге  беті  ашық. 

«Социалды  Қазақстанға»  да  жазуға  болады.  Бұрын  мақала  жазып  көрмеген 

мұғалімдер тіпті жүрексінетін болса, Алматыдағы бірінші ашылған ғылыми-

зерттеу педагогика үністетіне арнап хат жазсаңыздар қуанып тұрып қабыл 

аламыз.Ол үністет енді ілім кіндігі болғалы тұр» (№4, 1933 ж.).

«Ауыл  мұғалімінің»  «Өнер»  деген  бөлімінде  С.Аспандияров  мынандай 

жаңалықты  жазған:  «Өткен  жылы  Алматы  театрының  бірнеше  әртістері 

Мәскеуге  барып  қазақтың  ән-күйлерін  пластинкеге  жаздырып  келді.  Қазірде 

қазақтың  35  пластинкеге  түскен  ән-күйі  бар,  ұйғырдан  3,  дұнғаннан  2.  Оған 

жазылған  халық  әні  21,  күйі  10,  музыка  пиеселерінен  ария  18,  би  10,  2  хор» 

(№4,1936 ж.).

1939 жылғы 1-нөмірінен бастап «Ауыл мұғалімі» журналы «Халық мұғалімі» 

деген  атпен  жарыққа  шықты.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  үзілістен  кейін 

1946 жылдың қаңтарынан бастап үзбей шығып келеді.

1960  жылы  «Халық  мұғалімі»  деген  атауы  «Қазақстан  мектебі»  болып 

түбегейлі өзгерді.

Ұзақ жылдар ішінде Қазақстандағы педагогика, филология, жаратылыста-

ну,  тарих,  математика,  физика,  химия,  психология,  т.б.  ғылымдардың  негізін 

салушы,  дамуын  жалғастырушы  біртуар  ғалым  зерттеушілердің,  оқыту  ісінің 

озық майталмандарының бірнеше буынының қолтаңбалары журнал беттерінде 

сайрап жатыр. Аталған ғылым салаларынан журналға үзбей атсалысқандардың 

кейбіреулерін атап өтсек, олар – С.Көбеев, Ә.Сыдықов, Ш.Әлжанов, Қ.Жұбанов, 

С.Аманжолов,  А.Ысқақов,  Н.Сауранбаев,  Ә.Мар ғұлан,  Ә.Қоңыратбаев,  Қ.Сәт-

баев,  Қ.Жұмалиев,  М.Балақаев,  Е.Бехмаханов,  О.Жәутіков,  Т.Тәжібаев,  т.б. 

көптеген ғалым-ұстаздар.

«Қазақстан  мектебі»  журналының  кәсіби  басылым  болып  қалыптасуына 

оның әр жылдардағы жауапты редакторларының үлесі зор. Олардың қатарында 

М.Жолдыбаев, К.Тоқтабайұлы, І.Қабылов, С.Баймаханов, Қ.Есенбаев, Н.Манаев, 

Қ.Тәштитұлы,  Б.Исабеков,  А.Ысқақов,  И.Нұрманбетов,  М.Сәр секеев,  т.б. 

қайраткерлер, педагог қаламгерлер бар.

Қазақ  баспасөзі  тарихындағы  тұңғыш  педагогикалық  әрі  педагогиканың 

әр  саласы  бойынша  шығып  тұратын  бірнеше  кәсіби  журналдардың  үлкен 

шаңырағы  ретінде  де  «Қазақстан  мектебінің»  өзіндік  орны  бар.  Кеңес  одағы 

тұсында    Мәскеуден    орыс    тілінде    жиырма    шақты  педагогикалық  жур-

нал  шығып  тұрса,  соның  бәрінің  міндетін    Қазақстанда    қазақ  тілінде  жалғыз 

«Қазақстан мектебі» атқаруы оның жүгін ауырлата берді. Педагогикалық жаңа 

басылымдар  ашудың  қажеттігі  туды, 1972 жылы  қосымша  ретінде  «Бастауыш 

мектеп», 1990–1994 жылдар  аралығында  «Қазақ  тілі  мен әдебиеті», «Отба-

сы және балабақша», «Информатика,  физика, математика» қосымшалары жеке 

бөлініп шықты. «Русский  язык  и  литература в казахской школе» 1977 жылы, 

«Қазақстан  тарихы»  2003  жылы  енші  алып  бөлініп  шықты.  Қосымша  ретінде  

1996 жылдан шыға бастаған  «Биология,  география және химия» журналы «Хи-

мия мектепте», «Биология және салауаттылық негізі», «География және табиғат»  

журналдарына негіз  болды.  «Тәрбие құралы»  журналы  2002  жылдан  бастап  

шығарылып келеді.

1975 жылы 50 жылдық мерейтойында «Қазақстан мектебі» «Құрмет белгісі» 

орденімен, 60 жылдығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы-

мен марапатталды.

Бүгінде 90 жылдық тарихы бар «Қазақстан мектебі» журналы «Тәуелсіздіктің 

тура жолы – білімде» деген ұранмен тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым, педа-

гогика саласын өркендетуге, мемлекеттік білім саясатын жүзеге асыруға өзіндік 

үлесін қоса бермек.


5

www.kazmektep.kz



Мемлекеттік тіл – ортақ қазына

ргелі  елдер  қатарынан  орын  алған  Қазақ  елі    мәртебесі  биіктеп, 

еркіндіктің  көгілдір  туын,  елтаңбасын,  әнұранын,  киелі  істерін, 

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 

Ләззат  БАЛМАҚАНОВА,

“Мамыт” негізгі 

мектебінің директоры

І

ынтымақтастығын    әлемге  танытты.  Ежелден  елдік  пен  еркіндіктің  туын 

берік  ұстап,  үлкен  шаңырақ  аясына  түрлі  ұлттар  мен  ұлыстардың  басын 

қосып,  бірлікке,  бауырластыққа  баулып,    достықтың  туын  берік  көтерген 

қазақ халқы ата-баба  өнегелерін өскелең ұрпақтарға  ұғындырып, үйретіп 

келеді. 


Сол ұрпақтар мен ұлыстардың бірлігін нығайтып, жарастырып отырған 

халықтың  мемлекеттік    тілін  ел  болашағына  дәріптеп,  мектеп  жасына 

дейінгі  балалардан  бастап  дәйекті  түрде  үйрету  жолдарын  қарастырып,  өз 

іс-тәжірибемде  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  еңбек  етіп  келемін. 

Тіл  үйретудің  қиыны  мен  қызығының  өзі  осы  шақтан  басталады.  Үйрету, 

тыңдату, көрсету, ойнату, үздіксіз қайталау жаттығулар арқылы жүргізіледі. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды ең алғаш мемлекеттік тілмен танысты-

ру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен беделін, оның әдемілігі мен қажеттілігін  

ұғындырып,  сүйсініп  оқуға    талпындыру,    ынталандыру  қазақ  тілі    пәні  

мұғалімдерінің      кәсіби    шеберлігі  мен  қажырлы  еңбегіне  байланысты 

болғандықтан, бұл іс бізге  өте  үлкен  жауапкершілік  жүктейді.  Балалардың 

тіл  үйренуіне  қызығушылығын  арттыру,  тіл  мәдениетін  жетілдіру,  сөздік 

қорларын  үнемі молайтып, бекіту өмірлік маңызға ие болып отыр.  Бұл та-

лаптар    қазақ    тілі    сабақтарын    жүргізудің  жан-жақты    кешенді  түрлерін, 

оларды    өткізу  ерекшеліктерін    меңгеру  әрі  әдістемелік  жағынан  ұтымды 

әдістерді    қолданғанда    ғана    және    әртүрлі    ойын,  оқиға  желісі  ретінде 

өткізілсе, баланың  жан  дүниесін  баулап  алады.  

«Бала өсірген ата-ана 

 

Бала оқытқан ұстаздар

Бала болып ойнайды. 

 

Бала болып ойлайды»

деген халық даналығы бар. Ал қазақ даналығында «Тіл – ұлттың жан дүниесі, 



сезімнің, ойдың жанды көрінісі»  деген сөз бар. Баланың бойына  сәбилік 

шағынан  бастап  мемлекеттік  тілге  құрмет,  отансүйгіштік,  адамгершілік 

қасиеттерді    қалыптастыруда  оларға  үлгі,  өнеге  бола  алатын  ата-аналары, 

ұстаздары мен тәрбиешілері – өз өмірлерінің нәрін  балаға  арнаған жандар 

екені айқын. 

«ҚР Тіл туралы» Заңының төртінші бабында «Мемлекеттік тілді мең-



геру  –  Қазақстан  Республикасының    әрбір    азаматының  парызы»,    –  деп 

белгіленген. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілі сөздігінің белсенділігін 

арттыру,  қазақ  тілінің  қолданылуы  аясын  кеңейту  мақсатында  балабақша 

қызметкерлері мемлекеттік тілді кәсіби қатысымға, кәсіби мүдделеріне, шы-

найы  және  шындыққа  үйлесімді  түрде  қарым-қатынас  талаптарын  шешуді 

алға  тартулары  қажет.  Бұл  бағытта  жүргізілетін  жұмыстар  тәрбиешілердің 

тарапынан парасатты сана-сезімділікті, мәртебелі педагог деген атаққа үлкен 

жауапкершілікпен қарауды талап етеді, себебі, олар қоғамның алтын қоры, 

мемлекетіміздің болашағы, келешегі – ұрпақ тәрбиелеп отырған мамандар. 

Ата-ана – баланың ең бірінші тәрбиешісі, отбасындағы жетекші тұлға. 



6

www.kazmektep.kz

Баланың    тағдыры,    болашағы,    оның    өмірден    татар  несібесі  мен  алар 

еншісінің    үлес    салмағы  ата-ананың  сіңірген    еңбегіне,    тәлім-тәрбиесіне 

байланысты    өлшенеді.  Ата-ананың    тіршілігіндегі  ең  қымбаттысы,  баға-

лысы  –  перзенті.    Халқымыздың  «Лашын  құсқа  ауа  қадірлі,  жүйрік  атқа 



дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі» деген сөзінен ата-бабамыздың баланы 

қадірлей, бағалай білгенін көреміз.

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөзге  қызығушылығы,  сөйлеу 

үлгілерінің іргетасы осы шақтан қалатыны ескеріліп, балалардың тіл үйренуге 

қызығушылығын  арттыру,  тіл  мәдениетін  жетілдіру,  тілге  тән  дыбыстарды 

дұрыс айтуға жаттықтыру, сөзді үйрете отырып сөздік қорларын байыту, бай-

ланыстырып сөйлеуге дағдыландыру мақсаты алға қойылған. Байланысты-

рып сөйлеу әдісінің ең тиімді, ұтымды екенін айта келе, сөйлеу барысында 

сөз тіркесі сөйлем арқылы  ғана қолданылатынын, яғни балаларды байланыс-

тырып  сөйлеуге  жаттықтыру  –  олардың  тілімен  бірге  ойын  да  дамыту  де-

ген сөз. Сөздік жұмысы да, сурет бойынша әңгіме құрастыру, тірек сөздерді 

қолданып сөйлем құрау, сурет салу арқылы әңгімелеу – бүлдіршіндерді қазақ 

тілін үйренуге баулиды.

Балалардың өз әрекеттерін жоспарлай білуі жетілдіріледі, байқағыштық, 

мұқияттылық қабілеттері бекітіледі. Бұл қасиеттердің бәрі зейінінің тұрақты, 

қабылдануының қарқынды, танымдық қабілетінің жоғары, ұйымдастырылған 

түрлі  әрекетке  белсенділігін  арттырады.  Мақсатты  құрылым  –  бір  пән 

шеңберінен шығып кететін біртұтас құрылым. 



«Бірлік – елдің берекесі», «Ырыс алды – ынтымақ», «Ынтымақ – істі 

бітіреді», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  деген халықтық қағиданы іспен 

көрсетіп,  мемлекеттік тілді меңгеру  жұмысын ата-аналар, балалар, тәрбие-

шілер, ұстаздар бірігіп қолға алса нұр үстіне нұр.

Әдебиет

1. ҚР Тілдері туралы Заң актілерін жүзеге асыру жолдары. – Алматы, 2011.

2. Тілдерді  қолдану  мен дамытудың 2011–2020 жж.арналған  мемлекеттік  бағдарламасын

  жүзеге асыруға озық іс-тәжірибе//ББЖ КБАРИ жинағы. – Алматы, 2011.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет