Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31

ЗАМАННЫҢ ЖҮЗІ САЛҚЫН-ДЫ
Жассың ғой жаным жап-жасыл терек секілді.
Балапан езу кекілді.
Мастана көрме,
Мақтана көрме ұрынып,
Жылата көрме жетімді.
Құдайы бар ғой жыртық үйдің де қарағым,
Қайыра көрме талабын.
Жеңінде жүрер көз жасын сүртіп періште,
Жазықсыз жетім баланың.
Жетімді көрсең жебей жүр балам тастама!..
Мейірім берген тасқа да.
Көзінен сүйіп
Көңілін тауып жұбатқын,
Көңілден көрпе, ниеттен жастық жаста да.
Жылынсын жаны жетімді қыдыр бағады,
Жолыңа шырақ жағады.
Жетімін сатып,
Жесірін жауға берген ел,
Құдайдан бір күн табады.
Бауырмал елміз баяғы салтым антым-ды,
Антына берік халқым-ды.
Жетімді көрсең жебей жүр қалқам не дейін,
...Заманның жүзі салқын-ды.
ЖАСТЫҢ САҒЫН СЫНДЫРМА
Ол, Жастар!..
Бізден не білмек, бір ғибрат алардай.
Кілең ала қиғаш көздерміз, жылан болып шағардай.
Қара шашқа ақ түсті,
Қара түсті ниетке,
Сосын қойды сол бір дақ,
Мың жусақта ағармай.
Бас ұстауға жақын тұрған ұрпақпыз,

486
487
«Ақсақалдар» атанбақпыз,
Жан Алла-ай»
Аларған көз,
Шабарман сөз,
Шаптан түрткен мысқылдар,
Бітіспес жау қабарған,
Жылан болып ысқырды ал.
У салмаңдар бірлігіне жастардың,
Туысынан жау іздеген бадырақ,
Екі көзі шыққырлар.
Бізден шалғай басын қосып болашақ,
Ынтымақтан нұрлансын.
Толастамас жау – жағалас тіршілік,
Кіл емтихан, тұрған сын.
Не заманды: Сен байлайсың тізгіндеп.
Не заманға: Сенің өзің құрбансың.
Жолдан шығып
Жастарға бер даңғылды,
Алаңдамай асқар шыңға аттансын,
Тұлпар көрсең тай күнінен баптарсың.
Қартсыз өмір – қалыбы жоқ кірпіштей,
Қағидалы қарттың сөзін сақтарсың.
Қарттар керек:
Адал жүріп, ой түйіп,
Талаптының шырақ болған түніне.
Жетесіз қарт жетер жастың түбіне.
Күн деп ойла қағидалы қарт көрсең,
Жүрегіңнің құлағын тос үніне.
Жастардың да 
Заманға сай жауы бар,
Кедергі боп, сақал бұлдап ірікпе!
Бес қару бер «болам!..» – деген жігітке!
Ер түзелмес сағы сынса жасынан,
Ат түзелмес белең алып үріксе.
ҮНСІЗ МАЙДАН
Бір-бір жүрек мың үмітті құндақтап
Тіршіліктің əліппесін жүр жаттап.
Əсем үйдің
Аққу мойын мұржасы
Жалғаншыны тұр мақтап.
Езілген қарт, еңкіш тартқан кəрі ағаш,
Əсем үйге əдейі сол қарамас.
Біреу тойып,
Біреу тоңып секіріп
Қу дүние үнсіз майдан, жағалас.
Бұрымына мұздан моншақ тағынған,
Тау төлежіп, бұлақ əннен жаңылған.
Қара басын
Қаңбақ алып қашып жүр
Жол-жөнекей ит пен құсқа шағынған.
Жел тығылып үңгір көрсе азынап,
Бұл өлкенің алыс кеткен жазы нақ.
Мен отырмын өкінішті малта ғып,
Өткен күннің көңілімде сазы қап.
* * *
Мінедің ғой,
Сосын тағы сынадың,
Жалған айттың, сендірсем деп жыладың.
Иман атты таразының үстінде
Өз отыңа өзің жандың шырағым.
Мен төзімнің киіп келдім сауытын,
Қалқаным бар жау үшін.
Етек басып жүгіретін жайым жоқ
Ескі жұртта қыңсылаған дау үшін.
Бір көргенсіз қайда да сол жүреді,
Төбесімен көкті тіреп бір өзі.
Уызында жарымаған күшік қой
У ішсең де соны сұрап үреді.

488
489
ҚҰДАЙ СҮЙІП ЖАРАТҚАН
Мен білмедім найзағай ма, жасын ба?
Неде болса жанартау жыр басылма!
Аспан жатыр көкіректің ішінде,
Дастан жатыр жүрегімнің басында.
 Біздің өлең гүл шырыны балдай ма?
Шырын ішсең сусамыр шөл қанбай ма?
Ақындарды құдай сүйіп жаратқан,
Хақ сүймесе жыр салама таңдайға!?
Көп тілегі – көктегі күн сөнбейді.
Көкке қарап күннен-күнге өрлейді.
Өлең-жыр мен салт-дəстүрден нəр алған,
Халал халық шапсаңдағы өлмейді.
КЕНЖЕ ЖҮРЕК
Мұңайды жан ағам да
Ел кетіп тарағанда.
Əкені жоқтап жүріп
Көз жаздық анадан да.
Шерлінің шертер үнін
Бірі кем келте күнім.
Анамның табытына
Кетті еріп еркелігім.
Қатайды көңіл бүгін
Арта сап өмір жүгін.
Жанымда жарқын бейнең
Көзімде сенің мұңың.
Сөйлетіп бұла күнді
Көп тостым құлағымды.
Қол жайып кенже жүрек
Кемсеңдеп дұға қылды.
ЖҰМАҚТЫҢ САМАЛЫНДАЙ
Сен мені көктем еттің
Көгілдір бақ.
Көзіңде тұрушы еді өмір жырлап.
Ай кетті, арман кетті
Күн мұңайды
Қараймын, қалжыраймын көңіл құрғап.
Таппадым сырғалы жан
Күміс маңдай.
Қарға емес, қазға біткен жүріс қандай.
Жұмақтың самалындай
Сен жүрген жақ
Көркіңнен күллі əлем тыныстардай.
От менің оранғаным
Саған мəлім.
Аралап кетсем бе екен ғалам бағын.
Сен, əлде, жүр ме екенсің
Дəл қасымда,
«Аһ» ұрып ай мен күнге алаңдадым.
...........................................................
Қайдасың,
Жан арманым!?..
ОТТЫҢ ШАЛЫҚТАУЫ
Маңайлап əр пенденің жүрек тұсын,
Адамға ажал қойған күзет құсын.
«Көкеңді танытамын бір күн» – дейді,
Көрсетіп көрінгенге білек күшін.
Сұм тағдыр сұрша күнге байланып жүр,
Сұм ажал сырттан бағып сайланып жүр.
Бұл да бір жанған оттың шалықтауы,
Қарағым қайдағы өлең, қайдағы жыр.

490
491
ЖОҚТЫҚ ТУЫС ТАЖАЛМЕН  
Ау салып, ескек тартып, қайық мініп,
Жарлының жатыр сырын Жайық біліп.
Басынан балықшының таяқ кетпес
Аз ғана несібесін айып қылып.
 
Жағаға қайық тоқтап қалжырады,
Қос ескек қос білектей салбырады.
Жоқтықтың тырнағымен көзін ойып,
Талбойын балықшының талдырады.
Көзінен көп пенденің азар көрем,
Жоқтықтың түбі туыс тажалменен.
Ішінде қара тордың жалғыз сазан,
Жарқылдап алысады ажалменен
КӨҢІЛДІҢ ГҮЛСІЗ БАҒЫ
Кең Алла кетпес дəурен жырың қайда,
Қырмызы қырың қайда!?
Маңдайы тасқа тиген сұм тағдырдың
Жүрегі жылынбай ма?
Əр тайып, əл кеткен соң құрсын-дағы,
Көңілдің гүлсіз бағы.
Төбемнен таспа тіліп құнын алған,
Қу жалған тұрсыз ба, əлі?
Телмеңдеп тереземнен бұлт қарады,
 Жаман-ды шықтағаны.
Батқан күн түн-түнекке кетті сіңіп
 Ажалын ықтағалы.
Əрəйна, əлай жалған, əндемелі,
Шешілсін жан көгені.
Құрсанып құрдан шыққан көк найзалы,
Бек сауыт таң келеді.
* * *
Көңілім үйде шідер, түзде көген,
Күй туыс, жанға серік бізбен өлең.
Шақырып əр пернеден бір-бір дəурен,
Бөлініп кетті-ау менің жүзге денем.
Жанымды жылытқан күй жалынымен,
Ұл едім уыз ішкен бал үнінен.
Жүрекке қорғасын күй қонақтайды,
Балқыған оттан ыстық қалыбымен.
(Сен менің көрер қызық жарығым ең)
 
Желкесі жетпіс жерден кескіленген,
Желден күй, қобыздан саз естігем мен.
Күй емес күннен түскен сəуле сынды
Бұлт-көңіл қырық жамау тескіленген.
 
* * *
Шерқала
1
 деген шерлі екен,
Шер тартып қайдан келді екен?!
Айналып қара бұлт көшті,
«Аһ» ұрған біздің ел ме екен?!
Боталы боздау нар ма екен?
Борайда соққан қар ма екен!?
Бір көштің ізін таппадым,
Көкешім менің бар ма екен?!
Бозторғай сайрап күлісті,
Көңілім мұз да, күн ыссы.
Əріге барып көшкен бұлт,
Найзаласып жұлысты.
1
 Шерқала – тарихи орын, жер атауы

492
493
Бауыздау дұшпан жырылып,
Бауырым қалды жығылып.
Бітпейтін дауы ел болдық,
Аспан мен жерде қырылып.
* * *
Ол байғұсқа не демекпіз жүрсін-де,
Ит өмірін сүрсін де.
Құл арманы сүріндіру басқаны,
Білмеген бол, кісімсініп күлсін-де.
Сүріндірсін сонадайдан шырғалап,
Өз бауырын аңдып отыр бір қазақ.
Ту сыртыңнан қаныңды ішпек білдірмей,
Еріндерін кеуіп қалған тұр жалап.
Білмейді деп ойлайсың ба қыртпанды,
Болып көрмек ұлтжанды.
Шын айтқанның бəрін дұшпан көреді,
Дос қылады жəреуке мен бұққанды.
* * *
Тірі жүріп өлудің азабынан сақтағын,
Сүйген құлың айтар ма, сен тұрғанда жатқа мұң.
Алла бір де,
Құран шын,
Пайғамбардан шапағат –
Жаралғанда дүние есіміңді жаттадым!..
Алла!
Алла!
Жан Алла!..
Өлең жаздық өртендік,
Сөз сұлтаны халал ма!?
Төгілген сүт – өткен күн, ал азабы зəр сынды,
Жоқтан бізді жаратқан тек сүйеміз, ЖАР, Сізді!
Жел өтінде
Жүрек бар,
Қайырып-ақ келеді қар аралас бар сызды.
КҮЙІНІҢ БАСЫ НАУАЙЫ
Күйінің басы Науайы, Сағыз да менен Жем ескі,
Үнсіз де қыр мен кеңесті.
Қара да мерген,
Сұр мерген,
Сұқтанған тұсы бір-дағы,
Қаптың суы тентек-ті, азынап тасқын сең есті.
Болар да енді бір мəні,
Жебесін неге сырлады,
Азғантай ауыл қырдағы,
Не болып қалды тағыда, ашулы мұндай емес-ті.
Күйінің басы Науайы, жырының ізі Ноғайлы,
Көргені оның солай-ды.
Орғыл да, орғыл,
Орлы құм,
Оранған отқа сорлы құм,
Жон арқасы мың қабат, жорытқан ерге қолай-ды.
Саланың бойы қоғалы, Сардардан қалған жол əні,
Ол да бір елдің оралы.
Маңғыстау деген – Түбегім!
Түн қақалды жұлдызға,
Шам түбінде көзімнің шарасы жасқа толады.
* * *
Біле тұрып, көре тұрып тоналды.
Ұры-қары жол алды.
Піл тұмсығын қалай ғана жек көрсін,
Ауызына сол ас салып, оңалды.

494
495
Пілдің бəсін тұмсығынан сұрағын,
Сансыз дүрмек, бір ағым.
Пілге тұмсық бəрінен де қажет-ақ,
Сен жазғырма көзі менен құлағын.
* * *
 
Өрт ішіне талай Мен де кіргем-ді.
Өмір деген солай жаным бір дем-ді.
Екі көздің бірі жау боп біріне,
Бес саусақ та, бір артық пен бір кем-ді.
Тегін екен
Көз жасыңыз жаңбырдай,
Мұны саған кім берді?!
Көрмеген бас
Қолға бермес тыныштық,
Бір жаға мен бір жеңді.
ОЛЛА, ШЫН!
Ақын деген қорғасын ғой, қорғасын.
Еріп кетті сор басым,
Өлең сөздің теңселдірдім жорғасын.
Көз-бесікке салып алып бейнеңді,
Мен – тəуелсіз,
Сен – бодансың, тордасың,
Шарасызбын, олла, шын!
Қарап қойып өте шығам тұсыңнан,
Жат бақшаның жалғыз гүлі болғасын.
* * *
Кел, жылап ал,
Көшір қырдың белесін,
Өзің өліп күн кешеді елесің.
Көз жасыңды мен сүртуге дайынмын,
Мүмкін тағы жылау үшін келесің.
Мұның өзі түсінгенге басқа жыр.
Жер – ару да, аспан – ұл.
Қара көзін менен алмай жылайды,
Қара тасты жарып шыққан қасқа гүл.
* * *
Бəрін-бəрін,
Бұл сұңғыла байқар жан,
Байқағанын жыр тілімен айтар жан.
Жүрегіңнен
Айналайын оқырман,
Мен – көбелек, Сен – гүл бақша жайқалған.
Жетім жырдың
Сен қорғаны шын-қазақ,
Өлең мазақ, енді, əрине, жыр мазақ.
«Өлең ғой» – деп
Лақтырды анау дүкенде,
Кітап бетін ашып көріп, бір кəззап.
Тұғыр неме,
Нені сүймек ал басқа,
Сөз Патшасы өлең түсті жамбасқа.
Сол бір есек көз алдымнан кетпейді,
Сол дүкенге бекіндім еш бармасқа.
Аққуларым, аққу-назым өлеңім,
Қазақ сенен алды қанша керегін.
Таңдайына
Уыз қатып, нəр берген,
Əу басында қайран өлең Сен едің!

496
497
(...Аппақ сүтке тағасыңыз неге мін?!)
Қол-аяғым дір-дір етіп,
Бұл жолы,
Бір қазақы дүкен іздеп келемін.
БІЗ ЖОЛАУШЫ
Хақтан-құран сен үшін!
Ислам –тылсым, келісім.
Ниет – бүршік,
Амал – гүл,
Иман – піскен жемісің!
Қандай сұлу өмір бұл,
Балдай тəтті төгіл жыр.
Уыз-арман,
Сүт-тілек,
Келсе сəби кезім бір.
Жан Иесі – Тəңірсің!..
Таусылмайтын əнімсің.
Біз жолаушы,
Өмір – Сын,
Сағынышсың, сағымсың!
СЫРЛЫ СУАТ КӨҢІЛІМ
Жүрегімнің саусақтары дір қағып,
Жанның сыры,
Тəннің тіні,
Мың қабық.
Есі кетіп əлем маған қарады,
Күбір-күбір,
Жыбыр-жыбыр,
Тыңдалық.
Əлсіз болсаң
Тіреспе де,
Күреспе,
Өлесіңіз жынданып.
 
Айға сүйеп кірпігімді қалғыдым,
Жанды Кім?
Мезгіл деген – мекерің,
Кетті жалап барлығын,
Ал бүгін.
Қолтығынан
Ажал өріп барады,
Қонышынан тиын аққан малдының.
Көрдің тісі
Кеміреді бұтарлап,
«Ақ» боп жүрген сүйегінің қалдығын.
Жарлы кім?..
Малды кім?..
Тамағыма тұрып алды
Қылқан боп,
Түйір мұң.
Жə, ендеше мені де сол тауып ал,
Құйынмын.
Нөсерлеткін,
Селдет жырым, құйылғын.
Тамырына нəр қылғанша
Жүремін,
Жусан менен бұйырғын.
Сырлы суат – көңілім!
Өлең менің – өмірім!

498
499
* * *
Əр жұлдызда бір-бір тамшы нұрым бар,
Ай аруға түнде шығып ұрын бар.
Қара түнде сұлулық бар, сымбат бар
Қарғам, кəне, тұрыңдар!..
Тылсым түнде жыр базарын қыздырып,
Ай күледі ақ парақты сыздырып.
Іңгалайды менің байғұс жүрегім
Жел мен бірге ызғырық.
Жалғыз шықты іңірде,
Соның бəрін көрші үйдегі қыз біліп.
 
* * *
Мынау бейне таныс бейне таң қылды,
Өткен күнді өксіп еске салдырды.
Зерең толы у еді ғой дүние,
Тəтті елес соның бəрін бал қылды.
Мына дауыс жүрегімнің кілті еді,
Кірпігіме еріксіз жас іркеді.
Өте шықты дəурен көшіп алдымнан,
Жел мен бірге желбіреген шілтері.
Жас баладай жəутең қағып ұмсындым,
Көңілімнің көшірген сол бұлтын кім?!
Мен соғысқан бұлттай болып шатырлап,
Сен толысқан айдай болып құлпырдың.
АЙ ІЗДЕДІ
Қара түнде айды сүйді жалғыз жан,
Айдан сəуле алғызған.
Ай бетінде қара ноқат бір белгі,
Сірə оны сұлулықтан салғызған.
Жалғыз үміт жағып көрді мың шырақ,
Мұның не деп самал күлді шымшылап.
Айға қарап соқыр болды ақыры,
Екі көзін құртып ап.
Ай іздеді көрінбеді сол кісі,
Ай дөңгелеп өкінішке толды іші.
Есениннің
1
 қаншығындай ұлыған,
Зар мен мұң ғой əлеміңнің болмысы.
ƏЛСІЗДЕРДІҢ ТАЯҚ КЕТПЕС БАСЫНАН
Кімнен сұрап білсем екен нарқымды,
Ел тұсаулы, ер шындықтан тартынды.
Көгендеулі төбешікке көп қарап
Қақтың суы
Қарғыс айтып сарқылды.
Көк найзағай жер желкесін жентектеп,
Өмір зая көп күнімді өрт етпек.
Қасқа жолда түсініксіз бір дəурен
Көрінгенге кетті еріп сөлтектеп.
 
Мен де жүрмін жол айрықта адасып,
Адасқанға жатқан кім бар қарасып.
Көже қарын – сары табақ, күлшелі,
Бара жатыр ит пенен құс тарасып.
Бодансың ғой!.. Қайдағы сен азатсың?!..
Иман талау құлқыныңа мазақсың.
Табанында жылап жатыр болашақ
Бірін-бірі басқылаған қазақтың.
Біздің жүрек көп қорлықтан жасыған,
Қырсық кетпей қайран елдің қасынан.
1
 Есенин – Сергей Есенин.

500
501
Ал, ұлысың!..
Бірақ сақта есіңде,
Əлсіздердің таяқ кетпес басынан.
Сүйгендіктен өртенеді қан жүрек.
Көз жасымды нақақ тамған ал күреп.
Бақ тілейсің басқа қандай амал бар,
Аз халыққа қанша өмір қалды деп.
Сақтанбаса,
Бақ талғаса менменсіп,
Тамшы өлтірер тасты жеп.
ЕЛ МЕН ЖЕРГЕ ТІЛ ТИГІЗГЕН ЕССІЗГЕ
Қансырап жүріп соғысты,
Əлсіреп қайта толысты.
Бабамнан қалған бұл мекен,
Адай да Адай болғалы
Маңғыстау деген қоныс-ты.
Қонақ болсаң қойдай бол,
Өмір сүрсең тыныш жүр,
Жұғыса бермей жол үсті.
Шемен боп қатқан шер кеуде,
Көне қоймас жерлеуге.
Көктеген əрбір жусанның,
Есебі бар кеудемде.
Асқақтасам көкпін мен,
Қайғырсам бұлт боп шөктім мен.
Пірім Бекет бастаған,
Шалдарымды оятсам,
Қытайдан да көппін мен.
Көргенсіз бейбақ не көрсін,
Жанбай да жатып сөнерсің.
Мен бір тұрған сексеуіл,
Тұтанып кетсем намыстан,
Тірілей жанып өлерсің.
Отты қалай бөгерсің.
* * *
Тұманды қырдың толғағы жетті,
Ашылмай тұман қорлады көпті.
Алыстан қарап ағайын күлді,
Қырдағы қазақ сорлады депті.
Осы бір тұман сөз болып көптен,
Сөзіміз сосын бөз болып кеткен.
Сандығы сынды қоқыс біткеннің,
Санамыз біздің өзгеріп кеткен.
Болашақ қайда, өткенім кəне,
Қылады содан текті елім дəме.
Жабағы күзеп жабысады екен,
Еңкейген елге еселеп бəле.
Тұманның ізі жұт емес пе екен,
Тұмаудың түбі құрт болмақ, əне.
 
БЕСІК ЖАСАП БЕРЕ САЛ
Өлең нəзік
Іңгалайды құндақта,
Жұбата көр қызыл шақа жыр жатса.
Ақын байғұс бір келеді өмірге
Екі гүлдеу қиын енді бір баққа.
Көздерінің жасын сүртіп жұбатқын,
Өмір деген бір таң сосын бір-ақ түн.
Құндақта жыр –
Гүл бақтағы көбелек,
Қолын жайып сенен шуақ сұрап тұр.
Еркелесін жетім көңіл бір күліп,
Қашанғы ол жылай бермек шыңғырып.
Жетім жырға бесік жасап бере сал,
Қасқа ақынның қаламсабын сындырып.

502
503
Ақ қағазға кетпей тұрып кір сіңіп,
Жыр жүректің қаны тамсын бұлқынып.
Қан жүрек пен халал жырдан нəр алған
Кетсін сосын кең дүние құлпырып.
Өлең болмай өмір болмас біл мұны,
Он сегіз мың ғаламға тең жыр құны!
Қазағымның қара өлеңін сағынған
Кең Алланың жылап отыр бір құлы.
БҰРЫШТАҒЫ САМАУРЫН
Жез самаурын шоқтан түсіп қамықты,
Анам кетті, жетімегін таныпты.
Жан ұстайтын жері қалмай бұл жолы,
Тұтқасынан жаныпты.
Кім ұстасын иесі жоқ, анашым,
Жаңа дəуір, жаңа сын.
Жез самаурын бір бұрыштан қарсы алды,
Бір кемпірдің жетім қалған баласын.
Сандығыма салып жүрмін қорғалап,
Жез самаурын болма жат.
Жаңа көрсе ескісіне бұрылмас,
Сəл ұмытшақ, шəйға құмар сол қазақ.
Жез самаурын енді сенің иең кім!?
Бұрышқа кеп сүйендім.
Өзегіңе от салып ем шоқ болды,
Жыр арнадым, күй өрдім.
* * *
Шалыққасын өлең дерттен шаршадың,
Жапалақтап жатқызбайды қарша мұң.
Өмір өзі кетіліп-ақ келеді,
Тасқа тиген жүзіндей боп балтаның.
Оның несін жырға қосып қалмақпыз,
Шақырады алдап құз.
Біздің тағдыр бесенеден белгілі,
Шаршысына шығып алып шаңдаппыз.
Керек күні келтесімен ұрады,
Қанша тағдыр құлады.
Жалғаншысын жартыладық тауыстық,
Нағыз өмір басталған жоқ шын əлі.
* * *
Осы жанға бақыт берші Тəңірім,
Лайықты ол соған.
Жолы азап, көргенінің бəрі мұң,
Тек ,сол, адал: шыныменен болса жан.
Осы бір жан тек өзіңнен күтулі,
Əділеттің көктемін.
Құзғын біткен қауырсынын түтулі,
Оған куə көкте күн.
Осы бір жан,
Жан Алласын іздемек,
Жерден сая таппай жүр.
Аяғынан мың бір шырмау тіздемек,
Өзің қолда, жаным Алла сақтай жүр!?

504
505
ЖОЛ ҮСТІНЕН ШЕТКЕ ШЫҚ
Бір аяғын қақпан шапқан қарысып,
Бір көкбөрі келе жатыр алысып.
Алқымынан аптап буып барады,
Атып еді таң ысып.
Көкбөрім-ай көп жорытқан көсемім,
Шақырымды шарладыңыз неше мың.
Дүниені шыңғыртып ең сан мəрте,
Сақалдатып ешкі менен есегін.
Соның бəрі майдан еді ерлік-ті,
Қанша ерді жер жұтты.
Аяғың жоқ ажал жетті қапыда,
Енді кезек сендік-ті.
Дəуреніңіз дəл басыңнан кетті өтіп,
Болмас оған өкпе түк.
Өлігіңді өңкей итке көрсетпе,
Жол үстінен шетке шық.
АҚЫН ДЕГЕН
Ақын өлсе көме салың тас басып,
Керек емес басқа түк.
Өз жүрегін ел ұмытпас ері мен,
Халық өзі тауып алар тап басып.
Дұға қылар құран шығып тəліммен,
Ақын деген бақыттырақ бəріңнен.
Кең дүние тыныстарсың жырымен,
Салтанат пен сəніңмен.
Бас-басыңа жырын арнар самал боп,
Өлең-өмір, өмірден тыс адам жоқ.
Ақындардан бөлек шығып үй тіккен,
Адам менен заман жоқ.
Өлең туыс заманақыр күнімен,
Бірі от та, бірі дем.
Баршаңызды салып алған жаныма,
Бар ақынның əлемдегі бірі мен.
* * *
Адам көрсең аялағын, сақтағын.
Таға көрме қара жағып, аққа мін.
Əрбір адам əлдекімнің бақыты
Қиянат жоқ бақытына басқаның.
Сұлу сезім əр кеудеде бір үміт
Сүрінгенге қолыңды соз бұрылып.
Əр жүректе бір қарашық тағдыр бар,
Жан біткенді қорлай көрме ұрынып.
Əрбір адам əлде кімнің ай-күні,
Ай бетіне сала көрме қайғыны.
Хақтың гүлі кеудедегі шыбын жан
Құдайы құл жаратқанның байлығы.
Тəңір ғана жан біткенге тəлімгер,
Жанға дəру Тəңір-тəлім нəрін бер.
Күллі адамзат – түрлі-түсті бір шоқ гүл,
Адамдар мен ардақты ғой кəміл жер.
Кəміл сырым əділеттен аттаман,
Адамдарсыз қалай, қайдан бақ табам?!
Барлық адам мендік жанның бөлшегі,
Əр кеудеге шебер Құдай сақтаған.

506
507
ХАҚ ҚАЛАУЫ – ТЫНЫШТЫҚ
Əділ Алла тек бере көр ырыс-құт,
Əлсіздерге берекелі бірлікті.
Хақ қалауы – адамзаттан тыныштық,
Ұлттан жат қыл, рəсуа тірлікті.
Барлық құлға жер бетінде Хақтан нұр,
Бейбіт күннен сəуле түсіп əрленсін.
Бақыт тілеп бар халыққа жатқан жыр
Қанағат пен қайырымнан нəрленсін.
Шақыра біл, қорғай білгін, сыйлай біл,
Сүйе білгін – тұрақ қылсын тыныштық!
Жаның мен құш Жар қалауын жырлай біл,
Иман-сауап, бірлігіңді тыныс қып.
Тыныштық!..Тыныштық!..Тыныштық!..
* * *
Көрмегенсіп күліп өтпек болдың ба?!
Көзіңдегі сол мұң ба!?
Көкке ұшып кеткен менің кеудемнен,
Енді сенің қолың жетпес ол жырға.
Қу тірліктен табар дейсің сая кім?!
Қанатымды қанға малып жаямын.
Аққуларды көп ұшырған айдынмын,
Тек бір сенің жүрегіңді аядым.
Тағы кетіп барам, міне, жорыққа,
Ер жорытпас олжасынан торықса.
Көзіңмен сүй, сөзімнен сүй жырымды ал,
Жалғаншыда бармын əлі, қорықпа?!
ҮМІТ – ХАҚТЫҢ ШЫРАҒЫ
Құмырсқаның белі үзілсе де,
Үміті үзілмейді.
Автор
Үміт – Хақтың шырағы
Сəулелі шақ, нұрлы күн.
Үміт – көктің бұлағы,
Біліп жатыр кім құнын.
Үміт – соңғы өмірің
Ең алғашқы талпыныс.
Не тілемес көңілің
Жасампаз ел, жарқын іс.
Зиялының үміті
Қайырлыға тап келсін.
Мыңға ырыс бір ісі
Үміттіге бақ берсін.
Имандының үміті
Адамзаттың қазығы.
Жүрегінің тынысы
Ақыл-ойдың азығы.
Ең соңынан өледі
Ең бірінші туылып.
Ең соңынан сөнеді
Тұғырыңа ту іліп.
Жанарыңды соңғы рет
Сол ашады жарыққа.
Хабарыңды соңғы рет
Сол береді табытқа.
Үміт, үміт, үміт пен
Күн кешеміз мəндірек.
Үміті өлген жігіттен
Құмырсқа да əлдірек.

508
509
* * *
Жер бетінде соңғы қазақ өлгенше
Қазақстан сүйенеді біздерге!
Қош, аман бол, көргенше,
Көмек күттік Сізден де.
Қайыры мол, қанағатшыл алашым!
Сен есіңнен тастама.
Жан-жүрекке жарасады жарасым,
Армысыңыз Астана!
Төзім – төрде, еңбек елге бұйырса
Иман гүлдеп, қауыз жарсын бас қала!
Жарыққа ұмтыл жаныңменен жасқанба!
Мен өлеңмін – құрбанмын!
Лапылдап өт, жанартау боп бастал да.
Өз ұлтына ие болған ұлдардың ,
Тəңір алды жүзі жарқын махшарда.
Иесіз ел, киесіз жұрт жоқ болды,
Өлтіргесін санасын.
Жамырасаң – жан сазайың оқ болды,
Бір қыла гөр қазағымның баласын,
Бірлік кетіп басым қанша доп болды.!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет