Тірек сөздер Ауыл, ұйықтай алмау, сыйлықтар, айына, қосетек көйлек, ерулік, жалшы, күйме, жолға шығу, күтпеген көрініс.
Сөз қоржын Хром етік-жұмсақ, жұқа былғарыдан жасалған етік.
Бөртпе шәлі-әйел адамдарға арналған, жібек жіппен тоқылған орамал.
Ерулік-жаңадан көшіп келген көршіні , қонаққа шақыру, сый-құрмет көрсету, үй көрсету, есік көрсету салты.
Күйме-жеңіл арба
Махалла-шығыс елдеріндегі қаланың бір бөлігі
Жамбыл-бекініс
Шерік- қарулы әскер, сарбаз, жауынгер
1-тапсырма. «Ойталқы»
Тарихи роман деген не?
Роман оқиғасы қай жерде бол ған?
2-тапсырма. 1-ші бөлім бойынша сұрақ-жауап.
Бибінің киім киісі қазақ тарихындағы қай кезеңнен хабар береді?
Автор айнаны ненің символы ретінде ұсынған?
Қытайлардың қазақтарға күш көрсетуін қалай түсінуге болады?
3. Сабақты бекіту: Қабдеш Жұмаділовтің портретін ұлттық мүддені көздеген қаламгер ретінде түйін де.?
Жазушының тарихи шығармаларын Қазақстанның тарихының бір бөлшегі ретінде қабылдай аламыз ба?
4. Рефлекция: 1. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Сабақта өзіңе не ұнады?
5.Үй тапсырмасы: Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Бірінші бөлімін оқып танысу мазмұндау.