Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет7/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

ІI ТАРАУ 
 
 
 
БІЗДЕ ҚАНДАЙ 
ПРОБЛЕМА БАР? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


20
БІЗДІҢ ПРОБЛЕМАЛАР 
 
Біз өзіміздің энергиямызды басқаларға жұмсаймыз. 
Кімнің не кигеніне, қандай автокөлік мінгеніне
барлығына назар аударамыз, салыстырамыз. Оған қоса, 
әрбіреуіміздің бір болса да, «проблемный» досымыз бар, 
Оның мәселелерін шешіп, әңгімесін тыңдап, өз уақыты 
мызды аламыз. 
 
Біз мүлде әсер етпейтін нәрселерге уақытымызды 
жұмсауға құмармыз: жаңа заң шықса, қолданысқа жара- 
майды ғой деп сын айтамыз, әліпби өзгерсе, басымызды 
ауыртып әліпби ойлап табамыз. Сен әсер ете алмайтын 
нәрсеге бекер күш жұмсап, әуре болудың қажеті жоқ, 
өйткені нәтижесін бәрібір өзгерте алмайсың. 
Бірде белгілі блогер Ержан Рашевтің
6
Instagram-да ма- 
хаббат туралы жазған, бірақ «мен қазақ-атеистпін...» деп 
басталатын постына «like» бастым. Сол кезде бір жігіт 
маған directке: «Қуаныш аға, мен атеистпін деген адамға 
қалай «like» басасыз?», – деп сұрады. Сонда адамдар 
«біреу атеист екен», «неге оған «like» басады» деп қан- 
ша күш жұмсайды. Біз өз күшімізді болмайтын, өзіміз 
әсер ете алмайтын нәрсеге зая кетіретінімізді тағы бір 
мәрте еске салғым келеді. Бір қисса есіме түсті: Баяғыда 
бір адам «әлемді өзгертемін» деген екен. Әлемді өзгерте 
алмағаннан кейін «елімді өзгертемін» деген екен. Елін 
өзгерте алмағаннан кейін, «өзімнің қаламды өзгертемін» 
деген екен, қаласын өзгерте алмаған соң, «отбасымды өз- 
гертем» деген, ол да болмаған соң, «ең болмаса, өзімді 
өзгертейін» деп айтқан екен. Өмірі өтіп, өзін өзгерткен- 
6
Ержан Рашев – блогер. 


нен кейін, отбасының да өзгергенін байқаған. Сол кезде: 
«Мен қателесіппін. Әлемді өзгертпес бұрын, өзімді өз- 
гертуім керек еді. Өзімді өзгерткенде, қасымдағылар да 
өзгеретін еді» деген екен. Сондықтан да энергиямызды
күш-қуатымызды өзіміз әсер ете алмайтын нәрсеге жұм- 
самау өте оңай және маңызды лайфхак деп білемін. 
Неге бізге қатысы жоқ мәселеге бұлқан-талқан болып, 
күйіп-пісіп, энергиямызды кетіріп, уақытымызды жоғал- 
тамыз? Басқаға уақыт тапсақ, неліктен өзімізге уақыт 
таппасқа? 
Менен көптеген азаматтар: «Қуаныш мырза, қалайша 
осыншама кітап оқисыз?», – деп сұрайды. Жауабым оп- 
оңай: біреуді өсектемесең, жаңа әліпби ойлап таппасаң, 
бостан бос уақытыңды алатын таныстардан құтылсаң, 
онда кітап оқуға да уақытың жетеді. 
Алдыңғы жылы алпыс екі кітап оқып шықтым, осы 
жылы жетпіске жеткіздім. Кітап оқу – өзіңді дамыту- 
дың негізгі құрамдас бөлігі, осыны ұмытпа. Уақытты 
зая кетірмей, кітаптан білім нәрімен сусындап, шөліңді 
қандыр. Ескертетінім, кітаптың соңында, маған пайдасы 
тиген кітаптар мен фильмдердің тізімін беремін, кәдеге 
жарар деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет